БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ТЕХНИКАСЫН ДАМЫТУ
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Функционалды сауатты адамды қалыптастыру – қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой-қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Бастауыш сатыдағы «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу. Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі: оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру; ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық қабілетін дамыту; көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Мектептегі оқу үрдісі әліппеден басталатыны белгілі. Әліппе оқулығының мақсаты-балаға хат таныту, яғни оған оқумен жазуды үйрету. Сауат ашу –аса жауапты да күрделі жұмыс. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға бәрін алдын-ала өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы қажет. Бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру. Дағды дегеніміз – ол автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, көп рет қайталау жолымен қалыптасады, оқыту процесінде, әсіресе жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру керек. Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы көп қайталағанмен түзелмейді, себебі мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі бір ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да ие болу қиын. Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу – өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр.
Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:
-
Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).
-
Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынандай міндеттер туындайды:
-
оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;
-
көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;
-
мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
-
ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;
-
өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы түрде түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс-тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет:
Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:
-
мәтінді толық оқу;
-
мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
-
мәтін бойынша жоспар құру;
-
абзац бойынша оқу;
-
мәтінді жартылай дауыстап оқу;
-
мәтінді рольге бөліп оқу;
-
мәтінді оқып, мазмұндау;
-
мәтінді қысқартып оқу;
-
мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой-өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:
-
мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;
-
мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;
-
мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;
-
мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;
-
мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;
-
мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;
Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:
-
мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;
-
леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;
-
өлеңді мәнерлеп оқу;
-
өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;
-
өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;
-
өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу дағдыларының бір саласы – оқу техникасы. Оқу процесі кезінде зейін қоюды және берілген материалды есте сақтауды дамытады, жаттығулар оқушының оқу жылдамдығын арттырып, оқуға деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.
Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарай сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, оқушыны түсініп әрі мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландырған сайын оқытудың да мәні арта түсері анық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз