жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда тиімді әдіс баяндама.docx
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану
Жаңа тұрпатты мұғалім - бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман. Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол талабына сай білім алып, жаңаша әдіс –тәсілдерді меңгеруді талап етеді. Оқу мен тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп меңгеруі тиіс. Жаңаша әдіс –тәсілдерді меңгеру мұғалімдердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әрбір мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат- мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.Осы жаңа технология түрлерін пайдалану оқушының шығармашылық, интелектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі "Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту" технологиясы. Сонымен қатар "Ойын арқылы оқыту" технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісінің тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.Мысалы сабақ барысында оқушылардың білімін шыңдау үшін “Адасқан әріптер”, “Қызық сөздер”, "Сөзден сөз тер", Ғажайып шаршы" т.б.ойын элементтерін жиі қолданып отырамын.
“Адасқан әріптер” ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты:Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Мысалы:
Қ, у, о ,ы, ш – оқушы
Т, п, і, к, а - (кітап)
І, і, б, л, м- (білім)
М, м, ғ, ұ, а, л, і - (мұғалім)
р, о, б ( бор)
қ, ы, а, з, қ ( қазық)
а, ш, а, ғ ( ағаш)
а, л, а, д ( дала)
к, т, е, р, е, м, е ( керемет)
«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
Мысалы: Ішік – кіші
Өз тәжірибемде әр түрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға болатынына көзім жетті.
Сабақты әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданып,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде сөзжұмбақ шешу, «Мен бастайын, сен қоста», «Кім жылдам» ойынын, «Қара жәшік» әдісін, «Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісін, ал үй тапсырмасын тексеруде немесе өткенді пысықтауда "Ыстық орындық" әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімін тексеріп отырамын.
«Қара жәшік» әдісі
1-қадам: Қара жәшік дайындалады.
2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады
3-қадам: Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды
4-қадам: жасырын зат табылады
«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі
1-қадам: Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу
2-қадам: Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады
3-қадам: Әрқайсына тапсырма үлестіріледі
4-қадам: топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)
5-қадам: Үй тобында мәселе талқыланады
6-қадам: Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады.
7-қадам: «қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады.
8-қадам: 1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек—кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады.
9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады
Ыстық орындық
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды.
«Мағыныны тану» кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда "Көр, жаз, тексер" әдісін, жиі ұсынамын. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып,есте сақтап,келіп қағазға жазады, соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақта оқушылардың алған білімін тиянақтау кезінде төмендегі әдістерді қолданып отырамын. Бұл әдістер оқушылардың өзінің сабақтың өн бойына алған ақпараттарын тиянақтап түсініктерін бекітуге көмектеседі.
«Бес саусақ» әдісі.
1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.
Осы орайда 3 сынпта жоғарыда аталған ойын элементтері мен әдістерді қолдана отырып өткізген бір сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынсам.
Бөлім: Өнер |
Педагогтің аты-жөні |
Күні: 2.02.2021ж. |
Сынып: 3 |
Сабақтың тақырыбы: «Шешеннің сөзі ортақ. Әнет баба өсиеті» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 3.2.1.2. Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу |
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқиды, қажетті сөздерді табады және мағынасын түсінеді, мәтіндегі мәліметті қолданады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Басы 5мин.
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу. «Адасқан әріптер» ойыны Қ,у,о,ы,ш-оқушы Т,п,і,к,а – кітап І,л,б,і,м-білім М,ғ,ұ,а,л,і,м-мұғалім. Осы әріптермен сөз құрастыру. Нәтижесі к,т,е,р,е,м, |
Сөздерді құрастыру, олардың атқаратын ролі туралы айту |
«Бас бармақ» әдісі |
Сөздер, әріптер жазылған карточкалар |
Ортасы Өткен тақырыпты тиянақтау,
6 мин.
|
«Мен бастайын сен қоста» ойыны Шешендік сөзді сәйкестендіру «Ашу деген-(ағын су), Ақыл-деген(дария), Сөз қуған-(пәлеге жлығады) Жол қуған-(олжаға жолығады)» |
Шешендік сөздің жалғасын тауып, сәйкестендіру. «Бұл кімнің шешендік сөзі» деген сұраққа жауап беріп Әйтеке би туралы шешендік сөздерді айтады |
Формативті бағалау 1-10-ға дейін балл қою |
ДК экраны |
Жаңа тақырыпты түсіндіру 8 мин Айтылым
|
«Қара жәшік» әдісі Жәшікке Әнет бабаның суреті жасырылады. Оқушыларға Әнет баба туралы ақпарат беріледі: «Жеті жарғыны»құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі, адалдығымен, әділдігімен аты шыққан, өз заманында билердің биі атанған оқымысты, ғұлама қоғам қайраткері. |
Берілген ақпаратты тыңдап жәшіктегі затты,таба отырып тақырыпты анықтап, 1тапсырма: мақал-мәтелдерді оқиды, мағынасын ашады |
Дескриптор: -мақалды оқиды -мағынасын түсіндіреді 2 балл |
«Қара жәшік» макеті. Әнет баба портреті |
Жеке жұмыс 16 мин.
|
Оқылым. Әнет баба өсиеті оқылады 2 тапсырма. Мәтінге сүйеніп, Қазыбек бидің Әнет бабаөсиетін қалай түсінгенін айтады. 4 тапсырма. Сызбаға сүйеніп, шешендік сөздер туралы ойыңды қорытып айт. Мәтіндегі мына тіркестерді қатыстырып, сөйлем құра. Жора-жолдас, сыр білдірмеу,қазан көтеру. 3 тапсырма. «Өсиет» әңгімесіндегі әкім сөзінің мағынасын өз ойыңмен ашып жаз. Әнет баба өсиетін Қазыбек би қалай түсінді? 5 тапсырма. Сызбаға сүйеніп, шешен адамдарға тән сипаттарды айт. Өзің тағы не қосар едің? |
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады |
Дескриптор: -мәтінді мұқият тыңдайды; -мәтін мазмұны не туралы екенін анықтайды. - кестелер бойынша жұмыс жасайды |
ДК экраны Оқулығы |
Сабақ соңы. Ой толғаныс
7мин.
Рефлексия 3 мин. |
«Бес саусақ» әдісі «Бас бармақ » - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды «Балалы үйрек» -бірлесу.Қалай жұмыс жасадым, кімге көмектестім, кімді риза жасадым? «Ортан терек» - ойлану. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? «Кішкентай бөбек» -көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
|
Болжамды жауаптар: Әнет бабаның өсиеті Мен белсенді жұмыс жасадым,Әнет баба өсиетінің мағынасын бірлесе отырып аштық |
«Қол шапалақтау» әдісі. Ауызша қолдау |
|
Бастауыш сыныптарда түрлі әдіс-тәсілдерді, ойын элементтерін пайдаланып сабақ өткізудің пайдасы орасан зор.
Біріншіден: Оқушылардың арасында достық қарым-қатынас орнатылады. Бірінің жауабын бірі тыңдап, келесі қадамды белгілеу дағдысы қалыптасады, алдына мақсат қойып, оған жетуге ұмтылу дағдысы, өз ойын еркін айта білу, алған білімі, жеткен жетістігіне баға беру дағдысы қалыптасады.
Екіншіден: Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс орнауына, сабаққа деген оқушының ынтасының артуына әкеледі.
Сөзімнің соңында: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген сөзді басшылыққа алып, үнемі ізденісте болу басты парызымыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген