400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту-оқушыларды сындарлы оқуға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәжірибе алмасуға көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:Абдирова А.Т

«Танымдық тапсырмалар арқылы оқушыларды сындарлы ойлауға үйрету»

Ұсынудағы мақсат:бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал болап есептеледі.

-Неге танымдық тапсырмалар?

Бұл тақырыпты алудағы негізгі мәселем-ол пән олимпиадалары,зияткерлік сайыстарға дайындау кезіндегі кездескен қиындықтар болды.Ол қандай қиындықтар,яғни қазақ тіліндегі танымдық тапсырмалардың аздығы немесе жоқ деп айтуға да болады.

Білім негізі бастауышта екені белгілі.Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар.Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады.Сондықтан тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет .

Танымдық тапсырмаларды құрастыру оңай емес.Бағдарламаға сай түрін сараптап,зерттеп,оқу дағдыларын ескере отырып құрылады.

Тақырыптың өзектілігі

Қазақ тілі сабақтарында танымдық тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, оқушының құзыреттілігін арттыру.

Мақсаты:

Оқушының әр түрлі  тапсырмалар арқылы өз ойын еркін және сенімді жеткізуге үйрету, білім деңгейін тереңдету, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу және коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының  алған білімдерін өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Міндеті:

  • Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Тапсырманың шешу жолдарын талдай білуге үйрету;

  • Тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеуге баулу

  • Өзінің дәлелдеген шешімін басқаларға үйрете білу;

  • Күтілетін нәтиже

Танымдық тапсырмалар арқылы қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология салалары бойынша алған білімдері кеңейтіледі.Алдағы уақытта баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеп, сөздік қорын байытып, өз ойын дәлелдеуге үйретеді, нәтижелі жұмысқа ынталандыруға болады.

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: (Анықтамалық)

Оқушының санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса,онда оның өздігінен жұмыс істеу біліктілігі қалыптасуы мүмкін емес.Сондықтан бұл жұмыстың негізгі өзектілігі оның мақсаты мен міндетін анықтайды.

Тапсырмалар бағдарлама көлеміндегі білім-білік дағдыларын кеңейтуге бағытталған. Бұл оқулықтағы берілген тапсырмалармен шектелмей, берілген тақырып бойынша білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, ізденімпаздығын арттырады, дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Тапсырмалар «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерінің әдіс-тәсілдеріне,белсенді оқыту әдіс-тәсілдеріне құрылған .

Бұл тапсырмалар жинағын сабақта дарынды балалармен жеке жұмыс ұйымдастыру кезеңінде, сабақтан тыс уақытта (факультатив сабақтары) оқушылардың білім олимпиадаларына, зияткерлі сайыстарға дайындық барысында қолдануға болады.

Берілген тапсырмалар оқушы білімін тиянақтау үшін білім деңгейіне орай әртүрлі қиындықтағы тапсырмалар түрлендіріліп беріледі.Тапсырмаларды орындау негізінде қисынды ойлау, жан-жақты түсінікті тақырып төңірегінде де жинақтай алуға баса көңіл бөлінген. Тапсырмалар оңайдан қиынға қарай құрастырылғандықтан тапсырманы орындауға қызығушылық жағы да ескерілген. Тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыруға арналған. Яғни, назар аудару, есте сақтаудың түрлері, зейінді дамыту.

Бағалау критеийі:

Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған.Әр тапсырма белгілі бір ұпаймен есептеледі.

Бағалау түрлерінде берілген жауаптардың пайыздық көрсеткіштеріне байланысты баға қою талабы көрсетілген.

100-85 % – «5»

75-85 % – «4»

50-65 % – «3»


Қорытынды:

Осындай үлгідегі тапсырмалармен жұмыс жасай отырып,көптеген нәтижелерге қол жеткіздім деп айтуға болады:

Пәндік олимпиадалар,қашықтық сайыстары,зияткерлік ойындар жүлдегерлері саны артты.

Оқушының пәнге деген қызығушылығы артып,өмірге деген құлшынысы оянып жатса,онда ұстаз алдына қойған мақсатына жеткені.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 шілде
1103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі