жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаттарының жинақтары
Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі»ММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН
ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫНЫҢ ЖИНАҚТАРЫ
Құрастырушы: Файзрахманова П.Ш.
бастауыш сынып мұғалімі
Мазмұны
1.Тілдің мерейі - елдің мерей ...........................2 -5 бет
2. Қазақ халқының қол өнері............................6- 8 бет
3.Тұмаудан
сақтанайық..........................................9– 11
бет
4.
СПИД – ХХІ ғасыр
дерті...................................12-16 бет
5. Менің Қазақстаным – менің болашағым.......17-19 бет
6. Дәрумендер – әліппесі..................................20-22 бет
7. Кітап – білім бұлағы......................................23-25 бет
8. Абайла, көктайғақ!........................................26-27 бет
9. Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар
бойғы арманы, мақсаты, мүддесі. ................28-30 бет
10. Жолда жүру ережесін сақтаймыз!.................31-33 бет
11. Желтоқсан жаңғырығы................................34-35 бет
12. Спорт – денсаулық кепілі.............................36-37бет
13. Ана – өмірдің гүлі.........................................38-41 бет
14. Табиғат – тал бесігім.....................................42-44 бет
15. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ.................45-51бет
1
Тақырыбы: «Тілдің мерейі - елдің мерей»
Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.
Түрі: саяхат,кездесу.
Өткізілген орны: Қалалық балалар кітапханасы
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі» және кітапхана ішіндегі көрнекіліктер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:Балалар, біздің мектепте қандай апталық өтіп жатыр? Дұрыс айтасыңдар, сол тіл апталығына байланысты : «Тілдің мерейі- елдің мерей» атты сынып сағатын, әдейі осы кітапханаға ,сынып сағатымызды саяхат түрінде өткізуге сендерді арнайы ертіп әкелдім .Сынып сабағымыздың мақсаты: сендердің тіл туралы білімдеріңді жетілдіру, өз тіліңе, туған жеріңе құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру. ,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту. Сендердің кітапқа,білімге деген қызығушылықтарыңды дамыту. Міне, енді, сөзді осы кітапхана қызметкерлеріне берейік.
Кітапханашы: Біріншіден , балалар сендердің бүгінгі қадамдарың мені қуантып отыр.Сынып сағатын арнайы осы кітапханаға келіп,бізбен кездесу жасап өткізіп жатқандарың сендердің кітапқа, білімге деген құштарлықтарыңды көрсетеді. Сендерге осындай мүмкіндікті жасап жатқан, сынып жетекшілеріңе алғыс білдіреміз, бұл бір жақсы бастама екен,басқа да сынып жетекшілері осындай кездесулерді жиі ұйымдастырса,жақсы болар еді.
Енді, мен сендерді кітапханамен таныстырайын. Кітапханада барлығы 28 000 кітап қоры бар. Қала басындағы 3 мектеп оқушылары да бізбен байланыста. Барлығы 1500 дей оқырманымыз бар. Мына отырған зал оқу залы деп аталады,бұдан басқа залдар,абономент залдары бар. Мұнда өздеріңді қызықтыратын қандай сала болса да ,кітаптар табуға болады. Мына оқу залында отырып пайдалануға немесе үйге жаздырып алуға болады. Кітап –сендердің тілдеріңді дамытуға өте жақсы құрал. «Тіл-қарым-қатынас құралы» -деп бекер айтпаған. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар.Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.
Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,
Сол тілммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім, 2
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
Мұғалім: Керемет өлең емес пе? Ал, сендерге Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім-мен де бірге өсмін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.
Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім барда ғанамынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!
Бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер? ( Оқушылар өз ойларын білдірді)
Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, балалар!
Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл .
1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазылды.
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз. 3
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, тіл туралы пікірталас,әңгіме жүргізіп жатырмыз. Ал мен сендерге тіл туралы түсінік бере кетейін. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
Сұрақ:
-Қандай тілдерді білесіңдер?
-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.
-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».
Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс , ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.
Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.
Ал,енді, мен сендерге тіл туралы біліп келіңдер дп тапсырмалар берген болатынмын,қане,кім тіл туралы қандай өлең,мақал-мәтел біледі?
1-оқушы: Тілім менің-тірлігім мол мұрамсың,
Ата рухын жаныма қондырасың
Өзіңменен таныдым тарихымды,
Кемелденген өзіңмен толды жасым.
Тілім менің сарқылмас қазынасың
Бір сенімен болмыстың назы басым.
Көне тарих сөйлейді өзің болып,
Жыр-ғұмырбоп бүгінде жазыласың.
2-оқушы: Отан-тарих,
Отан-тіл.
Жасаған елім,ер халқым,
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
3-оқушы: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте .
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
4-оқушы: Ананың тілі туралу ән де бар,оны барлығы біледі.
Мұғалім: Ендеше,барлығымыз бірігіп, осы әнді орындайық.
Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»
Мұғалім:
Қалың елім қазағыңа қорған бол! 4
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол- дей отырып, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Біздің ұсынысымызды қабыл алып,сынып сағатымыздың қызықты өтуіне ат салысқан ,кітапхана қызметкерлеріне рахмет айтамыз. Кімнің кітапқа деген қызығушылығы оянды,кім осы кітапханаға жазылғысы келеді,ата- аналарыңмен,
тәрбиешілеріңмен келісіп, өтініш жазып,келіп,оқырман болуларыңа болады.Келесі сынып сағатына дейін аман-есен болайық.!
5
Тақырыбы: “Қазақ
халқының қол өнері”
Мақсаты: Қазақ
халқының мол
қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып,
халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға
үйрету.
Тәрбиелік
мәні: Оқушыларды
әсемдікті тани білуге баули отырып,
эстетикалық ой — өрісін дамыту,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою
түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан
”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы
өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:
Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.
Қолөнер – мол өнер.
Өнер талаптан туады.
Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
I. Бөлім
Кіріспе
Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Қазақ халқының қол өнері” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.
Ортаға екі жүргізуші шығады.
Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық!
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерді күмбез жасайық!
Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.
II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”
Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар. 6
Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.
Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.
Оқушы: Көрші әжей өнерлі!
Барып тұрам күнде мен
Құрмет тұтып шеберді!
Ою — өрнек үйренем.
“Мақал құрастыру” ойыны
Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)
III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”
Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.
Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.
1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.
2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.
3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.
4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.
5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.
6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.
7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.
8 – оқушы: Білесің бе бұл істі
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып – ап күмісті
Сапырады су дайын.
9 – оқушы: Демеңдер бұл қалай
Күмісті де илеген 7
Осы өнерді мұрадай
Зергерлерден үйренем.
Қорытынды
Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.
Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам”әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.
600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.
8
Сабақтың
тақырыбы: «Тұмаудан сақтанайық».
1.
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану
туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты
Өмір Салтын Қалыптастыру жолдарын
ұстана білуге үйреті;
3.
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық
екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас
гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы
пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі:
кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі
құралдары: («Пайдалы және пайдасыз
тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы
және зиян»), тұмауды емдеуге арналған
сусын, күн көзі макеті, буклеттер,
плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына
орамал мен сыйлық.
Сабақтың жоспары:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а)
Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау
туралы не білесің? ( оқушылардың сурет
салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер.
Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в)
Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына
пайдалы және зиян» (флипчартта)
3.
Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн
шапағы» шеңбері
ә) «Орамал тастамақ»
ойыны. Денсаулық туралы мақал-мәтел
сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз
тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в)
«Тазалық» сақшыларының сабы
4.
Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру
орталығының қызметкерлеріне сөз кезегін
беру.
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі
бөлім
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар,
оқушылар, ата-аналар және келген қонақтар
бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!»
атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін
бізде ерекше тәрбие сағаты өтпекші.
а)
Кіріспе. «Тұмау» деген не?
Эпидемиолог
мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша
вирустық аурудың 200 түрi бар екенін
зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның
инфекциялық патологиясында маңызды
рөл атқарып, ерекше орынға ие болған
ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе
сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында
РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау
вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің
белсенділігінен айырылады, ал 65 С
градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут
аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады,
кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және
басқа залалсыздандыру ерітінділерінде
жойылады. Ультракүлгін сәуле мен
ультрадыбыстар тұмау вирусын тез
жояды.
Тұмау вирусы көптеген үй
жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ
бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында
маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып
ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде,
түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы
бөліктерімен беріледі.
9
Аурудың
жасырын кезеңі 9ұқтырған күннен бастап
1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен
басталады. Әдетте ауру дене қызуының
тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы,
жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа
тәбеттің болмауы сияқты белгілермен
көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және
тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан
кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде
дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл
денеде сырқырау, буындарда ауырсыну
байқалады. Осы кезеңде ауру адам
басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы
сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан
кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не
білесің? ( оқушылардың сурет салып,
баяндауы)
1-оқушы: Тұмаудың жедел
түрімен ауырған адамдар өте қауіпті,
себебі олар ауырса да жұмыстарына,
дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге
барып жүреді. Осыған байланысты олар
көптеген коллективтерге инфекция
таратып және аурудың шығу көзі болуы
мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет
тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте
тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті
жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып
отырады, түзілген иммунитеттің шамасы
келмейді.
2-оқушы: Тұмаумен ауырған
адамды тез арада басқа отбасы мүшелерінен
оңашалау керек. Оның бөлмесінде
залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас
үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық
жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар,
транспортта, балалар бөліміне бармауы
керек.
Науқасты төсекке жатқызып,
көп мөлшерде ыстық сусындар: шәй, кофе,
қайнаған сүт береді. С витаминінің
жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы.
Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру
керек. Дәрігердің нұсқауына дейін
науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде
егер температурасы 39 С градустан аспаса,
дене қызуын төмендететін дәрілерді
беруге болмайды.
б) Пайдалы кеңестер.
Тұмауға қарсы сусын дайындау.
«Бал
қосылған таңқурай»
(ыдыс-аяқтарын,
тағам түрлерін пайдаланып, сабақ үстінде
дайындайды)
3-оқушы: 1 ас қасық бал,
1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай,
1 ас қасық қарақатқа, 100мл. қайнап тұрған
су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында
½ стаканнан күніне 3 рет ішеді.
в)
Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына
пайдалы және зиян» (флипчартта)
3.
Денсаулық туралы бірер сөз.
- «Денсаулық»
туралы бірер сөз айтуға 2 «А» класс
оқушыларын ортаға шақырамыз.
М: -
Құрметті оқушылар, қонақтар! Ауырып ем
іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені
сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын
орындайды. Денсаулықтан артық байлық
жоқ.
4-оқушы: Денсаулық.
Шыныққан
шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп
келеміз.
Денсаулық – «5» сабақ «5»
Деп
рапорт береміз!
10
Ұйқыңнан
ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің
болсын әрқашан
Жаттығу жасау,
жуыну!
Суық қардан онша қорқа
қоймасаң,
Шынығасың таза ауада
ойнасаң.
Осы кезде спортпен
шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты
ойлайсың.
Қабақ түйсең, саған ешкім
қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен
амандас.
а) «Күн шапағы» шеңбері
М:
- Әрине, дұрыс айтасың! Денің сау болу
үшін шынығу керек. Ендеше шынықтыру
үшін, дене мүшелерімізге назар
аударайық!
Оқушылар «Күн шуағы»
шеңберіне тұрады. Күннің макетіндегі
күн сәулелерін ұстап тұрып, қимылмен
көрсетеді.
Адамның дене мүшелері.
ә)
«Орамал тастамақ» ойыны.
Денсаулық
туралы мақал – мәтелдер сайысы.
б)
«Пайдалы және пайдасыз тағамдар»
сызбасымен жұмыс.
в) «Тазалық»
сақшыларының сабы
Т - тазалық –
денсаулық кепілі
А - ауырып ем
іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З
- зарлымын деме, жанында жара болмаса
А
- ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың
досы – шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы
таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.
4.
Салауатты Өмір Салтын ұстанып жүрейік
5. Сабақты аяқтау.
11
Тақырыбы:
СПИД – ХХІ ғасыр дерті.
Сабақтың
мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп
төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің
алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан
сақтана, қорғана білу туралы
түсіндіру.
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
Оқушыларды жаман
әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал
деректері, пікірталас, мақал -
мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе
сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының
назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД
(иммунитет жетіспеушілік синдромы)
дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған
мың адамдардың өмірін жойған осы бір
қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір
- түкпірінде күн сайын хабар бермей
отырған бірде - бір газет, журнал,
теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл
дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып
келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы
және негізгі белгілері, одан сақтану
жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу
тәсілдерін білгеніміз жөн.
СПИД
вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД
– ғасыр індеті. СПИД – Жұқтырылған
Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни
ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит
деп аталатын қан клеткаларының саны
күрт төмендейді. Қазақстанда 4,5 мыңнан
астам адам жүре пайда болған Иммунитет
тапшылығы синдромы , яғни СПИД – ке
шалдыққан.
Мұғалім: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.
Бұл
дерт, яғни жұқтырылған иммунитет
тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет
адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары
американ ғалымы Роберт Галло мен француз
ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл
аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы
бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының
вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары
Африка аумағында белгі беріпті.Содан
жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен.
«Құлақ естігенді, көз көреді»-деген.
Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш
сырқат 1987 жылы анықталды.
Елімізде
бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында
3967 , ал Жезқазған қаласында 15 жағдай
тіркелген.1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен
күрес және оның алдын алу орталығы
құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады. Аурудың
алғашқы белгілері бес жылдан соң
байқалады, бұл уақыт ішінде ол ауруын
талай адамға жұқтыруы ғажап емес. ЖҚТБ
вирусы қанда, адам зәрінде, ұрығында,
ана сүтінде және сілекейде болады.
Сондықтан
осы ауру туралы 10 сынып оқушылары
сіздерге мәлімдеп береді.
Индира: СПИД
вирусы адам ағзасында қалай өмір
сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның
лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп,
клетканың генетикалық аппаратына
жабысып тез көбейе бастайды.
Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. 12
Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
Аружан: СПИД
құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс!
Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар
көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі
мынау бір өмірдің бар қызығын көре
алмай, арманда кетіп бара жатқан,
жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын
тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр
таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген
картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір
қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым
да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем
қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс
көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген
жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен
жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге
келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден
таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар
ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір
сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім.
әке - шешем бар дегенімді жасады. анда
- санда әкем мен тентек болған кезде,
айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,
жалғыз балада нең бар?»- деп ара
түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне
түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш
басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп
алды анам алдымнан шығы,
- Иә, ата -
анамның еркелеткені мені одан әрі
құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше
екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге
дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір
күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп
келді. Олардың да мен секілді ұлы бар
екен. Сонымен «іздегенге сұраған»
дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын
болды. Оның менен айырмашылығы наша
«деген» пәленің дәмін ерте татқан екен.
Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам
баласына әкелетін қасіретін ол кезде
кім білген? Егерде білген болсам тіріде
жолаймын ба?!
(Денесін сырқат сыздатқан
жас жігіт жасаураған жанарын төмен
салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада
екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз,
есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге
жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді.
Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге
де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол
инені көрсем аузымнан суым шығып, есім
кететінБұл кезде әкем автомобиль
апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның
жиған - тергені есірткінің айырбасына
кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай
бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға
түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен
ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл
білмей жүріппін.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. 13
Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па,әлде еркелік
пе? Қазір
ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің
улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.
Бәрі кеш енді.
Бұл тірлікте не
тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД
деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп
барам арманың,
«Жалғыз бала» деп
өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған
анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам
ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол
үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам
да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер
кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар
бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды
қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда
әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен
темекіге, есірткіге жоламаңдар сол
үшін!
Азалы да ащы әуен ойнады. Жан
төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ
аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл
оның ақтық сөзі еді.
Видео
ролик көрсетіледі
АҚТҚ – адамның
қорғаныс тапшылығының қоздырғышы –
ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын
қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ
қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын
зақымдайды.
ЖҚТБ – жұқтырған
қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен
байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ –
АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі
таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай
айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр.
Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына
қалады. Өкінішке орай, кез келген адам
АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін,
алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары
туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп
,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және
ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.
СПИД
қандайжолменжұғады?
Қанарқылы (тікелейқанқұйғандаинелердіауыстырмайбірігіппайдаланғанда)
Ауру ананыңсүтіарқылы;
Ауру әйелдентуылғанбалаға;
Жыныстықжолменжақындасқандабірадамнанекіншіадамғажұғады.
ЖҚТБ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:
-
Қол алысып, құшақтасқанда
— Ыдыс-аяқтан,
тамақтан, дәретхана заттарынан
—
Төсек жабдықтары мен киімнен
—
Темір және қағаз ақшадан
— Су мен
ауадан
— Ойыншықтардан, қолданыстағы
заттардан
— Есік тұтқасы мен көліктегі
ұстағыштан
— Жәндіктердің шағуынан
14
—
Моншада, саунада, бассейінде
— Бой
жазу, т.б.
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдарман дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесетін жағдайдың бірі осылай болған еді. Бір жас келіншек құлағын тестіруге арнайы құлақ тесетін автоматқабарып құлағын тестіреді. Бірақ уақыт өткенсоң өзінің денсаулығындағы өзгерістерді байқап тексеруге барады. Ол өзінің қатерлі ауыруды жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды. Бір күні тісі ауырып тісін жұлдыру керек болады. Ауруды жасырғысы келіп мемлекеттік емханалардан қашып жеке меншік ашылған емханада ешқандай анализ өткізбей, тексерусіз тісін жұлдырады. Жаскеліншек келесі “құрбан” кім екенін білуге есік алдында аз ойланады. Ол тісін қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды көріп көз жасын моншақтата төгіп жүгіре жөнеледі. Аяусыз тағдырға, дауасыз дертке кім кіналы?
Мұғалім:Қадірлі оқушылар бұл болған, болмағаны белгісіз газетке жазылған әңгіме үзіндісі десек те, бізді ойландырар жағдайлар жетерлік. Осы жағдайда кімді кіналы санайсыздар?
1-
оқушы: Менің ойымша,
бұл жағдайда дәрігерстомотологқа барған келіншек кіналы. Егер
де ол барған жағдайдың өзінде
СПИД
атты қатерлі дертпен ауыратыны жайлы
дәрігерге ескерткен болса,
ондааяусыз тағдырға ұшыраған
15-16 жастағы қызды ауыруға шалмаседі.
2-
оқушы: Ал менің ойымша,
сол келіншектің алдында құлағын тескен адам кінәлі.
Өйткені ондай аурумен ауырған соң құлақ тестіріп және басқа
да адамдарға жұқтырудың мәні неде?!
3-
оқушы: Менің пікірімше, бұл жағдайдағы
15-16 жастағы жасөспірімдер мемілекеттік
емханаларда емделуі тиіс. Сол жағдайда
мүмкін ол бұндай тағдырға душар болмас
па еді?!
4- оқушы: Мен ойымды білдіретін
болсам, құлақ тесетін адам да кінәлі.
Өйткені әр
адамнан кейін инені
арнайы микробтарды өлтіретін сұйықтарға
салу керек. СПИД вирусы келесі адамға
жұқты, яғни ол адам ондай жұмыстарды
атқарған емес.
5-
оқушы: Кінәлі стомотолог деп есептеймін,
себебі бір адамға қолданған
құрал-
жабдықтарды ешқандай
тазартусыз екінші адамға қолдану дұрыс
емес. Егер ондай болмағанда, қаншама
адам дауасыз дерттен аман қалар еді.
Қорытынды:
Мұғалім: “Ауруын
жасырған өледі” демекші аура қалсаңдар,
дереу дәрігерге қаралу керек. Себебі
өзге адамдарға зардап тигізбеуді
ойлан.Бұл тақырып бойынша қандай
айтылмаған пікірлер мен түсініксіз
сұрақтар бары туралы оқушылардан сұрау.
Оқушы тренингке қатысушылардан жаңадан
не білгені туралы, оларға қызықты,
пайдалы болған деректерді сұрау.
15
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Мақсаты:
Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Мультимедиада дайындалған слайдтар: Ата Заң туралы мәліметтер,
Видеофильм «Қазақстанның гүлденуі»
Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.
Түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.
Барысы:
Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».
Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)
Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, Отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың айтып өтіңдер (2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.
Отан-менің ата-анам
Отан-досым бауырым /жатттау/
Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)
Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
Еліміздің тұңғыш Президенті кім?
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Рәміздерді атап беріңдерші. 16
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?
Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Мұғалім Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн 17
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн
демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК-на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.
Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.
Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды
18
Тақырыбы: «Дәрумендер – әліппесі»
Мақсаты: Дәруменнің адам денсаулығына маңыздылығын түсіндіру.
Білімділік: Балалардың денсаулық жайлы білімдерін нығайту және жеке гигиена туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Жемістер мен көкөністердің дәрумендерге бай екендігін, жеткізе білу.
Тәрбиелік :Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: жеміс, көкөніс, денсаулық, гигиена, спорт
Үштілділік: жеміс-фрукты- fruit, көкөніс-овощи-vegetables, денсаулық-здоровья-health, гигиена-hygiene, спорт-sport
Көрнекі құралдар: қыс мезгілінің көрінісі, жеміс, көкөністердің суреті, жаттығу шаралары, ойын суреті
Шаттық шеңбері
Шуағын
шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу
алып нұрынан
Денсаулықты
түлеткем,
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл
— күйің жадырай,
Денсаулық — ол
жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Ұйымдастыру:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс айларын атаңдаршы?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
-Суық болады, қар жауады, боран соғады.
-Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?
-Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
Ал дәрумендерге нелерді жатқызамыз?
Көкөністер Жемістер
-Балалар бүгін біздің оқу қызметімізде көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
-Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға, әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет.
20
-Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Денсаулық сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәруменнің пайдасынан басқа спортпен шұғылданған жөн. Денсаулығың мықты, әрі сымбатың әдемі болып өсуіміз үшін тазалықты қатар алып жүрген дұрыс. Біз балабақшада жеңіл спорттың түрлерімен күнделікті айналысып жүрміз.
Таңертеңгі уақытта ритмика (би қимылдарымен) айналысамыз.
Аптасына үш рет дене шынықтыру (оқу қызметіне) барамыз.
Ұйқыдан тұрған соң, жеңіл жаттығулар (шынықтыру шаралары) жасаймыз.
Дидактикалық ойын:
«Дәмін ажырат»
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністердің түрлерін дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Көздерін жұмып, жемістер мен көкөністердің дәмін тату арқылы ажыратады.
Сергіту сәті:
Жалқаулықты
тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
21
Шынығамыз жастай
біз,
Қиынсынып қашпаймыз.
Иілеміз
оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қимылдайды
әр сәтте,
Аяқ та бір, қолда бір
Деніміз сау болу үшін міне, еш қиын емес тек бәрі өзіміздің қолымызда. Ендеше өзімді күтіп, қадағалауымыз керек. Сонда ғана дені сау, мықты, сымбатты боламыз.
Осы қағидаларды ұстансақ, ешқашан ауырмайтын боламыз.
“Денім
сау болсын десең!!!”
.
21
Қорытынды:
Бүгінгі оқу қызметімізде денсаулыққа пайдалы көптеген кеңестер алдық.
Не түсіндік, нені білдік?
Денсаулығымыздың өз қолымызда екенін ұқтық па?
Үйдегі күн тәртібіңді ата?
Таңертең жаттығу жасайсыңдар ма?
Жеміс- көкөністерді жуып жейсіңдер ма?
Осы кеңестері орындау қолымыздан келе ма?
22
Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім бұлағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы
түсінік беру.
Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін
дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу,
кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.
Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.
Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін. 23
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адамға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкің,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Оны қазір байқап көреміз
Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?
Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Ал, білімің – кітап нағыз,
Қанып ішсең сусыныңды қандырады.
Кітап – ұстаз,
Кітап – үйретуші.
Кітап – нағыз дос, жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.
Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)
Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсе;
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.
3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?
Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап
оқымай
ми толмайды, көз
көрмей,
көңіл
тыңбайды.
**Оқырмандарға
айтарым: көңіліңе ұнаған
кітапты күн
сайын оқу
керек, тіпті жылына бір рет қайталап
оқу
керек, сонда одан бұрын
аңғармаған
көптеген
пікірлерді табасың.
**Саф
саф алтын тапқын
келсе, кітапты көп
оқы,
ол мың кітаптың бірінде
жатыр, іздене бер, кездесесің!
**Кітаптан әнуар
нәрсе
таппадым, жылынасың я
суынасың да, қуанасың да,
мұңаясың да,
сүйтіп өзіңді әлемнің бір
бөлшегіндей
сезінесің.
**Кітапты
оқысаң, өзіңнің қай
жерде адасып жүргеніңді
білесің.
**Әр
кітап оқыған
сайын, бұрын
беймәлім
дүниенің есігін
ашып кіргендей өзіңді
сезінесің,
кітаптың кереметтігі
осында.
**Кітап бір үғымды әсерлеп
көрсетудің әртүрлі
жолын көрсетеді.
**Кітапта
сыр-сипат көп,
оқып
шығу
бірінші іс. Окығанды
ой таразысынан өткізіп,
салмақтау
екінші іс, өз
ойыңмен
салыстырып саралау, қортындылау үшінші
іс. Ал бұны
істей алмасаң,
окыған
кітабыңның берері
аз. Кітап сараң,
кім-көрінгенге
сыр-сипатын бере бермейді.
**Кітап
алып күш қана
емес, күркіреп-күрсініп
жатқан өмірдің өзі.
24
**Кітапты
көп
оқыған
кенже қалмайды.
**Адам өледі,
кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер
сабағы,
ойы ғарыштан
да шексіз, жарық,
нұрлы, қуатты.
**Сезімтал,
сергек жасқа ұлы ұстаз
— кітап.
**Түсініксіз ұғымды,
пікірді, сұрауды
білу үшін
талай кітаптың бетін
ақтарасың,
арқа
етің арша,
борбай етің борша
етіп іздегенді табасың,
**Кітапты қалам
жазбайды, қаламды ұстаған
жазады
**Оқыған
кітабыңдағы
сөз өз
ойыңдай, өз
түсінігіңдей
болса, онда ол
кітапты жаман жазылған
деуге болмайды, себебі кітаптағы
сөзді өз
ойыңмен
салыстырып, салмақтап
көресің,
сүйтіп
түсінігіңнің дұрыс
бағытта
екеніңді, өз
мөлшеріңді
байқайсың.
**Жақсы
кітап жолдағы
бастау, әр
адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді
жылыту үшін
кітапты көп
оқы.
**Керексіз
кітап болмайды, керегін таба алмаған
оқырман
болады.
**-Әр
оқыған
кітабыңнан сезімге
– сезім, ойға
– ой, үмітке
– үміт
тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді
бақытты
сана.
**- Қай
істе болмасың,
басы мен соңы
болады. Сол сияқты әр
кітаптың басы
мен соңы
бар, оған
ерекше мән
бере оқу қажет.
3.Қорытындылау
25
Тақырыбы: Абайла, көктайғақ!
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау
I. Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
Психологиялық сәт.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Жұмбақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?
- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?
- Қыс несімен қызық?
- Қыста біз не жасаймыз?
КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.
Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.
• Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.
• Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.
• Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.
Қарлы боран (дауыл)
Егер сіз боранда қалсаңыз:
Қар үстінен паналайтын орын дайында;
ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
Қар көшкіні болған жағдайда:
Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек 26
Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
"Қар жинау" ойыны
- Сабақтың соңында балаларға қыс туралы өлең оқып беру.
"Сырғанақ" Б. Жақып.
Қыс.
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне.
Ақ қарлар ақ көбелек,
Қонды үйлердің үстіне.
Боран соғып бірде өкпек,
Үйге айдады кір деп тек.
Мұз көрпеге оранды,
Сулар тоңып дірдектеп.
Аулаға қар үйгізді
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
Р. Тышқанбаев
Қыс.
Басыпты енді арынын,
Боран түнде бұрқаған
Түсі де қыс қарының
Аумайды екен ұлпадан.
Қар жамылды бақтарым,
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желікті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомған теректің,
Ақ шалыпты самайын.
Бағалау оқушыларды мадақтау.
27
Тақырыбы:Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы, мақсаты, мүддесі.
Қаны қазақ, тәні қазақ деген жандарды бұл мәселе жай қалдырмайтыны анық. Тәуелсіздіктің оңай келмегенін, сол жолда қаншама қандастарымыздың тері мен қаны төгілгендігін ақын, жазушыларымыз тебірене шығармаларына өзек етті. Қалай десек те, бойында ұлттық намысы бар азаматтың егемендікке - тәуелсіздікке шүкіршілік етпегені қалған жоқ. Алайда бұрынғы тәрбиеге еті үйреніп, өткенді аңсайтындардың болғаны анық. Сондай қарама-қайшылыққа толы ауыр заманда ақын, жазушыларымыз қалың қауымды қайраттандыру мақсатында қазақтың көркем сөзі мен көне тарихының белгісіз жақтарын ашу арқылы халықтың жігерін ұштап, таным-түсінігін қалыптастырды. Осы жолда қазақтың өткен тарихы мен болашақтағы мақсат-мүдделерін ашып көрсететін поэзиялық туындылардың да үлесі зор болды. Мәселен, XX ғасыр әдебиетінде тәуелсіздік, ұлт мүддесі тақырыбын шығармаларына өзек еткен ақындардың бірі - Мағжан Жұмабаев. Ол өз жырларында халықтың бас бостандығын, бақытты тұрмысын, егемендігін, еркіндігін аңсады. «Сағындым» өлеңінде:
Не көрсем де, алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін! –
деп өзінің азаматтық мақсатын айқын аңғартады. Ал ақынның
«Міне , алтын таң атты ,
Күншығыстан ағарып» деген сөз қолданысынан елдің жаңа өмірге беттегенін, жарқын болашаққа сенімін, тереңірек ойласақ, ата-бабаларымыз аңсаған нұрлы мақсатты көздегені байқалады.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында өз ұлтының жайына алаңдап, мұқтажын ойлаған азамат ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерінде де халықтың көзін ашу, білімсіздікті жою, халықты ерікті, мәдениетті ету, ана тілімізді баянды етіп, қадіріне жету секілді ұлттық идея анық байқалады.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?» - деген өлең жолдарынан – ақынның ұлт жанашыры екенін байқаймыз.
Ұлттың жаны – оның тілі екенін ескерсек, ақынның:
Сүйемін туған тілді,анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім, - деуінің өзі қазақ тілінің мәңгі жасайтынына сенімін білдіргені.
XX ғасырдағы шоқтығы биік ,алаш ақындарының бірі Міржақып Дулатов та өз жүрегінен шыққан туындыларында ел, жер, халық мәселесін көтерген. Бәрімізге таныс «Оян ,қазақ!» өлеңінде қазақ халқын ояту ,ойға қозғау салу мақсатында сүйектен өтетін көркем сөздерімен өз ойын шебер жеткізе білген. Өлеңдегі «оян» сөзі – автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы. «Алаш» деп ұрандап, «оян» деп шырылдайды,соңындағы ұлтжанды азаматтарға танымдық – пәлсапалық ойлар айтады.
28
Әдебиетке Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ұлтжанды азамат екенін аңғартады. Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. «Орысша оқыған ғана адам болады», «Орысша оқыған ғана мәдениетті» деген сыңаржақ пікір бой көрсете бастаған тұста Жұбан Молдағалиевтің суырылып шығып, «Мен – қазақпын!» деп үн қатуы ақындық, азаматтық ерлікке барабар еді.
Мен-қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-
Айта бергім келеді,айта бергім,-
дейді. Көптің көкейінде жатқан ой-сезімді тап басып толғағаны үшін поэма айрықша беделге ие.
Осы тәріздес ойлар ақын Қанипа Бұғыбаеваның шығармаларында да кездеседі.
Оят, балам ,жер тамырын тоқтаған,
Отыңнан от бер жүрекке соқпаған.
Бәрін қойшы , өтер,кетер өмірде
Азаттықтан артық бақыт жоқ маған!» -
деп өз өлеңдерінің бірінде бақыт жайлы түсініктердің неше алуан түрлерін өлең жолдарына қосып,тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ екендігін айтады.
Қай халықтың ақынын алсақ та, әр ақын өзі өмір сүріп отырған уақытына сай заманының, халқының өзекті,басты мәселелерін көтерері анық. Жоғарыда айтқандай XX ғасыр ақындарының басты, өзекті тақырыбы-тәуелсіздік . Ал, тәуелсіздік алғаннан кейін ХХІ ғасырда бұл тақырып қазақ елінің мәңгілік тәуелсіз ел болып қалу идеясына ұласты десек болады.
Осы үндестік қазіргі кезең ақындары шығармаларында анық орын алады. Ақын Сембек Абдрахманов «Қазақ елі-мәңгілік ел» өлеңінде:
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірлітен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі-Мәңгілік ел боп қаламыз, -
деп жырласа, бүгінгі таңда көпшіліктің көзайымына айналған, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы «Мәңгілік ел белгісі» өлеңінде:
Бақыт құсы қонарда, Мәңгілік ел боларда,
Періштенің қасына сайтан, сірә, жолар ма?
Мәңгілік ел белгісі-аспандаған Бәйтерек,
Жайнап тұрған Астана, жарқыраған Ақорда!-
деп арманның төресі - мәңгілік ел болу екенін айтқан.
Осы ой Маралтай Райымбекұлының «Мәңгілік ел» өлеңінде де жалғасын тапқан. Мына өлең жолдары «Мәңгілік ел болу» идеясын көтерген барлық шығармаларды түйіндеп тұрғандай:
Мәңгілік Ел-арманымның асқары,
Мәңгілік Ел-бақытымның бастауы.
Мәңгілік Ел-тарихымның дастаны.
Мәңгілік Ел-Нұрлы жолға бастады. 29
«Мәңгілік Ел-қазақ елінің ұлттық идеясы» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті халыққа Жолдауында айтқанындай, Мәңгілік Ел-ата-бабамыздың сан
ғасырлық арманы. Мәңгілік ел – теңдік, адалдық, еңбекқорлық. Бұл арман басқа дамыған елдермен терезесі тең болсын, болашақ ұрпағы ертеңі мен бүгініне сенімді болсын, керегесі кең, шаңырағы берекелі болсын деген үміттен туған. Есте ұстайтын басты қағида - Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны сақтап қалудың қиындығы. Бұл бізге талай халықтың тарихынан белгілі. Елбасының: «...өткеннің тағылымынан, өзгенің қателігінен сабақ алып, тәуелсіздікті сақтап, мәңгілік дамыған, татулығы жарасқан, зиялы, мәртебесі мен абыройы асқақ ел болып қалу - міндет» деуінің өзі бізге Мәңгілік Ел болудың басты шартын нұсқап тұрғандай.
30
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұру.
Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
Олай болса, «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
-
Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі
деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде
бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не
болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол
үшін не істеуіміз керек?
ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды? 31
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
2. Жұмбақтар шешу:
1.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2.
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып
аялайды. (Автобус)
3.
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден
басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4.
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ
та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
5.
Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың
бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6.
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта,
жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»
Қоян:
-
Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
-
Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың
ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен
ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің.
Көлікке жабысамын деп...
- Сен не
көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
-
Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға
болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын
жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін
деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
-
Көрдім
- Көшеде қалай болса солай
жүруге, көліктерге жабысуға болмайды
ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
-
Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол
ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
-
Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға,
жүргізушілерге арналған ережелер
болады. Сол ережелерді сақтау керек.
-
Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
32
-
Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл
салады, ең қорқыныштысы сен сияқты
жарақат алады.
- Қоян, жол ережесі
деген не ол?
- Ал сен оның не екенін
білмейсің бе?
- Жоқ. Ендеше « Бір дерек»
айдарын көрейік. Сонда жол ережесін
білетін боласың.
Бейнеролик тамашалау.
IV. Қорытындылау
1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.
Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)
- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)
2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.
Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Қорыта келе:
Ирек
– ирек көшелер,
Көше деген мың
ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің
біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге
алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды
аяқтаймыз.
V. Кері байланыс
Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.
Сахналық көрініс «Қоян мен Қасқыр»
Оқушылар бейнероликтен «Бір дерек» айдарын тамашалап, жол ережелерімен танысты.
Бейнеролик «Қожанасырдың жол ережесін білмеуі» мультфильмі
33
Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы»
Мақсаты: Оқушылаға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері.
Барысы:
Мұғалім:
Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейін байтақ жерімізде желтоқсанның қара дауылы үдей соғып, дүрбелең жайлады.
Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді, міне дауыл тербеген теңіздей буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалып сол бір қастерлі де қасіретті күндерден бергі 20-жыл да тарих қойнауына тартып барады.
Қазақ қазақ болғалы өз бас бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, қанмен де, ашаршылық нәубетпен де, небір репрессиялық қуғын-сүргінмен де қорғаған.
1-оқушы:
1986 жылғы 16-желтоқсан –Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут. Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге таптауға жетіп – артылды.
Жиналғандар дереу Қазақстан компартиясы орталық комитетінің 1-хатшысы Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Колбинді сондай бірауыздықпен сайлады.
2-оқушы:
Алматы қаласы 1986 жылдың 17-желтоқсанында таңғы сағат 8.00-де Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара қатарлары көбейді. Алаң қарақұрым адамға лық толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар-студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарындағы транспоранттарда «Қазақстан жасасын!», «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», «Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған.
3-оқушы:
Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасашылар шоғырландырылды. Ал шеруге шыққандардың қатары 10 мыңға жуық. Олар сонда да міз бақпайды, қасқайып, сабыр сақтап, талаптарын қоюда.
Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда қалды, жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда милиция, үшінші қатарда әскер тұрды.
Сұлтан.
Қыстырмады оны ешкім құлағына,
Қарамады көз жастың бұлауына. 34
Темір жасақ тепкішіл империя.
Қантөгістің жол берді лаңына.
Шаштан сүйреп жазықсыз бұрымдарды,
Бет ауыздан бейнесіз жырымдалды.
Көшелерге шығуға орын болмай,
Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды.
4-оқушы:
17-25-желтоқсан аралығында ішкі істер бөлімдеріне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы, 102 жұмыссыз, 1214 комсомол мүшесі, 54 партия мүшесі әкелінді делінген. Ал 1986 жылдың 25-желтоқсанынан 1987 жылғы маусым айының соңына дейін 5327 адам прокуратурада, 850 адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде жауапқа тартылды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Жеңіс.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Мұғалім:
Ызғарлы қыс-тоқсан күн
Желтоқсан деп аталған.
Желтоқсанда жастарым
Тәңірінен бата алған.
Батамен елім көгерді,
Бодандық билік көнерді.
Тәуелсіз атқан таң үшін
Еске алам өрттей өренді,-демекші осы Желтоқсан көтерілісінен кейін жер-жерде тәуелсіздік таңы ата бастады.
Ән «Желтоқсан желі».
35
Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі.
Мақсаты:
Білімділік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін арттыру. Денсаулық өмірдің тірегі екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Тәрбиеленушілердің салауатты өмір сүруге зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Тәрбиеленушілердің ойлау, есте сақтау, танымдылық қасиеттерін, болашаққа деген көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд.
Меңгерілетін сөздер: Спорт, денсаулық, шынығу, зиян, асық, көкпар, оқтау тартыс,шымыр, салауатты өмір салты.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Тәрбиеші:
Балалар, тәрбие сағатының тақырыбын бәріміз бірге оқимыз.
Оқушылар:
«Спорт – денсаулық кепілі».
Тәрбиеші:
Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрған соң не жасаймыз?
Оқушылар:
Ертеңгілік жаттығу.
Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру.
Тәрбиеші:
Денсаулығымыз мықты болуы адамның өзіне байланысты.
Адам денсаулығына жақын достары не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:
Тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.
Тәрбиеші:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз. 36
І-топ: «Денсаулық» тобы.
Ұраны: «Денсаулық – зор байлық».
ІІ-топ: «Шымыр» тобы.
Ұраны: «Шынықсаң – шымыр боласың».
Сайыс жоспары:
«Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап)
«Білгенге маржан, білмегенге арзан» (мақал-мәтелдер)
Ойын (іс-қимылмен ойын түрлерін көрсету)
«Суреттер сөйлейді» (суретпен жұмыс)
Көрініс (тақырыпқа сай)
Тәрбиеші:
Сайысымызды бастаймыз.
1-кезең: «Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап)
Берілген сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап беріңдер.
Спорт дегеніміз не?
Спортпен неге шұғылданады?
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Ұлттық ойындарды ата.
Күн тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?
Зиянды әрекеттер.
Зиянды тағамдар.
Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Туын көтерген спортшыларды ата.
2-кезең: «Білгенге маржан, білмегенге арзан» ойыны.
Тақырыпқа байланысты берілген мақал-мәтелдер арасынан тақырыпқа сайын табу.
3-кезең: Ойын (іс-қимылмен ойын түрлерін көрсету)
1-ші топ спорттық ойындарды іс-қимылмен көрсетеді. Қарсылас топ ойынның атын табу керек.
4-кезең: «Суреттер сөйлейді» (суретпен жұмыс)
(Балалар берілген суреттер бойынша жұмыс жасайды.)
5-кезең: Көрініс (тақырыпқа сай)
Ән: «Спорт».
Қорытынды:
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар!
Егер деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен.
Таза ауады демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану – барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтылғандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз
37
Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі.
Мақсаты:
Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған
аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу,
ұлтқа тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып
бөлмесі мерекеге лайық безендіру,
даналық сөздер жазылған плакаттар.
Интерактивтік
тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі:
- Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген
мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.
Осынау үш әріптен құралған қасиетті
сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен
шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен
өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да
ананың сүтімен жаралған. Жақсылықтың
нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы
құшағындай, саф алтындай тазалығы мен
сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін
төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей
ибалылық себетін көгілдір көктемнің
алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы
мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға
келді! Осы
мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары
мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып,
қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен
тыныштықтың жаршылары, адамдық пен
адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет
десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем
көркімен, жүрегінің өртімен небір дана
мен данышпандарды табындырған, сүйкімді
қыздар, аяулы аналар, асыл әжелер
мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
— Бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.
1
жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда
келер жырын алып – деп ән мәтінінде
айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз
айы туып, ардақты аналар мен ару
қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз
мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер
ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі
мен жүрегі болып табыласыздар.
Әжелеріміздің, аналарымыздың, қыздарымыздың
көңілдері көктемнің шуақты күніндей
мейірім – шапағатқа бөлене берсін.
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың
мерекелері құтты болсын!
1 жүрг:
Айналдым
«ана» деген асыл аттан
Шуағын бар
әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап
жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып
даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
38
Сіздерсіз
ғой аналар
Зор денсаулық мол
бақыт
Тілейміз біз балалар!
1-жүрг.
Олай болса, Зулейха қызымыздың сіздерге
арнап бір тамаша ән айтады, қабыл
алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Олай болса балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Аналарды ардақтаған бабалар Саят
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Дүниедегі
ең ардақты асыл жан, Ақниет
Анам менің
мәпелеген жасымнан
Мен қуансам
қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады
қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан
тараған
Жер бетіне өмір нәрін
себуші
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
Сүйіктім деп жүретін, қадіріңді білетін. Ердаулет
Өссем ұл боп жан ана, орындалар тілегің.
Сөзің шырақ секілді, сүйем соған жетуді.
Қанат қағып самғауға, балаң бекем бекінді.
Ана
десем – шешек атып жанары Асемай
Өмірімнің
бастау алар жаңа әні
Ана
деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде
жұлдыз болып жанады.
Шуақты
көктем келді гүлін алып Райымбек
Көктемнің
мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі
де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі
халық.
Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым. Олжас
Әлпештеген баласын, айналайын анашым
Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы, Санжар
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы. 39
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым Аяулым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Аналарды ардақтаған халқымыз Зулейха
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
1
жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе –
жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі,
қыздарымыздың да мерекесі.
Қыз емес
қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған
айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын
орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай
білген, ізгі салтын – демекші, қыздарымыз
бен ұлдарымыздың орындауында «Су тасушы
қыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән
шашу
2-жүрг: Дүниедегі құдіреттің
бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің
мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.
1-жүрг. Ендеше бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын:
«Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5
бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен
қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір
сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5
баланың біреуі, менің мамамның даусы
деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына
отырады.
Мұғалім.
Біздің қыздарымыздың биін қабыл
алыңыздар.
2-жүрг: Барлық ана баласымен
бақытты, барлық бала ата – анасымен
бақытты – деп, ортаға балаларды
шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа
деген сөзді де
Әке деген сөзді де
40
Аға
деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан
балалар!
1-жүрг.Күнім, жаным
дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным
дегенді
Айналайын дегенді
Толған
айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан
аналар!
2-жүрг: Ендеше аналарымызға
арналған шағын ғана сыйлықты қабыл
алыңыздар. (Слайд көрсету). 1 жүрг: Құтты
болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты
да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз
бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана
жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл
гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле
шашқан әсем күндей
Көтерілсін
көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық
бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі
мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Ән
шашу. Оқушылар хормен ән айтады. Мұғалім.
Енді балалар өздерінің қолдарынан
дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын
тапсырады.
Ұлдарымыздың қыздарымызға
арнаған шағын сыйлықтарын тарту
етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп
таратады.
41
«Табиғат -тал бесігім».
Мақсаты: балалардың «табиғат» «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- табиғатпен адам үйлесімділігі: оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру:
- табиғатқа қамқор бола білуге іскерліктерін дамыту;
- табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі; Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығы В.А.Сухомлинский.
Барысы:
- Балалар, табиғатты аң, құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен оғындырары мол. Сондықтан табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң, құстардың табиғатқа бізге берген сыйы деп түсініп, оларға қамқор болумыз керек.Балалар, енді «жер», «су», «ауа», «өсімдік» атты топтарға бөлініп, олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз.
1-тапсырма: табиғаттың адамға пайдасы:
2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы.
«Жер» тобы: 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді.
2.Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды.
«Су» тобы: 1. Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды.
Адамдар судың қадірін дақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес.
42
«Ауа» тобы: 1.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды.
2. Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады.
«Өсімдік» тобы: 1.Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл күйлерін көтереді.
2. Адамдар өсімдіктердіңөздеріне таза ауа сыйлайтынын, әдемілік сыйлайтынын жақсы түсінеді.Олардыңкейбір түрлерінің дәрілік, емдік қасиеттерінің барын біледі. Сондықтан әр адам баласы өсімдіктерді күтімге алып, жақсы өсуіне жағдай жасайды.
Міне, балалар, табиғат дегеніміз-аң, құс, өсімдік,тау, тас, өзен, көл.Олардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы.Енді балалар, мына әңгімені тыңдап көрелікші…….
«Қарлығаштың ұясы» (Сәбит Дүйсенбиев) (оқып беру)
Сұрақтар:
Қарлығаш не үшін үйге ұя салды деп ойлайсыңдар?
Гүлжамалдың құрбысының әрекеті дұрыс па?
Сендер олардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Қарлығаш Гүлжамалдың үйіне неліктен қайта ұя салмады?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, Гүлжамалдың құрбысы үлкен қателік жасады.Табиғат-ана құспен достассын, оның балапандарына қамқорлық жасасын деп екі қызға сый жасаған еді. Олар бұл сыйды дұрыс қабылдаған жоқ.
- Көрдіңдер ме, балалар, құстарда тыныштықты қалайды. Олар да қамқор бола білмеген адамдарға рендиді. Ал қарлығаш адамдарға жақын ұшып, кімнің үйіне ұя салса , сол үйге тыныштық пен бақыт келеді деп ұяны бұзбаған, балапандарына қамқор болған.
- Иә, балалар, құстардыда қорғай біліңдер.Қыста бүрісіп отырған торғайларға жем шашуды ұмытпаңдар. Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп, қыста қалады емеспе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршасада сендерге сеніп, сендерді сағынып алыстан ұшып келеді. Оларғада ұя жасап, жемшашар әзірлеп күтіп алыңдар.
Табиғат-ана
Ей, балалар, балалар, Жасауға жұмсақ ұяны,
Аман болсын аналар. Жабағы жүнді жияды.
Құстарда да ана бар, Жайлықып жасап ұяны,
Құсарда да бала бар. Жұмыртқасын салады.
Кім сүймейді баласын, Бір қуанып қалады.
Осылар еске түскенде. Тырнақтай құстың жауы көп,
Ойдың да әбден піскенде, Құрулы ажал ауы көп.
Бір ойланып қаласың.
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
43
Оқушылар:
Балалық қып қызбайық!
Құс ұясын бұзбайық!
Жұмырқасын алмайық!
Обалына қалмайық!
Тақия тұзақ салмайық
Қарғысына қалмайық!
Әдейі көздеп атпайық!
Көп күнәга батпайық!
Мұғалім:
Балалар,
мұны ұғыңдар,
Уәдеден шығыңдар.
Құстар біздің досымыз,
Құстардың біз досымыз.
Ұшып
жүрсе аспанда,
Сыр түйеді
жас жанға.
Қазастан туған жерім киелім,
Қастерлеймін
басымды да иемін.
Табиғаттың- таптырмас жан байлығын,
Бәрін,
бәрін аялаймын, сүйемін.
Табиғат сен тіршілік
тұнып тұрған,
Сен- Күнсің көтерілген күліп.
Сен-көлсің, сен-
ормансың,сен-бұлбұлсың қырдан,
Адамға сұлулықты
шын ұқтырған.
« Туған жерге сағыныш» әні хормен орындалады.
Осымен «Табиғатым –тал бесігім» атты тәрби сағатымыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рақмет.
44
Сабақтың тақырыбы: «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»
Сабақтын мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу
2.Дамытушылық:
Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3.Тәрбиелік:
Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген саяхат сабағы.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, баяндау, сергіту ,Кубизм әдісі,СТО-әдісі.
Пәнаралық байланыстар:
Жаратылыстану, экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі:1. Слайдталған тапсырмалар, сағыз, чипсы,
кериешки, газдалған сусындар,жеміс-жидектер, құрт,Кітап «Путь к себе» С.А.Назарбаева Алматы «Атамұра»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық: \Оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды.\
Армысын,асыл күн! Армысын,жан досым!
Армысын,асыл жыр! Жылуыма жылу қос,
Армысын,көк аспан! Міне,менің қолым!
2. «Ой қозғау» \Балалар,адамның көңілді болуы неге байланысты деп ойлайсыздар? \Оқушылар өз ойларын айтады\
2.Кіріспе сөз.\мұғалім\
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен
45
келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі –салауатты өмір сүру,оны насихаттау мәселесі.
Ал, енді біздерді «Салауатты өмір» еліне саяхатқа бастап апаратын П.К.Иванов деген атамыз көмекке келіп тұр. Ол «Салауатты әдеттер» елінде тұрады. Мен барлығыңызға «Салауатты өмір» шыныңа сүрінбей жетулеріңізге тілектеспін. Енді, Иванов атамызды тындайық.\үнтаспа- дағы дауыс\
Достар мен сендерді «Салауатты әдеттер» елінің әр түрлі шаһарларына саяхатқа шақырамын.Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боласыздар. Әр шаһардың біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Егер сол заңдар мен ережелерді толық біліп менгерсеңіздер келешекте салауатты азамат пен азаматшалар боласыздар.
Мұғалім: Иванов атамызбен бірлесіп жасалған саяхаттың жоспарымен танысайық:
Кубизм стратегиясы.
1.Тазалық шаһары.
2.Күн тәртібі шаһары.
3.Дұрыс тамақтану шаһары.
4. «Дене салмағын қалпында ұстау»аялдамасы\салмақты есептеу \
5.Сауықтыру шаһары.
6.Спорт шаһары.
7. «Сергіту» аялдамасы\Қара жорға биі\
8.Табиғи шынығу шаһары.
9.Салауатты өмір шаһары.
Мұғалім: Балалар, егер сендер осы саяхаттан тиянақты білім,пайдалы кеңестер алсаңыздар ешқашан ауырмайсыздар, әрі сүйкімді, мықты боласыздар. Ендеше саяхатымызды бастайық.
1.Тазалық шаһары:\Оқушылар баяндайды\
А.Жеке бас тазалығы \Жеке бас тазалығы бала санасында кішкентай күнінен бастап қалыптасуы қажет.Дене тазалығы-денсаулықтың ең басты шарты.Апта бойы адамдардың денесіндегі май бездерінен 100-300мг тері асты май бөлінеді.Термен тұздар шығарылады.Егер оларды уақытында жуып тастамаса,онда микробтар бөлінеді,сондықтан кем дегенде аптасына бір рет денені жуу керек.
Б.Шаш және тырнақ күтімі \Шаш қорғаныш қызмет атқарады.Шашты жиі,өте сирек те жууға болмайды.Аптасына 2рет жуған дұрыс. Ал,тырнақтың күтіміне үлкен көңіл бөлу керек,себебі тырнақтың 46 астында көптеген ауруды тұғызатын микробтар және ішек құрттарының жұмыртқалары жинақталады,сондықтан қолдарымызды жиі жуғанымыз дұрыс.\\
В.Тыныс алу жолдарының тазалығы \Мұрын қуысы таза болу керек, себебі біз мұрын қуысы арқылы тыныс аламыз.Және де үйіміз, оқитын класымыз таза ,таза ауамен желдетілген, көгалдандырылған болу керек.
Г.Ауыз қуысының тазалығы \ Ауыз –асқорыту мүшесі.Ауызға түскен асты 17рет шайнап жұту керек,себебі дұрыс шайналмаған ас асқазан мен ішек ауруларын тудырады.Тістерді күніне екі рет тазарту керек.Тазарту ұзақтығы 3минуттан кем емес.\және де тіс тазалау щеткаларын 3ай сайын ауыстырып отыру керек.
Д.Компьютерде жұмыс істеу ережесі \Компьютермен жұмыс істеу ережелерін дұрыс меңгеру керек.Компьютер көзге жалпы денсаулыққа қауіпті. Компьютерде ең қауіптісі - монитор.Монитор экранынан көзге дейін ара қашықтығы 70-80см –ден кем болмау керек.6сынып оқушылары күніне 20минут жұмыс жасау керек,8-9сынып-25мин,10-11сынып-50 мин.
2.Күн тәртібі шаһары:\үй тапсырмасы\
Ағзанды шынықтыр,
Күн тәртібін сақта.
Қоршаған орта тазалығын сақта.
А. Ендеше күн тәртібінің маңызы неде?
Б.Күн тәртібін құрып келу.\үй тапсырмасы\
3.Дұрыс тамақтану шаһары:
Тазалық сақта, уақытында дұрыс тамақтан деп сөз кезегін мектебіміздің медбикесі Алтынай Зұлхарнай қызына беремін.
\мектеп медбикесі: Даирова Г.Қ.
дұрыс тамақтану ережесімен таныстырады, сағыз, газды сусындар, чипсы, кериешкилердің зиянды жақтарын ашады, жеміс-жидектер, көкөністер, шипалы тағамдардың пайдасын түсіндіреді.\
4. «Дене салмағын қалпында ұстау»аялдамасы
Мұғалім:Балалар,әрбір адам денсаулығы жақсы болу үшін,өзін жеңіл сезіну үшін дене салмағын қалпында ұстау керек.Қалыпты дене салмағын есептеу үшін БРОК-әдісін пайдаланады. Бұл әдіс бойынша адамның бойының ұзындығын алып,одан 100см. алып тастаса әрбір адамның болу керек салмағы шығады. Мысалы,бойының ұзындығы 175см болса одан 100см аламыз,сонда қалады 75.Міне адамның салмағы 75кг болу керек,бірақ бұл әдіс арқылы бойы өте ұзын адамдардың салмағы есептелмейді екен.
5.Сауықтыру шаһары: 47
Мұғалім:xx1-ғасырда ашылған ғылыми-техникалық жаңалықтармен адам тіршілігі үшін жасалған техника жаңалықтарын санап жату қиын.Осы игіліктерді іске асырып жүрген адам өз денсаулығын сақтау үшін не жасап жатыр?Қанша емдеу,сауықтыру орындары ашылды,қанша емі жоқ аурулардың шипасы табылды.Дегенмен мұнын барлығы бүгінгі адамдар денсаулығының мәселесін шешпейтіндігі белгілі ,сондықтан «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деген халық нақыл сөзін есте ұстаған абзал.
\Оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтады,үй тапсырмасы\
6.Спорт шаһары:
Мұғалім: Бізді Иванов атамыз спорт шаһарына алып келген екен.Бұл шаһардан нақты жауап табамыз, себебі спорт арқылы біз жарқын өміріміздің сәулесін өшіретін ауру түрлерінен аулақ боламыз.Салауатты өмір сүрудің де кілті осы шаһарда десек артық айтпаған болармыз.
«Бинго»ойыны\сұрақ-жауап\
-Қандай спорт түрлерін білесіздер?
- Жазғы спорт түрлері?Велоспорт, ат спорты, жеңіл атлетика, гольф,
теннис \большой,настольный\, футбол, суда жүзу.\
-Қысқы спорт түрлері.?\Биатлон, мәнерлеп сырғанау,фристайл, хоккей, шаңғы жарыстары,тау шаңғысы спорты,шорт-трек,сноуборд,скелетон\
-.Қазақстан намысын қорғаған олимпиада чемпиондары?\Серік Сапиев, Александр Винокуров, Майя Манеза, Зульфия Чиншалло, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Светлана Подобедова.
-Сіздер қандай спорт түріне әуессіндер? Қандай үйірмелерге қатысасындар?
-Спорт шаһарындағы адамдар қандай болады?\ассоциация құру\
Спорт шаһарындағы адамдар
батыл
күшті шымыр дені сау епті
Сәйкестендіру жұмысы:
1.Коньки тебу А.Негізгі құралы доп болатын спорт түрі.
2.Күрес Ә.Мұз бетінде арнайы құралмен сырғанау.
3.Футбол Б.Қысқы спорт түрі.
4.Ауыр атлетика В.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі.
5.Шаңғы тебу Г.Штанганы жоғары көтеру спорт түрі.
Мектептің Спорт нұсқаушысы Қыдырбеков Б.С.
Денсаулық -зор байлық .Денсаулықты сақтап,аурудың алдын алу үшін дене жаттығулары немесе қимыл қозғалыстан артық ештеңе жоқ. 48
Адам үнемі дене еңбегімен, спортпен шұғылданса , мүшелерге әсер етіп, төзімділігі артып, ауруларға қарсы тұра алады. Мұндай адамның бұлшық еті нағыз шыныққан, сүйегі мықты, көңілі жарқын ,денесі мығым, жүріс-тұрысы әдемі қалыптасады.
Оқушылар, біздің мектепте таңғы жаттығу жасау дағдыға айналды. Сол жаттығудың бірнеше үлгісін көрсетсек деймін.
\таңғы 16-жаттығу үлгісін көрсетеді\
7. «Сергіту»аялдамасы
Би-қозғалыс. Қозғалыс-денсаулық. Денсаулық-зор байлық.
- Олай болса әйгілі «Қара жорға» биін билейік.
8.Табиғи шынығу шаһары.
Мұғалім: Оқушылар, Алматыда «Балалар сауықтырудың республикалық орталығы» бар.\слайдпен орталық көрсетіледі.\
Осы орталықта балаларды қалай сауықтырады?
Оқушылар.Суық сумен шынығу арқылы сауықтырады.
Мұғалім:Суық сумен шынығуды баршаға үлгі етіп ұсынған кім?
Міне, балалар біздің сабағымыздың құпиясы ашылатын сәт те келді.
Біздің саяхатымыздың нұсқаушысы:Порфирий Корнеевич Иванов атамыз.
П.К.Иванов 1898 жылы 20-ақпанда Украинаның Ворошиловград облысының Ореловка селосында шахтер шаңырағында дүниеге келген.
Тоғыз баланың тұнғышы .35жасынан бастап суық сумен шынығуын бастаған.40оаяздарда шолақ шалбармен жүріп,1-2ай ас-су ішпей ,күнде суық суды үстіне құйды. Порфирий атамыз табиғат ажырамайтын үш бөлімнен тұрады деген.Олар: жер ,су ,ауа. Осы үшеуінің пайдасын көріп,қорғай,сүйе біліңдер дейді .Кейінгі кезде «Қарғам» атты табиғи шынығу жүйесін ұсынды.Ол 12-қағидадан тұрады.Ұстазымыздың бұл жүйесі қазіргі ауыр экологиялық жағдайда денсаулықты сақтап,қалпына келтіруді ғана емес ,адам санасы мен рухын жетілдірудің жолы болып табылады. \12-қағиданы талдау\
1.Күніне 2-рет салқын сумен шомыл.
2.Шомылар алдында табиғатқа шығып, жалаң аяқ жерді басып тұр, қыста ең болмаса 1-2мин. қар бас.Аузыңмен бірнеше рет ішке дем алып ойша өзіңе, барлық адамдарға денсаулық тіле.
Мұғалім:Жалаң аяқ жүрудің қандай пайдасы бар?
Әр түрлі зертханалық тәжірибелерге қарасақ, нерв жүйесінің 72 мың талшықтары аяқтың, әсіресе табанда болып табылады екен.Табан терісі өте күшті рефлекстік аймақ болып табылады.Ішкі ағзалардағы ауруды өкшеден белгілі нүктелерді тауып , 49
массаж жасау арқылы емдеуге болады екен.Аяқтың ең үлкен бармағы-бұл адамның басы және мойыны,үлкен бармақтан төменірек –адамның кеудесі,ал өкшесі –адамның ішкі құрылысы,3және4 бармағы-аяғы,2және5бармағы-қолы.Ендеше ,адам өзі жалаң аяқ жүру арқылы,табиғи үйкеліс арқылы массаж жасауын айтуға болады.
3.Темекі тартпа,ішімдік ішпе.
4.Аптасына бір рет судан,астан бас тарт.
5.Жексенбі күні жалаң аяқ табиғатқа шығып,содан соң қалаған асынды іш.
6.Сені қоршап тұрған табиғатты сүй,жан-жағыңа түкірме.
7.Барлық адамдармен,әсіресе қарт адамдармен амандас.
8.Сенің көмегіне мұқтаж адамдарға жақсылық жаса.
9.Сарандықты,жалқаулықты ,қорқыныш сезімдеріңді жеңе біл.
10.Ауру,өлім туралы ойлама,денсаулық туралы ойла. Бұл сенің жеңісін.
11.Ойлағанынды ісіңмен дәлелде.Бос сөйлеме.
12.Өзгелерге айтып осы қағиданы тарат,бірақ мақтанба.Қарапайым бол.
Мұғалім: Табиғаттың сиқыр күшін,
Ойла да,сезінші сен,оны түсін!
Ерте тұрып,денеңді шынықтырсаң,
Жалаң аяқ жерді басып,қарды кешсең,
Сүйсінесің,сезесің оның күшін,
Достасасың.
Бұл өмірде не керек?
Дұрыс жүріп,дұрыс сөйлеу керек,
Ішімдік ішпей,шылым шекпей,
Денемізді шынықтыру керек.
Ерте тұрып,кеш жатып,
Есірткіге еліктемей,
Ерінбей еңбек ету керек.
Бәрінен салауатты өмір сүру керек.
Мұғалім: Біз,Иванов атамызбен әр шаһардың жақсы жақтарын алып, «салауатты өмір» атты биіктікті бағындырдық.
Психологиялық тренинг: «Салауатты өмір дегеніміз?»
\Мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырып шеңберге тұрады\
Салауатты өмір
1.Жеке бас гигиенасын сақтау.
2.Дене тәрбиесімен шұғылдану.
3.Күн тәртібін дүрыс ұйымдастыру. 50
4.Дене салмағын қалпында ұстау.
5.Дұрыс тамақтану.
6.Темекі тартпау.
7.Ішімдік ішпеу.
8.Қоршаған ортаның тазалығын сақтау.
9.Тиімді демалу.
10.Денсаулықты сақтау.
11.Денсаулықты нығайту.
12.Табиғатты қорғау.
13.Ерте тұрып,кеш жату.
14.Таза ауада серуендеу.
15.Табиғи күштермен шынығу.
16.Спортпен шұғылдану.
17.Күннің сәулесімен шынығу.
18.Жалаң аяқ жүру керек.
Қорытынды: \оқушылар бірге айтады\
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне,
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.
Мұғалім: Отанымыздың келешегі , көркеюі оқушылар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың-салауатты өмір салтын сақтау. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай ,көк туын көкке қарай биік көтер
деп бүгінгі «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты сағатымызды аяқтаймыз.
51

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген