Бастауышпен қоштасу мерекесі

2016-2017 оқу жылы
Алтыбаева Айбала Балатөреқызы
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: «Нұрын шашқан
Шуағын төккен
Дәнін сепкен
4 көктем»
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Дүние тозар біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Нұрын шашқан Шуағын төккен Дәнін сепкен 4 көктем» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей,
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
4 «В» сыныпты бітіруші түлектерімізді
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Слайд: оқушыларды өлеңмен жеке-жеке көрсету
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «В» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Алғашқы қоңырау сәті, «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , Жаңа жыл кештері, мәнерлеп оқу сайыстары мен сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, есейіпті.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Олай болса бастайық.
И.Азамат : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Дидар:Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Ержан:Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Аружан:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім!
Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
1 оқушы Нұр: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл
2 оқушы Жанболат:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер
жетеміз.
3-оқушы:Бекарыс:Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Атын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4-оқушы Ұлболсын: Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
5-оқушы Дәурен: Бастауышта
шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
6-оқушы Дидар: Әлі есімде
мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым
Әр үйдің ерке өскен тентегі
едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Хор: «Мектебім» әні.
7-оқушы Алмас: Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
8-оқушы
Малика: Үйретіп бізге алғаш
әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Алғашқы
ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
9-оқушы Жандарбек: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Бәрі :Мың алғыс сізге біздей
түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !
10-оқушы Назира: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
11-оқушы :Айбек Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
12 оқушы Б.Азамат: Жетекші боп
жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де
Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !
13-оқушыӘбілхайыр : Өмірге жол бір өзіңнен
бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
14-оқушы Аружан: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
15-оқушы И.Азамат: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Хор: Ұстазым әні.
16-оқушы Сандуғаш: Дүниеге
әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
Ана туралы ән.
17-оқушы Мейрамбек: Әкешім
тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Әке туралы ән.
18-оқушы Аманат: Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
19-оқушы Саламат: Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
20-оқушыМадияр: Кітап
қалам қолға алдық
Бір сыныпқа
жиналдық.
Ажырамай
арамыз
Болашаққа барамыз.
Ән «Қош бастауыш»
Ұстаздың шәкірттеріне тілегі
Би: «Сарыжайлау» бір топ қыздар орындауында.
Ағылшынша диалог: Нұр мен Жанболат
Ағылшын биі
Орыс биі
Төртеуі бірге: « Шуағын шашқан,Нұрын төккен,Дәнін еккен,4 көктем»-атты кешіміз аяқталды.
Ыстық лебіздерін білдіруге ата-аналарымызға, ұстаздарға cөз беріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныппен қоштасу

шағым қалдыра аласыз