Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
565
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Қызылтам ауылы

79 негізгі мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Нұртаева Перизат


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағын тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу ерекше қиын іс. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру - ұстаз парызы.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру мазмұны жаңаруда. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы ретінде қарастырылады. Қазіргі бағдарламада оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған жұмыс түрлері іске асырылады.
Қазіргі таңдағы ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт – бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата –анамен тығыз байланыс орнатып, оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт – бағдар беріп, ақылдасуға болады.

Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туысына, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақ та біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз.

Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі:

1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.

2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.

3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.

4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, ориентация туғызады.

5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.

6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.

Балалық кезеңдегі бала бойындағы қабілеттің нышандарын анықтау және оны дұрыс тәрбиелеу мұғалімдер баланың оқуға ынтасын қалыптастыру арқылы, олардың бойындағы қабілеттерінің дамуына кең жол аша алады.

В.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекі психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу.

Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И. Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі - батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі- жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп  аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз:

  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру арқылы оқушылардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек, яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрінде ұсынған жөн.

  • Шығармашылық жаттығу, ойын – тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: бірінші – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші - өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдары:

  • Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдау болып табылады.

Олар мынадай:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);

  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу;

  • Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;

  • Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

  • Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару;

  • Әртүрлі кездесулер өткізу;

  • әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;

  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс. Оқушы әрекеті:

  1. Өз ойын еркін жазу.

  2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.

  3. Бірлесе әрекет ету.

  4. Өз әрекетін талдау.

  5. Өз мақсатын анықтау.

Сабақта, тәрбие сағаттарында оқушылардың қабілеттерін қалыптастыруда мынадай инновациялық амалдармен жұмыс жүргіздік:

1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

2) пікірталастар мен талқылауларға қатысу;

3) өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

4) жолдасының жауабына пікір айту;

5) сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

6) үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

7) өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;

8) танымдық тапсырма шешімдерін табуда бірнеше нұсқа көрсету;

9) өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.

Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы 1-ші сыныпта сауат ашу сабағында :





















Әдебиеттік оқу сабақтарында мәтінмен жұмыс жасаған кезде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3. Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

  1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

  2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

  3. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

  4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі – әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. Мысалы: «Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп – кішкентай екен. Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастайды...»

  • Түйе не істеді?

Балалардың жауабы әр түрлі болады: ... Сонда шыбын түйенің бетіне түкіріп жіберді, шыбын тұншығып қалды. Немесе: Түйе шыбынды қуды. Ұстап аламын деп, қолын соза – соза бойы өсіп кетті. т.б

Ал «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай жалғастырған болатын: « Шынар басқа ботамен дос болды. Ұлпан ақымақ ботаны қуып жіберді: «Сен керек емессің», - деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға қайтып келді. Шынар есікті ашпады. Ақымақ бота өзі жалғыз қалды.» Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.
Еркін жазу не эссе жазу. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында «Сараң бай» мәтінін өткен кезде: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды», - деген сияқты оқиғаға өз пікірлерін білдіріп, эссе жазады.


Хат жазу. Хат жазу да – шығармашылық ізденістің бір түрі. Хат жазу – өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құрай білуге, өз ойын дәл және логикалық байланыста бере білуге жаттығудың бірден-бір әр адамға қажетті мәні бар жазба жұмыстарының бірі. Сондықтан да өз бетінші хат жаздыру балалардың сауатты әрі логикалық байланысы бар мәтін құрай білуіне жетелейді. Ол үшін алдымен хаттың құрылысын түсіндіру қажет:

  1. Амандасу

  2. Айтылмақ ой

  3. Қоштасу

  4. Хат жазушының аты-жөні

  5. Хаттың жазылған мерзімі.


Ертегі құрау. Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын, орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып жатуы керек. Алдымен «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас беріледі.

Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде – ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.

Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем сөйлейтін болды.

Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп, терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.

Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке созып, мақтанумен болады.

Ертегімен оқып танысаннан кейін ертегі желісін оқушылар өз ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма ағашы, терек, балта.

Кейіпкерге мінездеме беру де шығармашылықты шыңдауға септігін тигізетін тапсырмалардың бірі. Оқушылармәтінмен танысқаннан кейін ондағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, оған деген өз көзқарасын білдіру арқылы тілі дамып, пікірін дәлелдей білуге жаттығады. Венн диаграммасы арқылы да кейіпкерлерді салыстырып, сипаттама беруге болады.

Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлердің образына еніп сомдау да балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Елестету. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.

Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.

Шығарма, мәтін құрастыру.

- тақырып бойынша

- жоспар бойынша

- тірек сөздер бойынша.

Өлең құрастыру

- дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру

- дайын ұйқастарды ұсыну

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр немесе тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді.Тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрастыру тапсырмасын да беруге болады. Мысалы, «Сын есім» тақырыбын өткен кезде мынадай дайын ұйқас беріледі де, балаларға жұмбақ құрау тапсырылады.

  1. _ _ _ _ _ _жұмсақ,

_ _ _ _ _ _қорқақ.

Балалар мынадай жұмбақ құрауы мүмкін:

Тоны сондай жұмсақ,

Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)


  1. _ _ _ _ _ _домалақ,

_ _ _ _ _ _домалап.


Резеңке домалақ,

Тоқтамайды домалап. (Доп)

«Сөз және оның мағынасы» тақырыбында мынадай тапсырма беруге болады: берілген сөздерді солдан оңға қарай оқы,жаңа сөз жаса:

қыран – нарық, есек – кесе, сүт – түс.

Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеті мен іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.

Математика пәнінде кез келген геометриялық фигуралардан түрлі заттар құрастыруға болады. Мысалы:













Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болу керек. Мысалы:

  1. Төрт бұрышта төрт мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы үш мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?

  2. Суреттегі сандарды 4 топқа бөл, сонда әр топтағы үш санның қосындысы 125-ке тең болсын.







770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!