Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру

«Оқуды тоқтатқан адам – ойлауды тоқтатады» - Дени Дидро.

Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының оқ у дағдыларын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету,алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

Міндеттері:

-Сауат ашу пәнінің мақсатын анықтау;

-Оқыту әдістерін талдау,жіктеу;

-Түрлі әдістер арқылы баланың оқу ынтасын ,сабаққа деген қызығушылығн арттыру;

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой-қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни, отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады.

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді.Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап,оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді,түсіндіреді,балалар оның орындалуын бақылайды.Осы процесс сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі,ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады,яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі.

Мектептегі оқу үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі.Саут ашу жұмысының мақсаты-балаға хат таныту,яғни оған оқумен жазуды үйрету.Сауат ашу –аса жауапты да күрделі жұмыс.Қазіргі таңда мұғалім оқушыға бәрін алдын-ала өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оқушының оқуын,ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы,оған басшылық жасауы қажет.Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселелердің бірі –білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуАл бұл істің қайнар көзі-білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім.Бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру.

Дағды дегеніміз –ол автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет,көп рет қайталау жолымен қалыптасады,оқыту процесінде,әсіресе жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру керек.Дағды жаттығу процесінде қалыптасады.Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз,оған арнайы жаттығу қажет.Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды.Мәселен ,адамның нашар жазуы көп қайталағанмен түзелмейді,себебі мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі бір ережелерді білмей ,яғни дағдыны қалыптастыру,жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай,қандай дағдыға болса да ие болу қиын.



Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:

1. Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).

2. Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).

Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынандай міндеттер туындайды:

  1. оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

  2. көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;

  3. шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуіне, сезімталдықпен қабылдауына қол жеткізу;

  4. мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарыының түрленуіне көңіл аударту;

  5. ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;

  6. өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

  7. оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынадай оқыту әдістері бар:

-Репродуктивтік;

-Эвристикалық

-Сөздік

-Бинаралық

-Әңгімелесу

-Көрнекілік

-Түсіндіру

-Ойын әдістерін қолдануға болады.

Репродуктивті әдіс арқылы оқушы дайын білімді есінде сақтап,ойын қатесіз айтып бергенімен,ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді,оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.

Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты, оқыту мен оқудың тәсілдерін қолдануды талап етеді.

Көрнекілік әдістер:Иллюстрация (плакат,кесте,картина, карта ,суреттер)





Демонстрация(кино- фильмдер,диафильмдер теледидар,диалог құру,ертегілерді рольдік ойындармен ойнау) көрсету арқылы;

Ойын әдісі ойдан –ойға жетелейді,алысқа меңзейтін, өз бетінше күрделі мәселені шешеді,ынтымақтастықпен жұмыс жасайды, қызығушылық арттырады.

Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы түрде түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс-тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет:

Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:

1.мәтінді толық оқу;

2.мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;

3. мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;

4.мәтін бойынша жоспар құру;

5.абзац бойынша оқу;

6. мәтінді жартылай дауыстап оқу;

7.мәтінді рольге бөліп оқу;

8. мәтінді оқып, мазмұндау;

9.мәтінді қысқартып оқу;

10.мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу

11.ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.







Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:

· мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;

· мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;

· мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;

· мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;

· мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;

· мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;

· мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;

Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:

· мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;

· мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;

· мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;

· мәтіннен мақал-мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;

· мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

· мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

Оқушыларды дыбыстарды ажыратуға, одан кейін дыбыстарды біріктіріп дауыстап оқуға үйрету керек. Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін – дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет. Дауыстап оқу – оның кідіріссіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады. Іштей оқу – көзбен оқудан тұрады. Оқу техникасын жеделдетуге Федоренко мен Пальченко мынандай жаттығуларды ұсынады:

1. Қайталай бірнеше рет оқу.

2. Жаңылтпаш қарқынмен оқу.

3. Оқып келе жатып оқымаған бөлімге ауысып мәнерлеп оқу.

4. Қиын сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс.

5. Суреті көп кітаптарды көрсету, балалар оқығысы келеді.

6. Кластан тыс оқуды ұйымдастыру.

7. Слайдтарды пайдалану.

8. Ойын ойнату – сөйлемде қойылмай қалған сөздерді табу.

9. Жұптасып оқу. (2 адам оқу).

10. Сабақта үйге берілген текстен үзінді оқу.

11. Мәтінді түгел оқу.

12. Мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу, жоспар құру.

13. Белгіленген жоспар бойынша оқу.

14. Мысалдардан мақал-мәтел, нақыл сөзге айналған жолды тауып оқу.

15. Мәтіннен лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді табу.

16. Мәтінді іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу.

17. Мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді оқу.

18. Мәтіннен 2,3,4 буынды сөздерді табу.

19. Мәтіннен сұраққа жауапты іздеу, үзіндіні табу.

20. Мәтінді оқу, әңгіме несімен ұнағанын, ұнамағанын айту.

21. Мәтінді оқу, оқығанын қимыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу.

22. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

23. Мәтіннен жылдам, жай, көтеріңкі дауыспен оқылатын сөйлемдерді табу.

24. Мәтінді оқу, шағын мазмұндама жазу.

25. Мәтінді оқу, шағын шығарма жазу.

26. Мәтінді оқу, жай, күрделі жоспар оқу.

27. Мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.

28. Мәтіннен өкінішті, аянышты, мысқылмен, қуаныш, ренжіп, т.б. эмоциалды кейіппен оқылатын сөйлем, үзіндіні тауып оқу.

29. Мәтіннен іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу.

30. Оқу арқылы көру диктантын жаздыру.

Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:

· мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;

· леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;

· өлеңді мәнерлеп оқу;

· өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;

· өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;

· өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

Сөзімді қорытындай келе, аталған жаттығулар оқушының оқу жылдамдығын арттырып, оқуға деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Оқу процесі кезінде зейін қоюды және берілген материалды есте сақтауды дамытады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Рахметова.Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы:Ана тілі.

1991ж-184б.

2.Ш.Сәтиева.Оқушылардың оқу техникасын дамыту. Ұлағат.-2004№4.

3.О.А.Анреев.Техника быстрого чтения.Ростов-на-Дону,2003.

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу

дағдыларын қалыптастыру

(Баяндама)

Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Г.Д.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!