БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҮРДІСІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ
ЖАСАУ
Кіші
мектеп жасындағы оқушылардың ойлау үрдісі және жалпы психологиялық
даму ерекшеліктері Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович,
В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин,
М.И.Махмутов, К.Л.Тарасов,
В.М.Теплов т.б. көптеген психологтар еңбектерінде жан-жақты
талдаған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап психологиялық және
педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер кеңінен
талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы соңғы кезде
оқушылардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық
дамуындағы нормативтердің өзгеруі.
Оқыту
психологиясын зерттеушілер ойлау үрдісін тиімді ұйымдастыру
интеллектуалдық қабілеттің дамуына мүмкіншіліктер туғызатынын
дәлелдеген/3/.
Қазақстандық ғалымдар К.Б.Бозжанова, Б.Тұрғынбаева,
Н.Д.Хмель, Н.Хан, М.М.Муканов т.б. ғалымдар еңбектерінде
оқушылардың интеллектуалдық қабілетін жетілдіруге дамыта оқыту
үрдісінің қосатын үлесінің мөлшерін анықтап, дамыта оқытудың нақты
жолдарын ұсынды.
Дамыта оқыту – оқушылардың
танымдық әрекеттерін жетілдіріп, олардың шығармашылық қабілетін
оятудың ең тиімді жолы екені дәлелденді.
Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін
зерттеу психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі.
Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар
зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л.А.Венгер,
П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, А.Г.Зак, И.В.Забрамная,
Е.И.Рогов, Мотков т.б. жасаған әдістемелер кеңінен
пайдалануда.
Сонымен қатар бастауыш мектептің әртүрлі сыныптарында
оқитын оқушылардың танымдық әрекеттерін жетілдіру әдістемелері
және оқушылардың түйсіну,
қабылдау, есте сақтау, ойлау сөйлеу, қиял үрдістерін
бағалап, олардың дамуында ауытқулар болса оның себептері анықтау
және дамыту әдістемелері ұсынылған. Мысалы ойлау
логикалық емес сипат
алуы мүмкін/4/.
Ойлау дегеніміз танымдық
іс-әрекеттің бір түрі. Сондықтан да ол, Б.М.Тепловтың айтуы
бойынша, сыртқы негіздермен (міндеттермен және объективті
мәліметтермен) ғана анықталмайды, сонымен
бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар
формасындағы қажеттіліктермен де
анықталады. Оларды тиімді пайдалану
арқылы баланың жалпы танымдық қызығушылығын және интеллектуалдық
бедлсенділіген дамытуға болатыны дәлелденген. Сондықтан баланы
мектепке қабылдаған күннен бастап мектеп психологі мен сынып
оқытушысы оқушылардың оқуға даярлығын және
таным үрдістерінің даму деңгейін
бағалап оны дамытуға барлық мүмкіншіліктерді толық пайдалануы
керек.
Зерттеу
мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ойлау үрдістерін зерттеу
нәтижесінде оны дамытуға ықпал жасау жолдарын
анықтау.
Зерттеу
міндеттері:
-
білім беру жүйесіндегі
қызмет
атқаратын психолог қызметідегі
бастауыш сынып оқушыларының
ойлау үрдісін
зерттеу және ойлау қабілетін дамыту
мәселесі
бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді
талдау;
-
мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларының
ойлау әрекеттері мен танымдақ қызығушылығын зерттеу тестілері мен
арнайы әдістемелерін жинақтау;
-
бастауыш сынып
оқушылардың ойлау үрдістерін зерттеу және олардың нәтижесіне
байланысты түзету-дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру;
-
бастауыш сынып
оқушыларының ойлау үрдісінің ерекшеліктерін диагностикалау және оны
дамытуға ықпал жасайтын психокоррекциялық жұмыстар
жүргізу.
Оқыту
үрдісінің мазмұнының өзгеруі және оған негіз болатын барлық
факторлар талданды. Дегенмен бұл еңбектермен
ата-аналар өзбетімен танысып, баланың ақыл-ойының дамуын ғылыми
негізде басқаруға барлық уақытта мүмкіншіліктері болмайды.
Сондықтан психологиялық ағарту жұмысы барысында үйрету үрдісінің
ақыл-ой тәрбиесіндегі ерекшеліктерін психолог жете біліп, балардың
ақыл-ойының дамуына өз үлесін қосуы керек.
Қазіргі
кездегі оқыту және үйрету ерекшеліктері Гальперин, Тейяр де Шарден,
Халл анықтаған үйрету психологиясына негізделген.
Бала судың тасуы неліктен болатынын білмейді. Оған отбасында ата-аналары,
мектепте мұғалімдер түсіндіреді. Бұдан соң ол
осы материалды оқулық
бойынша қайталап алып, енді білетін
болады/2/.
Адамның
үйренуі әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы үрдіс. Мысалы,
сенсорлық және моторлық үйрену бір деңгейде қамтылады. Сенсорлық
үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және
тану үрдістері қалыптасады.
Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті
бағдарламаларда біріктіру, оларды жіктеу,
іріктеу және жүйелеу болады.
А.Н.Леонтьев теориясы
бойынша олардың синтезі — сенсомоторлық
үйрену —
қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен
қимыл
бағдарламаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және
сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында
білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет
заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау,
іріктеу, қорыту және тиянақтау
процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану
жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер
қалыптасады/1/.
Резюме
Данная статья
о
процессе развитие мышления учащихся младших
классов
Summary
The article deals with the process of development
of primary school pupils’ mentality.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы
психология. – Алматы.,1996ж
-
Жарықбаев Қ.Б. Психология. –
Алматы., 1993ж
-
Сейталиев Қ. Жалпы психология.
– Алматы., «Білім», 2007.
-
Немов Р.С Психология \ в з-х
томах. М.: 1995