400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
2019 жылдың 18 қыркүектегі мектептің жиын залында «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткіздім. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында өткізілген семинардың рефлексивтік есебі


2019 жылдың 18 қыркүектегі мектептің жиын залында «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткіздім.

Семинардың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру жолдарын ұсыну.

Семинарға барлық ұжым мүшелері толық қатысты. Іс-шараны амандасу тренингімен бастадым.


Одан кейін тақырып бойынша таныстырылым жасадым. Мұнда мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ,- деп сөзімді бастап, баланың қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту жолдарын ұсындым.Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз, өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет екендігін айтып кеттім.

Мұғалімдерді тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныстыра отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізуге үндеу жасадым. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Өз сөзімді «Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады»,-аяқтадым.

Осыдан кейін мұғалімдерге «ББҮ» кестесінің екінші сұрағын ұсынып, «Не білгіңіз келеді?» деген сауалға жауап алдық. Мұғалімдердің көпшілігі тиімді әдіс-тәсілдердің ішінде қайсысын жиі қолданасыз, соларды көрсек деген ниет білдірді.

Әрі қарай ұстаздарды сергіту мақсатында «Табиғат мінезі» атты жаттығу орындаттым. Екінші тәжірибелік кезеңін әріптесім Калменова Алтын жүргізді.

Ол алдымен екі топқа мұғалімдерді жинақтап алып, мектебімізде кең тараған әдістермен жұмыс жасауды ұсынды. Олар: ойлаудың алты қалпағы және рөлдік ойын. Екі топқа бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері жайғасты.




Тапсырмаларын орындау үшін 5-6 минут уақыт берілді. 1-топ «Тапқырлар» бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бауырсақ» ертегісін сомдау берілсе, 2-топ «Ойшылдар» жоғары сынып мұғалімдеріне Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесін 6 қалпақ әдісімен талқылау тапсырылды. Топтар өз жұмыстарын ойдағыдай қорғап және көрсетіп берді. Бастауыш сынып мұғалімдері рөлдік ойынның тиімділігіне тоқталып кетсе, жоғары сынып мұғалімдері 6 қалпақ әдісінің белгілі бір тақырыпты қорытындылауға өте қолайлы тәсіл екенін атап кетті.



Калменова Алтын осы екі әдістің тиімділігіне қорытынды пікірін білдірді. Топ жұмысына қатысқан ұстаздарға алғыс айтылып, барлық мұғалімдердің көңілін көтеру мақсатында әсем ән жолдадым. Семинар соңында «ББҮ» кестесінің соңғы бөлімі бойынша кері байланыс жасалды. Мұғалімдер осы семинар барысында үйренген әдіс-тәсілдерінің тиімді екендігіне тоқталып, жас маман болса 6 қалпақ әдісінің ерекше ұнағандығын айтып ой бөлісті.






Семинардың қорытынды сөзін мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Г.Калманова алып, өткізілген іс-шараны «өте жоғары» деңгейде өтті деп бағалады. Тәжірибелі ұстаздар да осы семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Ұйымдастырылған семинар өз деңгейінде, жоспарға сәйкес әрі сәтті өтті деп есептеймін. Себебі мен алға қойған мақсатымның орындалғанын мұғалімдердің әдістермен жұмыс істеу барысында және де кері байланыс кезінде байқадым.









Бастауыш сынып мұғалімі Бердиева Салтанат Кушековна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.09.2019
1257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі