жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында стратегияларды қолдану» мақала
Рефлексивті эссе
Қазіргі заманның дамуы мұғалiмдерден
шығармашылығын жаңаша, ғылыми зepттеу жұмыстарын жүргiзуді талап
етуде. Жас ұрпаққа замaн талабына сай білім беріп, жан — жақты
дамып білім алуына ықпал ететін мұғалімдер заман ағымына қарай
Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің «TLK- Қазақстан ұстаздарының
көшбасшылығы» жобасы бойынша білімдерін
жетілдіруде. Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы (ҚҰК)
бастамасы –Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту қабілеттерін
жетілдіру мақсатында іске қосылған.
2019-2020 оқу жылында осы жобаға қатысып, жыл бойы «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында стратегияларды қолдану» тақырыбы бойынша жұмыс жасадым. Негізінде бұл тақырыпты таңдағаныма 2-сынып оқушысы түрткі болды. Білім алушының өз ойын еркін жеткізе алмауы, оқу мен жазу дағдылары дұрыс қалыптаспауы.
Маған осы жобаға қатысу өте маңызды болды. Жобаға қатысу арқылы өз тәжірибемді жинақтадым. Қыркүйек айында өткізілген ең бірінші топтық кездесуден кейін мен өз жобамды қолға алдым. Негізінде әр өткізілген топтық кездесулерден жаңа мәліметер алу және әріптестермен тәжірибе алмасу мен үшін өте маңызды болды.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуды, өз сабақтарымда қалай қолданамын деген сұрақтар мені мазалады. Осы сұраққа жауап іздеуді,біріншіден жұмыс жоспарын құрудан,екіншіден әйгілі ғалымдардың әдеби шығармаларын оқудан бастадым. Біріншіден: мектептегі әріптестеріммен пікір алмаса отырып, менің жобам қаншалықты сыныбымның және мектептің дамуына қандай үлес қосатындығын анықтап 1 жылға жұмыс жоспарын құрдым.
Екіншіден:әйгілі ғалымдардың әдеби шығармаларын оқыдым. Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. (Выготский 1978, Вуд 1998). «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер 1995, Александер 2008), немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Флейвел 1976, Выготский 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік- сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлы көзқараспен тығыз байланысты.
Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның (1995) пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Ал Барнстың пікірінше сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Дәлелдеме идея мен мүмкіндіктерді ілгерілету және келісу деген анықтама береді. Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.
Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу (Мерсер,2000) керек екеніне көз жеткіздім. Аталмыш пікірмен астарлас бағытта нәтиже берген жұптық жұмыс түріне тоқталғым келеді.Қазақ тілі сабағында біз жұптық, топтық тапсырмаларды көп орындаймыз.«Менің отбасым» тақырыбы бойынша өткізген сабағымда, оқушыларға суреттерді таратып, суреттегі бейнені жұптық әңгіме жүргізуге ұсындым. Жұптық әңгіме кезінде оқушылар түрлі идеяларды ортаға салды. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден-бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді (Барнс, 1976 пен Мерсер, 2000).
Әрине,осы алға қойған мақсаттарымның орындалуына көп қиындықтар мен кедергілер кездесті.Құрған жоспарымды іске асыру үшін ол қиындықтарды да жеңіп шықтым. Атап айтсақ сыныпта компьютер, интербелсенді тақта тағы басқада құрылғылардың жоқтағы, уақыттың аздығы жұмыс жоспарымның орындалуына кедергі келтірді. Бірақ осы аталған қиындықтарды мектеп әкімшілігі мен әріптестерімнің көмегімен шештік.
Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. «Үйренуді үйрету» идеясы менің алдымда жүзеге аса бастады. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері ізденушілікпен меңгере бастады, түсініктерін талдауға мүмкіншілік алды. Мен оларға тек бағыт беріп отырушы болдым. Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Әр сабағымда диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отырдым. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі сауат ашу және математика сабақтарында жұмыс жасау өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады.Мәселен, қазақ тілі сабағында «Әңгіме оқимын. Сөйлем» тақырыбын үйрету ойыны «Вербальды қиял» әдістемесі арқылы оқушылар өз беттерінше меңгерді, жеке жұмыс практикум түрінде көрсету арқылы бекітті. Бұл сабақта оқушылар ашық журнал арқылы өздерін бағалады, яғни бұл өздерін әділ бағалауға болатынын көрсетеді. Бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ, бұрын өз ойларын толық айтып жеткізіп көрмеген оқушылар үшін қиыншылық туғызды.Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен-күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі.
Әр сабағымда қолданған әдіс-тәсілдерді таңдағанда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік берері бар ма?-деген сұраққа көңіл аудардым. Атап айтар болсам, әр сабағымның басында миға шабуыл әдісін қолданамын.Яғни, жаңа тақырыпты оқушылардың өздері анықтауына мүмкіндік жасаймын. Бұны шындығында бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жиі қолданған жоқпын. Жаңа тақырыпты үнемі өзім хабарлап отыратынмын. Жаңа тақырыпты бірден хабарлай салмай, оқушылардың ойланып, өздері табуына мүмкіндік беру – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына жол ашу деп түсіндім. Сонымен қатар өз сабақтарымда электрондық оқу АКТ-ны жиі қолданудамын. Bilimland, imektep,plickers, kahoot! т.б сайдтар арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығы артуда. Қалыптастырушы бағалауға plickers бағдарламасын қолдану өте тиімді.
Бүкіл әлемде болып жатқан жағдайға байланысты 4-тоқсанда қашықтықтан оқу форматына көштік. Қашықтықтан оқыту форматы менің жобам үшін көптеген қиындыққа әкеп соқты. Атап айтсам барлық білім алушылардың техникалық құралдарының болмауы. Әрине, жақсы жақтарыда болды. Ол матиматика сабағында Opig электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді болды. Матиматикадан білім алу үшін электронды оқулықты қолдану тиімді.Электронды оқулықты қолдана отырып білім алушыға сапалы білім беруге болады.Соның бірі дәлелі ретінде аз уақттағы ішінде жүргізген жұмысымды айтқым келеді:
-өтілген материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсіндіру:
-оқушының өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
-жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
-түсінбеген тақырыптарды қайталауға;
-оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып,өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Мен өз сабағымда электронды оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялы көріністер, оқушыларды машықтандыру, анықтама, сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар.Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары білім алушылардың білімін бақылауда және оқушының өз бетіншеиізденісінттуғызудаткөмегітзор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулытарды сабаққа пайдалану, оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды.
Ал енді оқушылардың жазу дағдыларына тоқталып өтейін.Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу дағдылары қатар жүреді. Каллиграфия бұзылу себебі неде?-деген сұраққа жауап іздеуден бастадым. Оқушылардың жақсы жазуды,әрине мұғалімге байланысты. Өкінішке орай,көптеген мұғалімдер, әсіресе жас мұғалімдер сауат ашу кезеңі біткен соң,барша күшті текст оқуға жұмсап оқушылардың каллиграфиялық машықтарын қалыптастыруға жете көңіл бөлмейтіндігіне көзім жетті. Сондықтан осы 2-сынып оқушыларымның оқуымен қоса жазуларын қолға алдым.Оқушының әдемі жазуы, оның қаламсапты дұрыс ұстап , партада әрі дұрыс отыра білуге байланысты. Әр сабақ сайын Қане балалар, оқушы қалай отыру керек, қаламсапты қалай ұстаймыз, деп ережені ескертсек, оқушы партада түзу отырып, дәптерін терезеге қарай сәл қисайтып, қаламсапты үш саусағын біріктіре ұстап жаза бастайды. Әр сабағымда осы ережені ескертуден бастап отырдым.
Жазу барысында үнемі мұғалім оқушының жазуына көңіл бөліп қаламсапты ұстауды үйрету керек.Жазу жұмысын оның ішінде көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмысын жүргізуіден бастағанды жөн көрдім.
1.Жазу кезінде оқушыларды дұрыс отыруға машықтандыру, көз бен қалам ұшы ара қашықтығы 25-30 см- ден кем болмауы,денені түзу ұстау,кеудені стол бетінен 3-5 см алшақ етіп отыру.
Дұрыс отыру ережелері орындалмаса, жас балалардың дене пішімі мен көзіне едәуір зақым келетінін мұғалім естен шығармауы керек.
2. Дәптерді дұрыс орналастыру. Дәптер кеуденің ортасына бағытталып, оң жақ үстіңгі бұрышы төмендеу етіліп, көлбеу қойылады, стол жиегінен көлбеу бұрышы 25 градус болу керек. Бұл ережені орындау барысында оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты – солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтанады.
3. Қаламды дұрыс ұстауға уйрету, саусақ қалам ұшынан 2-2,5 см қашықтықта болу керек.
Міне осы ережелерді күнделікті орындап, оқушыларымның жазу калиграфиясынан біршама өзгерістерді байқадым.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым. Осы 1-жыл жүргізген жұмыстарымның нәтижесінде «Қазақ тілі практикумы» атты авторлық бағдарлама жаздым.
Қорыта айтқанда, тиімді стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыра отырып белгілі бір жетістікке қол жеткізе аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
«TLK- Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» жобасына қатысып, өз іс-тәжірибеммен бөлісіп, көп мәліметтер жинақтадым.Көшбасшылық деген не? –деген сұрақтың төңірегінде терең ой жатқанына көз жеткіздім. Осы жобаға қатысу маған және менің іс-тәжірибеме оң әсерін тигізді.Топтық кездесу, жеке кездесу, мектепаралық кездесулер маған көп көмегін тигізді.
Болашақта осы мақсаттарды ойға ала отырып, әрбір әдісті тиімді пайдаланып, осы жолда аянбай еңбек етіп, оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет ету жолында оларға бағыт-бағдар беріп көшбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкенинықимақсатиқойдым,солимақсатқаижетуиүшін,ерінбейиеңбектетем
дегентүміттемін.
Нұр-Сұлтан қаласы, №79 мектеп-лицей
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материал,
2. Выготский М. Вуд Л. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» (1998).
3. Мерсер А. «Қалай оқу керектігін үйрену» (1995).
4. Литлтон В. «Диалог арқылы оқыту» (1995).
5. «Бастауыш сынып»
Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал, «Тәрбие
құралы»
6.Республикалық ғылыми- әдістемелік
журнал.
7.Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар -талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. 2011. №4

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген