Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделуі
Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан
байқауға болады:
■ Біріншіден - баланың оқу үдерісіне
қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік
танытпайды және қорықпайды.
*
Екіншіден - баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған осы қиын
кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын сынамау керек. Егер
мектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу
кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп,
баяулығын, білмейтіндігін сынамау, сондай-ақ басқа балалармен
салыстырмау қажет. Әр бала ерекше, әрі әр
түрлі.
■ Табысты
бейімделудің келесі нышаны -баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен
орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек
сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен
«көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже беруі мүмкін. Оқушы
ата-анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға
үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін
белгілеп алуыңыз қажет.
*
Баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды
нышандарының бірі оның сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық
қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде
бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар
ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді
және өзіне көмектесуге қарсы
болмайды.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке
бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны
әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын
сипаттаған. Орыс педагогы Зимняя И.А.өзінің «Педагогическая
психология» деген еңбегінде баланың мектепке физиологиялық
бейімделу үдерісін қарастырады:
а)
Физиологиялық бейімделу.
Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші
ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық жүйесі қарқынды
түрде жауап қайтарады. Бұл «физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ
уақытқа - 2-3 аптаға созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу
туралы айтуға да болмайды, себебі мұнда барлық күш-жігер жұмсалады.
Сондықтан ата-аналар осы кезеңде әрбір бала жоғары физиологиялық
күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.Оқушы қандай жұмысты орындасын,
мейлі ол ақыл-ой жұмысы болсын, мейлі амал жоқтан отырып істейтін
қосалқы жүктеме болсын, немесе үлкен әрі таныс емес ұжымда
қарым-қатынас жасауға психологиялық жүктемеге ағза, яғни оның әрбір
жүйесі өзінің күшіне, жұмысына жауап қайтаруы қажет. Бала ағзасының
мүмкіндіктері шексіз, ұзақ күш жұмсау, соған байланысты шаршау
немесе болдыру баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екендігін
барлығымыз да білеміз.
Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты
қиындық әсер етеді:
Біріншісі, мектептің
жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға
болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар
балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды,
сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне
алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының
алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға
бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы
жағдайларды дұрыс ескергендері
маңызды.
Екіншісі, баланың
мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына
байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана
мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік,
қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап
етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей
жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде
кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем
басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс
меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін
жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап
қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке
келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және
құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше,
бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен
санасады.
Үшінші түріне бірінші
сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді.
Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса,
кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған
бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол
төмендейді және бәрібірлікке
ауысады.