жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ТОПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ТОПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда
«өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Жалпы мұның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.
-
инклюзивті білім беру арқылы топтардағы бастауыш сынып оқушылары құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
-
инклюзивті топтардағы бастауыш сынып оқушыларына арнайы жағдай қалыптастыру;
-
арнайы қажеттілігі бар топтардағы бастауыш сынып оқушыларына жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық топтардағы бастауыш сынып оқушыларының оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті топтардағы бастауыш сынып оқушыларына білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда оқушылардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту оқушылардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жағдайлары да өзгереді. Сабақтың нәтижелерін талдау ең маңызды кезеңі болып табылады, себебі мұғалімге оқушының, жалпы сыныптың жылжытылуын толықтай қадағалауға және оқушының немесе өзінің қызметін дұрыс қалыпқа өзгертулерді енгізуге мүмкіндік береді. Талдаудың нәтижесінде әрбір оқушы өзінің алдағы оқытудағы жауаптылығын сезінеді. Талдау үстінде мұғалім келесі ақпараттарды алады:
-
Орындау кезінде қиыншылық туғызған тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды өзгертудің және жетілдірудің қажеттілігі;
-
Жеке оқушыға немесе бөлек топқа тақырыпты зерделеуге көмектесудің мақсатқа сәйкестігі;
-
Болашақта оқыту процесінің нәтижелілігін жоғарлату үшін оның мазмұнын өзгертудің қажеттілігін және оқыту процесінің күшті және әлсіз жақтарын;
Талдау кезінде ең бастысы оқушының қандай кезеңде болып жатқаны туралы мәліметтердің түсуі, оның оқыту мақсатына жетудің қиыншылықтары мен жетістіктеріне назар аударылады.
Мұғалім оқу мәліметтері қаншалықты түсінікті екендігін білу үшін жұдырықты пайдалануды сұрайды. Жұдырық мынадай мағынаны білдіреді:
«Мен ештеңе де түсінген жоқпын», ал бес саусақтың көрсетілуі : «Маған барлығы түсінікті» деген мағынада. Яғни оқушылар аңғару деңгейіне байланысты 1,2,3 немесе 4 саусақ көтере алады. Бұл мәліметтерге сүйене мұғалім келесі сабақты оқушыларға түсінікті болатындай етіп түзетеді. Жауаптардың шындығын дәлелдеу үшін мұғалім оқушыны тақтаға шақырады, айтылған мәліметтерді жұдырық көтерген оқушыларға, 1-4 дейінгі саусақтарды көрсеткен және басқа да оқушыларға түсіндіруді сұрайды.
Бұл техниканы мұғалім бүгінгі сабақта оқушы материалды қаншалықты түсінгенін және оқушы оны бағалау үшін қолданады. Көліктің алдыңғы әйнек аналогиясын қолдана отырып, оқушылар келесі нұсқалардан олардың не білетінін нақты анықтайды: Таза- Мен түсіндім! Мен бұл мәліметтерді толықтай түсінемін. Бұлдыр - Мен бұл мәліметтің көбісін түсіндім, бірақ түсінбеген заттар да бар. Лас - Мен түсінбедім! Бұл техника оқу процесін жалғастырудан бұрын маңызды немесе шамалы мәселенің бар екендігін көрсетеді, яғни оқу процесіне елеулі немесе шамалы өзгертулерді енгізуді талап етеді.
Мұғалім оқушыларға жасалып жатқан жұмыстың материалдарына өзінің ойын білдіртуге және белсенді талқылауға мүмкіншілік береді.
-
Қақ ортасынан бетті екі бөлікке бөлу. Сол жақтағы бөлімде оқу процесінде болатын оқу материалдарынан кескіндер немесе қысқа сөйлемдер беріледі. Ал оң жақтағы бөлімде оқушылар сол жақтағы бағанда берілген сөйлемдерге өзінің пікірін жазады.
-
Оқушыларға оң жақтағы бағанда не жазу керек екендігін түсіндіру, мысалы, «сол бағандағы жазылған сөйлемдерге өздерінің ой-пікірлеріңді, бұл
сөйлемдерге қатысты өмірде болған жағдайларыңды жазыңдар немесе болжамдарыңды жазыңдар.» Бұл техника оқушыларға оқу материалын түсінуден басқа, оны есте сақтауға да көмектеседі.
Оқытушы бөлменің бір бұрышын төбеден еденге дейін қара түсті қағазбен жабады. Бұл қабырға граффити үшін арналған деп айтады. Бұл қабырғада түрлі түсті бормен 25 граффити тек өзінің дәптерінде тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар ғана сурет сала алады. Бұл техниканың тиімді әсерінің бірі болып оқушылар өздерінің нәтижелерін визуализациялауға және жазу дағдысын нығайтуға көмектеседі. Қарсы қабырғада керісінше ақ түсті қағазбен төбеден еденге дейін жабады, бұл қабырғада оқушылар өзінің оқу материалынан шыққан қиыншылықтарын , деректерін немесе өз пікірлерін қалдыра алады. Осылайша, алынған ақпаратқа сүйене отырып оқытуды жоспарлауға болады.
Бұл техника екі немесе одан да көп оқушылардан немесе бүкіл сыныптың қатысуымен таныстырылым түрінде қолданылады. Мұғалім екі оқушыны қосып бір-біріне оқу материалдарымен бөлісуді сұрайды. Оқушылар оқу материалын тек түсінуді ғана емес, оны басқа оқушымен өзара аламасуды қажет етеді. Техниканың үлгісіне қарамастан, бұл техника алынған білімді нығайтудан және бағалаудан нәтижелі амалдың бірі болып саналады, одан басқа оқушылардың айту және тыңдау дағдысын күшейтеді.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы шеңбер тәрізді пішінге ұқсас тұрады, бұл шеңбер ішкі және сыртқы болып құрастырылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, бұл сұрақты ойлауға уақыт беріледі, жауап қарама-қарсы тұрған оқушыға қайтады. Келесі қадам, ол іштегі шеңберде тұрған оқушылар солға қарай қозғалады, ал мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Осылайша, барлық сұраққа жауап қайтпағанша оқушылар қозғалысты тоқтатпайды.
Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі. Бағалау үдерісінде өз әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады. Жұмысты бағалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
-
жұмысты орындау;
-
бағалау критерийлерін жасау;
-
белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы;
-
сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және тексеруі;
-
мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру;
-
бағадағы келіспеушіліктерді анықтау.Өзін-өзі бағалау тиімді болуы үшін оқушының мұғаліммен бағалануы қажет, жұмыс бөлігін өзі таңдай алуы керек. Ол бағалау критерийлерін өзі анықтай алады. Мұндай тәсіл бағалау әрекетінде оқушының жауапкершілігін қалыптастырады. Ең алдымен, басқа оқушылардан ерекше, оқушының жеке бас жетістіктері бағаланылады. Оқушы бақылауға алынған тапсырманың күрделілігін, үй жұмысының көлемі
-
мен күрделілігін өзі таңдай алу құқығына ие. Мұндай тәсіл кезінде талаптану деңгейі мен жетістікке жету деңгейінің ара қатынасы мұғалім жұмысының арнайы пәніне айналады. Жаттығуларды сәтті орындағаннан кейін оқушылар күрделі емес, қарапайым тапсырмаларды орындауға кіріседі.
-
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бaр оқушыларды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу мaңызды рөл aтқaрaды. Атaлғaн шарттарды іcке асыру білім алушының өзін еркін cезінуіне, танымдық белсенділігі, oқу мoтивaцияcы деңгейінің aртyынa, эмоционалдық біркелкілігіне ықпал етеді және өз мүмкіндіктеріне cенімі aртaды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген