Бастауыш сынып оқушыларының
патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық
тұрғысы.
Елжандылық адам баласына туа
бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана
пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте
дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты,
жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті
кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы
ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және
қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта
қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі
қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын
үрдіс.
Бастауыш сынып оқушылары
айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну,
иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму
қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан түрлі іс - әрекеттер
арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың
ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама
жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей
керіп тұратын күрделі психикалық процес.
Психология ғылымында ғалымдар
сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің
құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы
қарастырамыз:
Адамгершілік (моральдық)
сезімді жеке адамның өздерімен қарым-
қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас
және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген
көзқарасы.
Интеллктуалдық (сенсорлық)
сезімді ақыл - ой процесінде пайда
болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр,
ирония және жаңалыққа ұмтылуы.
Эстетикалық
сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау
пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін
жатқызады.
Патриоттық
сезім – адамгершілік сезімінің бір
қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы
халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет
етуде. Осыған орай норма.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе
білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің
эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге
жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету
үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін
аялай білу керек.
Сонымен баланы елжандылық
рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл, әлеуметтік орта жөнінде
мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры
көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді
әрекет, әрине психолог – педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді.
Патриотизм сезімі мазмұны жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту
жеткіліксіз. Бұл туған жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін
мақтаныш, және өзінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін
сезіну мен өз елінің байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы.
Патриотизм тек күрделі ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті
халықтың еңбегімен рухани өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі
осыншама күрделі болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларын осы
сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз қозғауға болар ма екен? Жас
ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп, балаларды зор ықыласпен
бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады. Бастауыш сыныптың
оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген деуге болады және тек
қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы мәселе қызықтырады.
Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік пен жауыздық,
әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге болады: «Неге
жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір
сүрмейді?
Неге басқа елдерге біздің
еліміздегідей ынтымақтастық жоқ? Біздің елдің халқы бірліктен
болғандықтан, біз ешкімнен қорықпаймыз. Соғыс жүріп жатқан елдердің
жетім бүлдіршіндеріне кітап, ойыншықтарымызды жіберейік». Үлкен
өмірдегі бүткіл орын алып отырған оқиғаларға қызығушылық танытқан
өз оқушыларының осындай пікірлерінің тізімін әрбір ұстаз жалғастыра
алады. Балаларда үлкендердің ортасына үлкендердің ортасына деген
қызығушылықтары – сұрақтарында, адамдардың еңектегі ерлігі туралы,
соғыс батырлары туралы, түрлі елдер туралы мұғалімдердің
әңгімелерін құштарлықпен тыңдауында байқалады. Мұны оқушылардың
ойнаған ойын түрлерінен де көреміз. Бұл ойындарда елде болып жатқан
айшықты оқиғалар бейнеленеді. Мысалы олар Бауыржан Момыш – ұлы
аталарындай батыр және жаужүрек жауынгерлер болып ойнайды,
космонавт болып ойнағанды да тәуір көреді.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы
халықтық мүдде үшін еңбек етуге, табиғат байлығын қорғауға
толыққанды қатынасқылары келеді. Ұлы Отан соғысы жылдары балалар
соғысқа суреттерін, өздері жасаған заттарын жіберді, жаралы
жауынгерлердің алдында концерттер қойды.
А. И. Герцен: «бүкіл ақыл – ой
болмысының негіздері балаң жаста қаланады», - деген. Яғни,
патриоттық сезімді тәрбиелеу балалардың жас кезінен бастап, мектеп
табалдырығын аттаған жылдары қарқынды, тереңдетіліп қолға алынуы
тиіс.
Ел жандылық сезімінің бастапқы
кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге
жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың
жайқалған бау – бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас
әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері.
Бала туылғаннан ана тілін
есітеді. Анасының бесік жыры, айтқан ертегілері беймәлім өмірдің
есігін ашады, дүниені құлпыртып, айналаны нұрға бөлейді, болашаққа
үміт пен үлкен сенім арттырады. Ертегілер балаға ой салады, түрлі
сезімдерге жетелеп бірде жылатып, бірде күлдіреді ең негізгісі
халықтың бағасы жоқ байлығы достық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік,
өзара көмек екенін көрсетеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отыратын
адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін әр халықтың өз ертегілері
бар. Ертегіні тыңдай отырып бала өз халқы нені сүйсе соны сүйеді,
неден жиренсе содан жиренеді. Халқымыздың асылы – жұмбақтарды
балалар жеңіл де зор ынтамен қабылдайды. Онда әзіл де, наз да,
адамға деген, Отанға деген терең сүйіспеншілік те бар. Ертегілер,
мақал – мәтелдер елге деген, жерге деген, тілге деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеудің кәусар
бұлағы.
Балалық шақтағы әсерлер кейде
үлкен оқиғаларға байланысты өрбейді. Мысалы үлкен ағасын әскерге
шығарып салу кешін оқушының қалай қабылдағанына зер салсақ,
көптеген сезімдердің тоғысуын байқаймыз. Бала мұндай кештің алғаш
куәгері болғандықтан және де арқа сүйер бауыр басқан ағасын бірнеше
жыл көре алмайтындығынан оның басында сансыз сұрақтар туындайды,
оларға жауап іздеп мазасызданады. Да ағасын сұрақтың астына
алады.
-
Аға, сіз қайда кетіп
барасыз?
-
Әскерге.
-
Әскер, не үшін
қажет?
-
Ұланғайыр еліміздің,
халқымыздың, көрші қолаңның, бауырларымыздың, ата – аналарымыздың,
достарымыздың тыныштығын қорғау үшін
қажет.
Ағасын әскерге шығарып салу
кешіндегі әкесінің, анасының айтқан тілектерінің, берген ақ
баталарының, кереметтілігін айтсаңызшы!
Аспанды жамылғы, жерді төсек
етіп ұланғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіп – қонып жүріп
ұрпақ өсірген қазақ халқының осы ұлан – ғайыр даланың ақ білектің
күшімен ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай бүгінгі көнімізде жеткерген батыр бабамның ұрпағысың,
құрметті балам!
Сен бүгін әскерге шығарып
салып тұрғанда айтар сөзім: аман барып, сау қайт! «Малым – жанымның
садағасы, жан – жаным – арымның садағасы деп ұл – қыз өсірген елдің
ұрпағысың. Қашанда жүздерің жарық, мәртебелерің биік болсын!
Жаратушы ием ақ жол, сәттілік берсін. Біздің халық батыр жүректі,
ақын жанды болатыны әбден дәлелденген. Яғни, сендер жүйріктігі
ғасырлар бойы өшпейтін аңызға айналған арғымақ жаратып мінген
арыстан келбетті, жолбарыс жүректі батырлардың, елдің мұңын жоқтап,
күннің нүрын, жердің гүлін өмір бойы тамсанып жырға қосқан
ақындардың ұрпағысың. Олай болса Отан алдындағы борыштарынды сол
«тектілердің ұрпағы» деген атқа лайықты абыроймен атқарып қайтуыңа
тілектеспін. Бала бұл тілектердің баталардың сөздерінің мәнін
түсінуге ақылының әлі де болса толық жетіспейтінін сезсе де, көрші
– қолаңдарды, дос – туыстарды шақырып ұйымдастырылған кеш,
қимастық, сыйластық сезім, әке – шешенің тілегі, қариялардың ақ
батасы, жастардың ел алдындағы борышын ақтауға берген жалынды
уәдесі, осындай сұлу сезімдерінің сана – сезімінде өшпестей орын
алады.