400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының психологиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік

Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі жөнінде көбірек айтылып та, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып та жүр.Шыны керек, ата-ана мен бала арасындағы қатынас психологиялық жағынан үйлесім табуда ма?

Әрине, ата-аналар тарапынан тәрбие беру ісінде баланы бағып-қағуда, ең алдымен, оның материалдық жағына көбірек көңіл бөлінеді. Яғни бала «қатарынан қалмай, киінуі , жүріп-тұруы керек». Баласының немен айналысып, кіммен уақыт өткізетінін, досының кім екендігін жіті қадағалап отыру-әр ата-ананың міндеті.Әсіресе еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі «қызықтар» қуумен өткізеді.Ол баланың рухани азғындауына әкеліп соғады.Бала тәрбиесінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді.Сонымен қатар көптеген ата-ана өз баласына мейірім төгіп, жылылық беруде сараңдық танытады.Шектен тыс қаталдық танытып тәрбие беретін ата-аналар баланың болашақта тұйық, шешім қабылдауда жүрексінетін, үнемі қорқыныш жетегінде жүретінінен хабардар ма екен?!

Picture 1



Тәрбие беру ісіндегі басты ережелер-балаға қажет кезінде назар аудара білу, әрдайым қасынан табылу, оған деген сүйіспеншілігін қай жаста да көрсете білу, оның ой-пікірімен санаса білу болып табылады.Әсіресе бала жасөспірімдік кезеңде үлкен қиындықтарды бастан өткергенде (физиологиялық, психологиялық), рухани қолдауды қажет етеді.Егер осы кезеңде ата-ана тарапынан түсіністік ,қолдау байқалмаса, бала өз қатарластары мен кездейсоқ адамдардың «көмегіне» жүгінеді.Мұның арты жақсылыққа апаруы белгісіз.Баланы түсініп, қабылдау дегеніміз-оның өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу.Ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін бақылап, зерігуіне жол бермеу керек. Егер бала не істерін білмей,босқа сенделіп жүрсе, ол тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді.Баламен көбірек әңгімелесіп, оның қызығушылығын бақылап, өмірге байланысты сұрақтар төңірегінде кеңестер беріп отыру қажет.Балаға бұйыру, не істегісі келсе, соны істеуге болатын меншігіндей қарауға болмайды.Өйткені бала болашағы әр ата-ана үшін маңызды мәселе болып қалары хақ.

Picture 3

Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана ол шешеге қарап, бой түзейді.

Ата -ананың ең ардақты міндеті: бала бойына ең ардақты қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын жолдастарымен қарым -қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Ал балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата - ана.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.

Өскелең ұрпаққа айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бірі- бірімен қарым - қатынасы, көңіл- күй ерекшеліктері, жүріс - тұрысы, еңбек әрекеті бәрі де балаға үлгі өнеге.Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді.Олар айналасындағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. М.Жұмабаевтың мынадай айтқан сөзі бар: «Ата –аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн.»

Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Балабақшада басталып, мектепте жалғасын табатын «өзін-өзі тану» - пәнінің өзіндік орны ерекше. Балаға адамгершілік рухани тәрбиенің кіші жастан бастап берілуі бала тәрбиесіне өз үлесін қосары сөзсіз. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»- деп айтқандай, ойын баланың өмірінде ерекше орын алады. Сондықтан баланың ойын арнқылы дүниетанымының өсетіні белгілі.

Британдық жазушы Бернард Шоу былай деген екен:

«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып қойған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» - депті. Олай болса не тұрыс, ойнайық, күлейік, қартаймайық. Балалық шағымызды еске түсіріп, баламызбен бір мезет бірге ойнайық. Бұл өмірге бала көзімен де қарап көрелік.


Picture 2


Мен қуанамын...


Мен ренжимін...


Мен армандаймын...


Мен уайымдаймын...


-   Мені еркелеткенде, мақтағанда, сыйлық бергенде;

-    Ата-анамыз әрқашан аман болып жүргенде;

-    Ата-анамыздың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанда, мені еркелеткенде;

-   Менің анам қуанғанда мен де қуанамын;

-    Ата-анамның осы өмірде бар болғанына, бізге шуағын шашып жарық бергендеріне;

-    Маған күтпеген жерден сыйлық жасағанда;

-    Олармен бірге қонаққа барғанда;

-   Анам жұмыстан ерте келгенде;

-    Ата-анамның жалақысы көп болғанда;

-   Кішкентай болғанда мамам менің туған күніме басыма қалпақ кигізетін мен сонда қатты қуандым

- Ата-анам қиын жағдайға тап болғанда;

- Ата-анам мені кей жағдайларда дұрыс түсінбегенде;

-  Ата-анам кейде мені қолдамаған кезде;

-  Ата-анам менімен бірге ақылдасып, бірге шешім қабылдамаған кезде;

-  Ата-анам ұрысса, дауласса, ренжіссе;

- Мен “3”алып калғанда ата-анам ренжиді, ал мен өзіме ренжимін;

- Ешқашан ренжімеймін;

- Менімен серуендеуге шықпаса, маған көңіл бөлмесе ренжеймін;

- Маған еш себепсіз айқайлап ұрысқанда ренжимін;

- Олар бір жаққа кеткенде мені үйде қалдырады, мен ренжеймін;

- Кейде мені далаға шығаруға рұқсат бермейді;

- Әрқашан отбасымда аманшылық болғанын;

- Ата-анамның әрқашан жанымда болғанын, ұзақ өмір сүргендерін;

- Менің туған күнім күнде болса ғой;

- Ата-анамның махаббаттарының ешқашан ажырамағанын;

- Ата-анам жұмысқа  ешқашан бармағанын, маған үй жануарын сатып бергенін;

- Әкем командировкаға кетпесе екен;

- Ата-анам маған спорттық заттарды көп алып берсе;

- Әжемнің белі жазылып кетсе екен;

- Ата-анам әдемі киім киіп әрқашан әдемі болып жүргенін;

- Әкем машина сатып алып, анам банктің директоры болғанын;

- Ата-анам күшті жұмысқа тұрса ғой;

- Әкем мен анам әрқашан бірге болса екен.

-   Ата-анамның  бір-бірімен ренжісіп,көңіл-күйі лері болмаса;

-    Ауырып қалса;

-   Ата-анам менен қашықтықта болса келмей қала ма деп;

-    Осы жылғы оқуымды дұрыс аяқтай алмай, ата-анамды ренжітіп аламын ба деп;

-    Маған артқан үміттерін ақтай алмай қаламын ба деп;

-    Менің әкем бөтен адамдармен ұрысып қалғанда;

-    Анам мен әкемді ренжітіп алсам уайымдаймын;

-    Әжемнің жүрегі ауырғанда.


Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» , мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. XXI ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынан өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Я.А.Коменский «Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берсе, ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті.

 

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қараса, әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы – отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті. Сонымен бірге, қазақ халқында отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мен берілген. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған. Қазақ отбасындағы ата–ана мен баланың кісілік қарым - қатынасы, эмоцияналды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған. Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптасыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзенті үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты.


Picture 4



 

Отандық ғалым Қ.Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» - атты мақаласында Қазақстандағы тастанды балалардың 90% қазақ балалары екенін айтады . Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі немесе ата–ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» салдарымен түсіндіруге болатын шығар. Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады. Соңғы жылдары адамның жан дүниесiмен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог-педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып отыр. Осы бағыттағы құнды зерттеудiң негiзiн, әсiресе мектепке дейiнгi кезеңде М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова сынды ғалымдар салды. Олар психологияда мектеп жасына дейiнгi баланың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М.И.Лисина зерттеулерiндегi негiзгi әдiстердiң бiрi - отбасында тәрбиеленушi және түрлi типтегi балалар мекемелерiндегi отбасынан тыс тәрбиеленiп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеу. Балалар үйiнде тәрбиеленушiлер өмiр сүруге қажеттi барлық қажеттiлiктермен (қалыпты тамақтану, киiм, ойыншық, дәрiгерлiк бақылау, бiлiм т.б.) қамтамасыз етiлгенiмен, дара бағыттағы үлкендердiң эмоционалды-жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты дамуын баяулатады.

 

М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова еңбектерi көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың "қосылуы” баланың дамуының түрлi аспектiлерiне: олардың танымдық белсендiлiктерiне, тiлiнің дамуына, заттық әрекет игеруiне игi әсерiн тигiзедi. Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерінің ішінде жетекші іс-әрекеттік қасиетке ие. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.В.Запорожец, А.А.Леонтьев, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова), қарым-қатынасқа қажеттілік, адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше, өзіндік іс-әрекеті болып табылады. Зерттеушілердің бақылауларынан, қарым-қатынасқа қажеттілік, баланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас үстінде қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз. Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде қарым-қатынас (А.В.Запорожец, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова тұжырымдамаларына сәйкес) өзіндік-сапалы формаларымен ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі – жағдайға байланысты-іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы – жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ). Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты, мектепке дейінгі кезеңдегі ең негізгісі жағдайдан тыс-жеке тұлғалық қарым-қатынас ерекшеліктері.

 

Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда.

 

А.В.Запорожецтің басшылығымен жүргізілген көптеген зерттеулердің (З.М.Истомина, Д.Б.Эльконин т.б) нәтижелерін тұжырымдай келіп А.Н.Леонтьев мектепке дейінгі кезең – жеке тұлға қалыптасуының алғашқы сатысы, мінез-құлықтың жеке тұлғалық механизімдерінің кезеңі – деп атап көрсетеді. Оның айтуынша бұл кезеңде мотивтердің бір-біріне өзара бағынушылық жүйесі қалыптасады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қытынастың үш түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға деген және заттық әлемге деген қарым-қатынасы . Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi. Олар отбасында отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдiсi нәтижесiнде мектеп жасына дейiнгi бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер (киiм кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты әлi де болса аса қажет етедi деп тұжырымдайды . В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады.

 

Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді . Л.А.Венгер өз пайымдауын айтады. Баланың жан-жақты дамуына отбасының әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б. Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты: бірішіден, отбасының материалды жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни, отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы; екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы әсер етедi. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп көрсетедi. Баланы дұрыс, толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың керек екені белгілі. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр. Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете отырып: "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала"- делінген. Осылайша, баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

 

Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына байланысты» - деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады. Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік құбылыстар, тәрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды.


Picture 5


 

Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді . Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Қазіргі заман психологиясы балалық шақты – баланың өзіндік сана сезімі, «өзінің» және «өзге» этностарға деген рефлексивті қатынастарының жедел жүретін кезі екенін көрсетеді. Осы айтылған өзіндік сана-сезім балада ең алдымен отбасы деген әлеуметтік-этникалық ортада қалыптаса бастайды. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бала бастайды. Ал, осы индивидтің өз халқының мәдениетіне ену үрдісін американдық мәдениантрополог М.Херсковиц – инкультурация деп бейнелейтiнiн көрсетiп кеттiк.

 Picture 6 Оның ойынша, инкультурация үрдісі барысында индивидте өз мәдениетіне тән тәртіп, дүниеге деген көзқарас пайда болып, қарым-қатынаста дағды – іскерліктерді меңгеруімен байланысты басталып, бүкіл онтогенез бойы жүреді. Бұл үрдіс балада арнайы білім, тәрбие беретін мекемелерiнде ғана емес, белгілі ортадағы ересек ұрпақтың басшылығымен жүзеге асады. Ал К.Ж.Қожахметова оны этникаландыру деп айтады. И.Ә.Әбеуова «Әлеуметтік психология» оқулығында «әлеуметтену» ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы» деген ұрдістермен түсіндіреді. Әлеуметтену жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретіндегі өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік үрдістің жиынтығы. Әлеуметтену үрдісі тәрбиемен етене байланысты. Себебі, индивид осы аталған үрдіс барысында айналасындағылардың тәрбиелік ықпалына түседі. Ал, тәрбие бұл – адамгершілік нормаларды меңгерту және тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда екі жақты әсер ететін үрдіс. Әлеуметтену, тәрбие үрдістерінің мазмұны, бұл екеуі де қарым-қатынас барысында ғана іске асырылатын күрделі құбылыстар ретінде танылады.

 














Мақсаты


Ана мен баланың достық қарым - қатынасты бағалап білу туралы ұғымдарын кеңейту.
Ананың мен баланың түрлі жағдаяттарда өзінің эмоциялық жай - күйін басқарып, жағымсыз ниеттерін тежей білуге түсініктерін дамыту.
Дене және психикалық саулық үйлесімділігін маңызын үйрете отырып оларды мейрімділікке, қамқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.






















Қолданылғын әдебиеттер тізімі: 

1.«Отбасы және балбақша» Алматы 2011 ж.15 б.
1. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002. 156 б. 
2. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына және денсаулығының сақталуына отбасылық қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.2009. Б 21-22 . 
3. Баймуканова М.Т. Отбасымен және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум: оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006. 104 б. 
4. Кон И.С.Психология юнешского возраста М: Просвещение, 1979.176









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі