400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын арқылы дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін арттыру үшін ойынның маңызы зор.Сондықтан оқу барысында ойынның кез келген элементтерін пайдалану керек. Ойын арқылы эмоциялары өзгереді, белсенділігі, сөйлеу, ойлау, қиял елестері дамиды.Балалардың шығармашылық қабілеттері артады.Ұжым арасында достық қарым-қатынасы, бір-біріне деген сенімділігі артады. Енді оқушылардың ой-өрісін дамытуда азғантай болса да ойын элементтерін қолданайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын арқылы дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін арттыру үшін ойынның маңызы зор.Сондықтан оқу барысында ойынның кез келген элементтерін пайдалану керек. Ойын арқылы эмоциялары өзгереді, белсенділігі, сөйлеу, ойлау, қиял елестері дамиды.Балалардың шығармашылық қабілеттері артады.Ұжым арасында достық қарым-қатынасы, бір-біріне деген сенімділігі артады. Енді оқушылардың ой-өрісін дамытуда азғантай болса да ойын элементтерін қолданайық.

1-жаттығу:

«Амандасу»

Шарты: Балалар шеңбермен тұрады.Олар кезекпен бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп амандасады.

2-жаттығу:

«Бет перделер»

Сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз.Ол үшін мен сендерге 3 бет перде дайындадым. Онда 3 келбет бейнеленген; көңілді,мұңлы, және ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-күйіңізді таңдаңыз және не үшін екенін түсіндіріңіз.

3-жаттығу:

«Торт құбылыс» Балалар шеңбермен тұрады.Жүргізуші: «Су», десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді. «От» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.Кім шатасса ойынна шығады.Ойыннан шыққан оқушы өз-өзінің қатесін түзеу үшін би билеп береді, ән айтып береді, ертегі айтып береді, тақпақ айтып өз қатесін өтейді.

4-жаттығу

«Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты сүреттер көрсетіледі.Сол сүреттер ішінен керек сүретті көрсетіп әңгімелеп береді.Кесте құрал-жабдықтармен жұмыс.

1.Бір жылда неше ай бар?

2.Айлардың аттарына ата?

3.Әр мезгілде неше ай бар?

4.Бір айда неше апта бар?

5.Қазір қандай жыл мезгілі?

6.Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?

5-жаттығу

«Өз орыныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті.Ойын бір неше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

6-жаттығу

«Гүл» ойыны.

Балалар әр жерде отырады.Жүргізуші:балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз.Күн шықты, гүлдер жайнап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды).Бір мезгілде аспанға бұлт төніп,жаңбыр жауа бастайды,гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады).Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

«Көңіл-күй».

Тақтаға түрлі көңіл-күйдегі бейнелер беріледі.Сабақтан алған әсерлерін білдіру үшін суреттің біреуін таңдау керек. Соңынан сурет талданады.

Қорытынды

Оқушылар тренингтен алған әсерлері туралы пікірлері тыңдалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
887
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі