Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын математика пәнінде дамыту жолдары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын математика пәнінде дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын математика пәнінде дамыту жолдары.



Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары

Елекенова Бақыт Махмутханқызы



Аңдатпа бастауыш сыныпта қарапайым математикалық түсініктердің алғашқы қадамын үйренеді және оны күнделікті өмірде қолдана бастайды. Баяндамада математикалық сауаттылықтың мақсаты бастауыш сынып оқушыларын бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлғаны қалай тәрбиелейтініміз айтылған.

Кілт сөзі тұлға,математикалық сауаттылық,ресурс,тұлға ,қалыптасу.



Бастауыш сынып оқушыларының функциональдық сауаттылығын арттыру қазіргі білім беру жүйесінің басты қағидасы десе де болады .Бастауыш білім беру оқушының қалыптасуының білімінің басты бөлшегі өмір жолының шамшырағы .Бұл бастауыштан бастап,оқушыларды осы өмірге бейімдеу ,яғни алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуға жетелеу .Ал,қабылданған ұлттық жоспардың мақсаты Қазақстан Республикасындағы оқушылардың бастауыш сыныптан бастап,функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.Бұл бастауыш сынып мұғалімдері алдында тұрған өзекті мәселе. Қазіргі заман ағымы тез үйреніп,тез өзгеріп отыратын құбылыстардан тұрады .Жахандану кезеңінде оқушылардың бейімделуін кіші сыныптардан бастамаса,кешігіп қалуымыз мүмкін.Алдымен оқушының шешім қабылдай білу қабілетін дамыту.Оқушының заман ағымына сай болуы оның функциональдық қасиеттері болып табылады.Функциональдық біліктер бастауыш сыныптан бастап,алдымен отбасында қалыптасады.Күнделікті сабақта алған білімін үйге барғасын күнделікті өмірде ,болмаса болашақта тиімді пайдалана білуі шарт .Бұл үшін біз не істей аламыз .Сабақ кезеңдерінде арактикалық тапсырмаларды көптеп беру арқылы ,оқушы білімін тәжірибемен ұштастыра отырып,функциональдық сауаттылығын дамытамыз .Енді оқушылардың күнделікті өмірде қажетті математикалық сауаттылығына тоқталатын болсақ,

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған  ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып  үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.Сонымен қатар бастауыш сыныпта қарапайым математикалық түсініктердің алғашқы қадамын үйренеді және оны күнделікті өмірде қолдана бастайды.

Математикалық сауаттылықтың мақсаты бастауыш сынып оқушыларын бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.

Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш сыныптарда жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға деген талпыныс, ізденушілік, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қалады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дамиды. Осы жасқа сай келетін мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралап, талдау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту оңай мәселе емес. Қазіргі сәтте дәстүрлі емес сабақтар жаңартылған білім мазмұны бойынша әр-түрлі әдіс тәсілдерді қолдану тиімды болып табылады.

Іскерлік, шығармашылық бірлесіп жасау, сабақ барысында жеке, жұптық, топтық түрде араласып жұмыс жүргізу жаңартылған білім мазмұнының бір бөлегі болып есептеледі. Олай болса кез-келген оқу пәні оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы бола алады.

Мысал ретінде математика сабақтарында оқушылармен деңгейлеп  оқыту, топтық, жұптық жұмыстар жүргізіледі.

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың мақсаты – оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын екі негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:

  1. Оқушының әлеуетіне сәйкес, яғни баланың өзінің білімдік деңгейіне сай келетін және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін, білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.

  2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.

  1. Ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;

  2. қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;

  3. ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;

  4. математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

  5. дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

  6. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

  7. жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;

  8. өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;

  9. өз іс әрекетін бағалауды;

  10. оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет

Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн. - сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру. Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, «Математика» (1-сынып) пәні бойынша «Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімшесіндегі ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл: - сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға; - сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; - оқуды бағалауды жеңілдетуге; - оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.Қорыта айтқанда оқушы сабақ соңында алған білімі келесі жолы тұрмыстық жағдайда қолдана алатындай болу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс — қимыл жоспары.

2. Бастауыш мектеп журналы

3. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

4. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі