400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сыныппен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім негізі-бастауыш сыныппен қоштасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: - Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.


-Ұяң мінез, кіршіксіз ақ көңілі бар,

Қолы ашық, жүрегі таза көңілі бар.

Керек десе досына соңғысын үзіп берер,

Республикалық «Шоқ жұлдызлар» сайысының дипламанты

Әнші ұлымыз Сымбатты қарсы алайық!


-Қай уақытта бір қалыпты жүретін,

«Аз сөз алтын» деген ұстанымды ұстанған,

Не нәрсені көзіменен ұқтырған

Биші қызымыз – Көркемді қарсы алайық!


- Ұғымы кең, алғыр, өжет қызымыз,

Барлық істі тиянақты тындырған.

Келешегінен зор үміт күттірген,

Дианадай қызымызға қошемет!


-Сыныптың асқан серісі,

Жүрсем дейтін модамен.

Егіз еткен спортты,

Еркінұлы Айқынды қарсы алайық.


- Сыпайылық бойына әбден дарыған,

Айтқаныңды орындайтын табанда.

Өз ісіне тиянақты қызымыз,

Есімханова Бекайымға қошемет! қошемет!


- Өне бойы тұнып тұрған сыпайылық,

Бір қалыпты мінезінен танбаған.

Нұрын шашқан Нұрай қызды қарсы алайық!


- Әдептілік әліппесін ұстанған

Ізгі ниет, жақсылықтың жаршысы.

Атына заты сай батырымыз,

Қабдырасылов Нұрасылды қарсы алайық!


- Өз ісіне тиянақты қарайтын,

Бала көңіл, бал шырыны кетпеген.

Қолындағын үлестіріп беретін,

Мақатова айымға қошемет!

- Биянадай, тап-тұйнақтай қызымыз,,

Қашан көрсең оқудан бас алмаған.

Домбыраны серік еткен өзіне,

Мақтанышы сыныбымның дарабоз,

Мамырқанқызы Айымды қарсы алайық!

  • -Не нәрсенің тез біткенін қалаған,

  • Сыныбымның елпек мінез баласы.

  • Ақкөңіл, аңқылдақ батырымыз,

  • Қайсарды арсы алайық!

  • - Өз ісіне тиянақты ұлымыз,

  • Не нәрсені бетке айтар еріміз.

  • Әділдікті ту етіп жоғары ұстаған,

  • Сайранбеков Олжасты қарсы алайық!

  • - Жан-жағына нұр шуағын шаша білген,

  • Өз білгенін үйреткен жалықпастан.

  • Сыпайы жайсаң мінезі бар,

  • Саинқызы Гүлімді қарсы алайық!

  • - Біртоға, байсалды мінезі бар,

  • Елін, жерін жан-тәнімен сүйетін.

  • Нағыз патриот ұлымыз,

  • Жасұланға қошемет!

  • - Ақылды, ашық жарқын мінезі бар,

  • Наздана күлімдейтін жүрегі бар.

  • Өте үнемшіл, тиянақты қызымыз

  • Тойбазарова Дананы қарсы алайық!


- Қысылғанда қол ұшын берер мінезі бар,

Ашық жарқын, жайдары ақ жүрегі бар.

Болашақта актриса болу ниеті бар,

Көркем сөз шебері – Камиланы қарсы алайық!


- Ашық айтар өз ойын,

Сөз саптайды тереңнен.

Әдемілікті жан-тәнімен сүйетін,

Атына заты сай

Қарақаттай қызымызды қарсы алайық!

- Аңқаулығы, балалығы қалмаған,

Ешуақытта асығуды білмеген.

Қолы ашық, досқа берген сертке адал,

Зердені қарсы алайық!


- Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына, тыңдарманым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. 

Ендеше осы шәкірттерімізді  ортаға шақырайық.

 Мұғалім:    Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан

                      Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан,

                      Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,

                      Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.

                      Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

                     Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

                     Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

                     Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!


Еркежан: - Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.


Руслан: - Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Талшын: -.Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби – еркелер.


Еркежан О.: - Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.


Медет: - Шаттанамын, бүгін мен шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауыш сыныбым-ай,

Түстей болып бүгін міне артта қалдың.


Ердәулет: - Қызықты албырт кезім бастауыш мектептегі,

Өзіңе не тамаша жетпес тегі.

Қияға қанат қағып ұшсам дағы,

Балалық балғын дәурен өтпеп пе еді.


Әли Сейілханов: - Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы.

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.


Әли Сләмбеков:- Мектебім мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.


Наркез: - Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы, тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.


Ән «Мектебім»


Қазбек: - Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.


Марал: - Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


Ерасыл Қ.:- Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.

Санай ашып «Әліппенің» парағын,

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.


Ерасыл М.:- Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.


Ридуан: - Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.


Бекзат: - Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менң де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.


Жақсылық:- Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің, - біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

- Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.


- Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге,

Барша жанға құрметті жан – мұғалім.


- Ұстазым –ұлағатым сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.


- Жанымды менң жайнатып,

Баураған өзің мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.


- Шәкіртің өткен іздерден,

Үмітің гүлдер мұғалім.

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрарын,

Сонда ардақты мұғалім

Уәдемде берік тұрамын.


- Ақылшым асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадым.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.


Ән «Ұстазға мың тағзым»


Мұғалім: - 4 жыл бойы сендердің білімді, әдепті, тәрбиелі болып шығуларыңа мен ғана

емес, бүкіл ұстаздар қауымы еңбек етті. Әсіресе пән мұғалімдерінің еңбегі зор.


- Адамдыққа үйреткен,

Жамандықтан жиренткен.

Тілімізді ширатқан,

Орыс тілін үйреткен,

Нұрғайша апайға мың алғыс!


- Этот праздник день прощания

Грустный и веселый.

Начальный класс до свидания

Здравствуй, здравствуй пятый класс!

Ән «Учат в школе»

-Ағылшын пәні мұғалімі

- Қызыққа жұрт кенелді

Қуанышқа бөленді.

Физзарядка бастаушы,

Физкультура кел, енді

Сәлем достар, білімдар,

Қане, түзу тұрыңдар,

Бекзат: Музыка атты пәніміз,

Әніміз бен сәніміз,

Гумар ағай үйретесе,

Шырқатамыз бәріміз,

Музыка пәні мұғаліміз,

Гумар ағайға рахмет!

Көрініс «Телехабар, сюрдоаударма»


Армысыздар, қымбатты көрермендер!

Биыл қыс өте суық болды.

Қар мөлшерден 7 есе артық жауды.

Үйлердің шатырлары қарды көтере алмай сынды.

Көктемде көп жерлерге тасқын қаупі төнді.

Ақмола аймағын су алып кетті.

Үйлер қирады, малдар өлді, адам өлімі болған жоқ.

Сонымен қатар Қарулы күштердің 25 жылдығын атап өттік.

Онда әскери парад өтіп, соңы ән мен биге ұласты.

Кешке мерекелік от шашу болды.

Назарларыңызға рахмет!


Темірлан: - Дүниенің жарық көзі анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Алдыменен көріңіздер ағайын,

Анаға арнап би билейді балаңыз.

1.Сыныбымыздың әншісі Данялдың орындауында «Ана» әнін тамашалаңыздар.

2.«Қазақ биі» Орындайтындар: Дана, Талшын және кішкентай қонағымыз Гүлден

3.Ұлдар тобы:«Дос болайық бәріміз»

4. Қыздардың орындауында Флешмоп


Данияр:- Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

  • Барлық ұрпақ әкелерден таралған.

  • Ата-аналар, өздеріңе арналмақ

  • Біз жолдайтын келесі асқақ ән

5. Әнші қызымыз Шырайлымның орындауында Ән «Әкетайым»

6.Шертерші қызымыз дананың орындауында «Қос басар» күйі

7. Көңілді, тапқырлары «Бес кампит, алты бауырсақ...» тобы.

8.Акробатикалық номер. Орындайтындар: Сержан, Маржан,Бүркіт, Инабат.

9.Сыныбымыздың қобызшысы Талшынның орындауында халық әні «Илигай»

10.Жақында Астана қаласында өткен Халықаралық «Жаңа жұлдыз» байқауының жеңімпаздары, «Жауқазын» би тобының орындауында «Испан биі» Бұл топта біздің Инабат пен Данадай биші қыздарымыз барын мақтан тұтамыз.

11.Ән «Қазақ елі осындай!»

12.Орындайтындар: Айнара,Ботагоз,Зерде, Шырайлым.



Ерсұлтан:- Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.


Ботагөз:- Бастауышым – бал құрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.


Данял:- Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Хормен:Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен рнәр алдым,көтедім,

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған, Бастауыш мектебім!»


Мұғалім: - Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.

Бастауышты бітірген сендер

Ал мен

Тағы да бір белестен асқандаймын.


Мен үшін бәрі бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек талаптарың

Самғаңдар биіктерге

Қайырылмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі