жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдістер»
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы
«Төлеубай Аманов атындағы орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Айтбөбе Жанимханқызы
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
арттыруда қолданылатын тиімді әдістер»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Сонымен,
функционалдық сауаттылық дегеніміз
не?
Функционалдық
сауаттылығы дегеніміз-адамдардың
әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсене араласуы, яғни
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман
ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы,
адамның мамандығына , жасына қарамай
үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы
басты мақсат жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның
әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады. Қоғамның дамуына байланысты
сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан
өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда
оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен
гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге
қажетті білім мен біліктердің жиынтығын
игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа
жету, қалыптастыру,меңгерту.
Қазіргі
әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған
түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен
қоғамның адамға қоятын талаптарының
өзгеруі нәтижесінде функционалдық
сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Қазіргі
әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық
стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің
орталық тұлғасы білім алушы субъект,
ал ол субьектінің алған білімінің түпкі
нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі
білім беру жүйесінде «функционалдық
сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты
негізге алынып отыр.
Жай сауаттылық- адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді.
Функционалдық
сауаттылықты түсінудің басқа да жолдары
бар: адамның жақсылық пен тілектестік
рухында тәрбиеленуі үшін қарым-қатынас
мәдениетін, жеке кәсіби дайындығын,
кәсіби технологиялық дайындығын
қамтамасыз етеді.
СТО -
сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі
толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей,
топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін
көтеруге ретімен сұрыптап қолданылған
стратегиялардың қайсысы болсын сабақтың
сапасын арттыруда үлесі зор.
Оқушылардың танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді. Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып,қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-16 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп айтап көрсетілген. Аталған құжатта мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың 4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген