БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ


Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ.

Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет . Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.

Менің мамандығым бастауыш мұғалімі болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.

Осыған орай менің мақсатым:

  • Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі.

  • Мектепке бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар әсері.

  • Бастауыш сынып оқушыларының даярлығын аспектілерін айқындау.

  • Ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті беймделудің шарттарын қарастыру.

Міндетім:

  • Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығын көтеру жолдарын қарастыру.

  • Баланың мектепке әзірлік өлшемдерін талдау,

  • Баланың мектепке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру жолдарын;

  • Бастауыш сынып ұстазының бойындағы ізгілікті қасиеттердің оқушы бейімделуіндегі маңыздылығын;

  • Баланың мектепке бейімделу нышандарын анықтау.


Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.

Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.

Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:

      ■ Біріншіден - баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.

      * Екіншіден - баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған осы қиын кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын сынамау керек. Егер мектеп қарапайым және бағдарламасы дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін сынамау, сондай-ақ басқа балалармен салыстырмау қажет. Әр бала ерекше, әрі әр түрлі.

      ■ Табысты бейімделудің келесі нышаны -баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже беруі мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін белгілеп алуыңыз қажет.

      Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз - қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан - шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі - жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі