15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Бастауыш сыныпта білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану»
«Бастауыш сыныпта білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану»
Құлманова Эльмира Тілеубердіқызы
«Сөгеті бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Сөгеті ауылы
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген. Онда бастауыш мектепке қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашу, білігін қалыптастыру көзделген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі тиіс. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы қажет. «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі – білім беру, ғылымды дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ал бұл істің қайнар көзі білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны мұғалім. Олай болса ел сенген мектеп мұғалімі: «Оқыту дегеніміз – екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады.
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін бейімді оқытуды көздеп отыр. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды тәрбиелеу.
Қазақстанның дамыған елдермен терезесі тең болуы үшін, ең бастысы білімге көңіл аударуымыз қажет. Бүгінгі күні білім саласында алдымызда тұрған мақсат – ұлттық инновациялық орта құру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын. Сондықтан елдің дамуы – біздер тәрбиелеп отырған шәкірттердің қолында. Егер, біз оларға ықыласпен тәрбие беріп, бастауыш сыныптардан бастап ғылымға деген талпынысын арттырсақ, сонда олардың инновациялық технологияға деген қызығушылығы басым болады.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен, оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін, оның әлеуметтік тұрақтысы мен қорғалуының құрамы қызметтерін қамтамасыз етеді.
Білімді оқушы мен білімді ұстаздың ортақ үйі ол – мектеп. Ал мектептегі жұмыстың негізгі формасы - сабақ. Сондықтан әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық туындысы болуы қажет. Осы орайда жаңашыл педагогтардың жаңа оқыту технологиясын оқып үйрену, оны оқыту үрдісіне енгізу, әрбір ұстаздың, мектеп әкімшілігінің міндеті.
Атақты педагог В.А.
Сухомлинсекий «Партада бос отыру – бұл аса қауіпті нәрсе, бұл күн
сайын алты сағаттың бос өтуі. Бұл адамды азғындатуы моральдік
тұрғыдан мүгедек етеді, адам еңбекқор болуы тиіс. Ең басты сфера –
ойлау сферасында жоғалтқан нәрсені мектеп бригадасында,
учаскесінде, шеберханада ешнәрсе де орын толтыра алмайды» деген
еді. Бүгінгі педагог өз пәнін біліп қана қоймай оқушының бойында
танымға деген құштарлықты оята білуі керек. Алдымен қызықтыру сонан
соң барып үйрету. Педагогикалық шеберліктің мәні осыда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік
жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен
тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті
елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр
баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай
отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа
Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім саласын ешуақытта
назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін
арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар Елбасының
тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш
жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше
екі ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты. «Мәңгілік Ел»
стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ.
Өйткені, мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып
еліміздің болашағын қалауға атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге
асыруда ұстаздарға артылар міндет зор.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекетті оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне, топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуалдық біліктілігіне, ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болу үшін ол терең білімділігімен қатар, ұтқыр шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіру сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары , Р. Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқыту, Л.В. Занковтың дамыта оқыту, С. Мирсеитованың «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы , Л. С. Выготскийдің жақын даму аймағы т.б.
Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді.
Мұғалім – сабақтағы басты
тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын,
іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра
пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық
етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мектепке
бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар,
үшінші – бағдарлама және оқулықтар керек» - деп дөп басып айтқан,
өйткені оқыту ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты .
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып
оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен
көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды
оқудан тез жалығады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің
жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Ойы
жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке
тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып
мұғалімі үшін, оқушы жазылмаған ақ қағаз секілді таза, пәк.
Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының
жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен
дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің
кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс
істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп курста
оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар бергенде жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
7. Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін» айтар болсам, қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндетіміз
– жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу, мектептен шыққан шәкіртті
өмірге даярланған азамат, жеке тұға тәрбиелеу. «Адам ұрпағымен мың
жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығы арқасында адамзат баласы
мың ғана емес, миллиондаған жылдар бойы жасап келеді. Олай болса,
мың жасайтын ұрпағымызды еліміздің шыңы етіп
тәрбиелейік!
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2014. – 23-б.
2. Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы №5 2013 ж - 54 б
3. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі . Алматы №2 2014 ж
4. Бастауыш сынып барлық пәндер бойынша әдістемелік № 4 2013 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген