15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып оқушыларының көптілді қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың ұтымды жолдары
Калиаскарова Индира Мияссаровна,
педагог- психолог
Әулиекөл бастауыш мектебі
Бастауыш сынып оқушыларының көптілді қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың ұтымды жолдары
Қазіргі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі – көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көп тілді меңгеру – бұл өте күрделі психологиялық үрдіс. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Наср Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде жетпіске жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық.
Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.
Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ, көптілділік – нақтылы қатысымдық жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бірғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән берді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр. Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Тілдердің үштұғырлылығы» және «Мәңгілік ел» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылып жатқаны. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет. Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру – заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі» – деген болатын[1].
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылықты дамыта отырып, көптілді жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Атап айтқанад, қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына көптілді қатысымдық құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас сұхбатына түсе алуына мүмкіндік беретін көптілді қатысымдық құзыреттілік негізінен бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісінде қалыптасады.
Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар көптілде сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.
Құзыреттілік дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының көптілді қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
«Қатысымдық құзыреттілік» (латынның «соmpetere» – қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – оқушылардың күнделікті қатысымдық міндеттерді тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тілдік құралдарын пайдалана алуы[2].
Егер оқушы кем дегенде үш тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, көптілді қатысымдық құзыреттілікті меңгергені.
Оқушылардың көптілді қатысымдық құзыреттілігін дамытудың ұтымды жолдарының бірі – сұхбатпен жұмыс. Сұхбатпен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдарстыруға болады:
Нақтылы жағдаятпен сұхбат құрастыру.
Сюжеттік суреттер арқылы сұхбат құрастыру.
Видоматериал бойынша сұхбат құрастыру.
Бұл жұмыс түрлері көптілді қатысымдық құзыреттіліктің алғашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақтарда мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.
Қатысымдық құзыреттілікті дамытуда сұхбаттық тіл – оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.
Сұхбат – екі жақты құбылыс. Сабақтың мақсатына қарай сұхбаттың өзіндік әртүрлі ерекшеліктері болады:
күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;
сөйлемдердің ықшамдалуы;
сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы[3].
Сұхбатпен жұмыс нәтижесінде оқушылар төмендегідей қатысымдық құзыреттілікке ие болуы тиіс:
сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
экология, тарих, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар, өзінің ауылы туралы сөйлесе алу;
айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру;
Сұхбат репликалардан құралады, оның бәрі – сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Сұхбатта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер – бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.). Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін сұхбаттік әдісті қолданамыз. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамыз. Әңгімелесе білу көптілді қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыруда соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.
Сұхбатпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған сұхбаттар оқушылардың жаңа сұхбаттар құруының негізі бола алады.
Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының еркін түрде көптілді қатысымдық құзыреттілігін дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.
Рөлдік ойындарға мұғалім мен оқушы, оқушы мен дәрігер, оқушы мен психолог арасындағы және тағы басқа жағдаяттарды алып ойнату жатады. Рөлдік ойын кезіндегі оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше. Рөлдік ойын ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы рөлдік ойын ортасына енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың көптілді қатысымдық құзыреттілігі қалыптасады.
Қорыта айтқанда, мектепте оқушылардың бойында сапалы білім, біліктілік пен көптілді қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, көптілді қатысымдық құзыреттілігін дұрыс қолдана алуына жағдай жасау – біздің ұстаздық міндетіміз.
Ойымызды тұжырымдайтын болсақ, көптілді білім берудің мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, бәсекеге қабілетті, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырып, дамыту.
Көптілді білім – қазіргі заман қажеттілігі, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік деп санаймын.
Демек, бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, болашақта бәсекеге қабілетті азамат болатындай тәрбиелеп шығару үшін олардың көптілді қатысымдық құзіреттіліктерін арттырудың маңызы зор.
Әдебиеттер:
1. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы., Астана, 2016.
2. Ф.Ш. Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі., Алматы, 2005.
3. Әлметова Ә. Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту., Алматы, 2007
Резюме
Эффективные пути формирования полиязычной коммуникативной компетенции учащихся начальных классов
В данной статье рассматриваются эффективные пути формирования полиязычной коммуникативной компетенции обучающихся начальных классов на основе ролевых игр и ситуативных диалогов и особенности организации их на уроках.
Summary
Effective Ways of formation of multilingual communicative competence of primary school pupils
In this article, effective ways of forming the multilingual communicative competence of the students of the initial classes on the basis of role games and situational dialogues and the features of their organization in the lessons are considered.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген