400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі мақсаты, білім мазмұнының жаңартылуы мен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдістері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арман мен күшік

           Арман күш-жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын. Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып-соғып, қыздарды айыр садақпен ататын. Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып, кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін. Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты. 

            Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні шығаруға тырысты, ешнәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді. Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір бұрышында жарма сұрыптап, көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра берді. 

Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан жалғыз қалды. 



Мейірімділік

Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен. 

Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді. 


Сүлеймен патша туралы аңыз

Таңның атысын көзбен көріп, биік таудан түсіп келе жатқан Сүлеймен патшаны етекте күтіп тұрған халқы ортаға алып, неше түрлі сұрақ қояды.

-Уа патша, сен біз үшін жақсылықтың бұлағысың. Сенің сөздерің жүрекке жылу тартады. Сенің даналығың ақылымызға сәуле құяды. Сені тыңдай бергіміз келеді.

- Айтшы бізге, осы біз кімбіз?

Сүлеймен патша күлімсіреп, былай деген екен:

-Сендер – әлемнің жарығысыңдар. Сендер – жұлдызсыңдар. Әрбіріңнің бойыңда ғалам бар. Ақылды жүрекке салып, өз жүректеріңнен сұрап, махаббаттарыңнан жауап алыңдар.

- Өмірдің мәні неде?

- Өмір деген даңғыл жол, мақсат және марапат. Өмір деген махаббат биі.

Адамның жаратылу мақсаты – гүл ашу. Дүниеге келу-әлемге жасаған ұлы сый. Сендердің өмірлерің ғаламның тарихы. Сондықтан өмір әр сөзден артық.

Өмірді мереке деп қабылдаңдар. Өмірдің құны жоқ. Өмір деген бүгін. Ал, бүгіннің маңызы бүгінмен өмір сүруде.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.11.2025
53
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі