Материалдар / Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары жауаптарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Модо
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2024
1363
16 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6-нұсқа

1.Тапсырма: Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Мәтін

Сәтемір хан.Ы.Алтынсарин

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі.Үшінші рет құмырсқа және тырмысады.Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді.Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа-екеш құмырсқа да тынбай жұмыс істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып,екі тырмысып,жығылып,сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті.Тамның басына шықты.Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен,- деп ойынын таста, қалаға барды.

Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен,соған үй сыпыруға жалданып,ақысына оқу оқыпты-мыс. Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.

1.Әңгіменің басты кейіпкері

A) жеті жасар бала

B) атасы

C) молда

D) ақсақ құмырсқа

2.Үзінді әңгіменің қай бөлігі?

Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.

A) сюжеттің дамуы

B) сюжеттің шиеленісуі

C) сюжеттің шарықтау шегі

D) сюжеттің шешімі6-нұсқа

3.Әңгіме жоспарының дұрыс ретін тап

1.Ақсақ құмырсқа

2.Данышпан патша

3.Молдадан оқу

4.Жетім Сәтемір


A) 2,3,1,4

B) 4,1,2,3

C) 4,1,3,2

D) 3,2,1,4

4. Үзіндіден Сәтемірдің әрекетіне сай келетін нақыл сөз

Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен,соған үй сыпыруға жалданып,ақысына оқу оқыпты-мыс. Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.

A) оқу – инемен құдық қазғандай

B) Талпынған жетер мұратқа

C) Білімді мыңды жығады

D) ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды


5.Тапсырма: Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Мәтін

Күріш туралы сыр

Базарбай Исаев

Мақсұт Нұрылдаев бала кезінде әкесінің мынандай бір аңыз естіді.

Баяғыда Сыр өңірі ырысты өлке болыпты. Ақкүріш жайқала өсіп, қамба астыққа толыпты. Халықтың қуаныш Сырдария өзеніндей тасыған екен. Ауылдағы күріш егетін жалғыз қарт кәрілік жеңіп, төсек тартып жатып қалыпты.Сонда әлгі ақсақал ауылдастарын жинап алып:

- Жарандар, асарымды асап, жасарымды жасадым. “Ас -адамның арқауы ”деген ғой,ол еңбекпен табылады.Арқауы бос арқан үзілгіш келетінін ұмытпаңдар. Көктем болса, мынау,келіп қалды. Егін егу қажет. Кетпен ұстар кім бар? Көзімнің тірісінде қасиетті кетпенімді өз қолыммен табыс етейін. Елін асырар ер қайда, қайсың барсың?-депті.

Жиылған жұрт үн-түнсіз. Қарттар жастарға,жастар ақсақалдарға қарайды.

Тіс жарып сөйлеген тірі жан болмайды. Қарт диқан теріс қарай аунап түседі де көз жұмады.

Көктем мен жаз өтеді. Қыс қаһарына мінген шақта қамбадағы ақ күріште таусылады.Ала жаздай атқа мініп мәз болған көпшілік не істерін білмей, қатты күйзеледі.

Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді”дегендей, бәрі де бармағын тістеп, диқан атаның тілін алмағанына өкінеді. “Енді жаз шықса,бәріміз де күріш егейік”,-деп келіседі.

Әкесі осы жерге келгенде Мақсұт:

-Әке, мен күрішші боламын!-деді.

Мақсұт агрономдық білім алып, диқандардың күріштен мол өнім алуына көмектесіп,тапқырлығымен, еңбекқорлығымен елін сүйсіндірді.

5. Ауылдастарын жинаған кім?


A) Мақсұттың әкесі

B) ақсақал

C) Мақсұт

D) қарттар


6.Шығарманың негізгі ойы қандай?

A) агрономдық білім алу

B) күрішші болу

C) кетпенді табыстау

D) еңбек ету


7.Үзіндіден теңеуді тап.

Халықтың қуаныш Сырдария өзеніндей тасыған екен.

A) тасыған

B) халықтың

C) өзеніндей

D) қуанышы

8.Әңгіменің жоспарының дұрыс ретін тап.

  1. Күйзелген көпшілік

  2. Ырысты өлке

  3. Мақсұт -агроном

  4. Ақсақал сөзі


A) 2,4,1,3

B) 4,1,3,2

C) 2,3,1,4

D) 3,2,4,1

9.Үзінді шығарманың қай бөлігі?

Көктем мен жаз өтеді. Қыс қаһарына мінген шақта қамбадағы ақ күріште таусылады.

A) сюжеттің басталуы

B) сюжеттің шиеленісуі

C) сюжеттің дамуы

D) сюжеттің шешімі


10.Әңгіме қорытындысына сай келетін нақыл сөз.

A) еңбек түбі – береке

B) еңбек етте мақтан, ойнап күл де шаттан

C) еңбегі аздың өнбегі аз

D) еңбек етпей, елге өкпелеме. Егін екпей жерге өкпелеме6-нұсқа


11.Ұшаққа отырғызу ұшардан жарты сағат бұрын жүзеге асырылады. Егер ұшаққа отырғызу күндізгі сағат 11-де басталған болса, оның ұшатын уақытын аңықтаңыз.

A) сағат 12: 00 де

B) сағат 11: 30 да

C) сағат 11: 00 де

D) сағат 11: 50 де

12. Ұлу 2 сағатта 6 метр қашықтықты еңсереді. Егер жылдамдығы өзгермесе, ол 9 м қашықтықты қанша уақытта еңсереді?

A) 5 сағат

B) 4 сағат

C) 2 сағат

D) 3 сағат


13.Диаграммада гүлзардағы гүл саны көрсетілген . Олар түймедақ, шегіргүл, қызғалдақ. Ең көбі - түймедақ, ең азы-шегіргүл. Қызғалдақ қоңыраугүлден көп.

Гүлзарда қанша қоңыраугүл бар?

A) 40

B) 10

C) 15

D) 30


14.Пішіні тікбұрышты параллелепипедке ұқсас заттарды белгілеңіз.

A)қарбыз,жәшік, кірпіш

B) жәшік, кірпіш,үй

C) доп, құмыра, стақан

D) доп, қарындаш, кітап


15 .Кітап сөресінде шытырман оқиғалы 132 кітап және 183 ертегі кітабы бар. Сөреде неше жүз кітап бар?

A) 2

B) 5

C)1

D)3


16 .Жердің Солтүстік полюсі мен Оңтүстік полюсінің арасы шамамен 12768км. Егер тәулігіне 168км жүріп отырса, Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске жету үшін қанша тәулік қажет?

A) 78 тәулік

B) 76 тәулік

C) 2 145 024 тәулік

D)12 600 тәулік


17 .Диана мектептен келгенде уақыт 14 сағат 5 минут болды.Егер ол жолға 15 минут жұмсаса, мектептен сағат нешеде шыққан?

A) сағат 13:50 де

B)сағат 14:20 да

C) сағат 14:50 де

D) сағат 13:20 да


18. Құрама фигура шаршыдан және тіктөртбұрыштан тұрады. Тіктөртбұрыштың ені шаршының қабырғасына тең. Тіктөртбұрыштың ұзындығы оның енінен екі есе артық.

Құрама фигураның периметрін есептеңіз.

A)40см

B) 32см

C) 30см

D) 36см


19 .Серік, Ілияс және Дәулет жүгіруден жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Егер Ілияс екінші орынды да , үшінші орынды да иеленбесе, ал Дәулет үшінші орынды иеленбесе, қай спортшы қандай орынға ие болған?

A) Іорын-Дәулет, ІІорын-Ілияс, ІІІ орын-Серік

B) Іорын-Дәулет, ІІорын-Серік, ІІІ орын-Ілияс

C) Іорын-Ілияс, ІІорын-Дәулет, ІІІ орын-Серік

D)Іорын-Ілияс, ІІорын-Серік, ІІІ орын-Дәулет

20 .Азамат дүйсенбіде үй тапсырмасын орындауға 3/7 сағат, сейсенбіде 2/7 сағат, сәрсенбіде 5/7 сағат және бейсенбіде 4/7 сағат жұмсады. Ол қай күні үй тапсырмасын орындауға көбірек уақыт жұмсады?

A) дүйсенбіде

B) сәрсенбіде

C) сейсенбіде

D)бейсенбіде


21 .Бірінші күні зауытта 1045 бөлшек, екінші күні бірінші күнге қарағанда 768 бөлшекке артық жасады. Ал үшінші күні жасалған бөлшек саны алдыңғы екі күнді қоса алғандағымен бірдей болды.Жұмысшылар үшінші күні неше бөлшек жасады?

A) үш күнде 2858 бөлшек жасалған

B) үшінші күні 2858 бөлшек жасалған

C) үшінші күні 1813 бөлшек жасалған

D) үш күнде 1813 бөлшек жасалған


22 .Ғарышқа ұшар алдында ғарышкердің бойы а см болды. Салмақсыздық жағдайында ғарышкердің бойы 3%-ға ұзарды. Ғарышқа ұшқаннан кейін ғарышкердің бойы қандай болды?


A) а+3 см

B) а : 100 ˑ 3 см

C) а + а ˑ 100 : 3 см

D) а + а : 100 ˑ 3 см

23. Арман болаттан жасалған кілтті элект тізбегіне жалғады. Болаттан жасалған кілт электр тогын өткізетіндіктен шам жанды.









Болаттан жасалған кілтті шам жанатындай қандай затпен алмастыруға болатынын таңдаңыз.


A) ағаш таяқша

B) темір шеге

C) пластмасса қасық

D) резеңке таяқша

24 .Қан өкпеден барлық мүшелерге нені жеткізеді?

A) оттек

B) көмірқышқыл газ

C)сутек

D)азот



25..Желдің көмегімен не таралғанда өсімдіктер көбейеді?

A)жемістер

B) гүлдер

C)жапырақтар

D)тұқымдар


26. Гүлдің бөлігі қалай аталады?

A) тозаңқап

B) тостағанша жапырақша

C)жатын

D)күлте жапырақша


27 .Ғарышты игеру дәуірі неден басталды?

A) адамның Айға қонуынан

B) жасанды жер серігін ұшыраудан

C) “Мир”орбиталық станциясының іске қосылуынан

D) адамның Марсқа қонуынан


28.Сурет судың қандай қасиетіне мысал болады?

A) Су аққыш қасиетке ие

B) Су түссіз

C) Су- еріткіш

D)Судың пішіні бар

29 .Диаграмма тіршілік ету ортасындағы қоректік тізбекті көрсетеді. Кейбір а

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!