Бастауыш
сыныпта ерекше қабілетті балаларды
оқытудың әдіс -тәсілдері
«Тегінде
адам баласы адам баласынан ақыл, білім,
ар, мінез деген қасиеттерімен озады»
Абай
атамыз айтқандай оқушының
дарындылығының дамуы, қабілетінің
ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби
біліктілігіне, және оның тұлғалық
қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Осыған орай дарынды оқушыларды анықтап,
олармен қосымша жұмыстар жүргізу қазіргі
білім жүйесіндегі қажеттілік деуге
болады.
Дарынды
оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты
Жан
жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау
жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары,
дені сау, барынша қабілетті жанды
қалыптастыру. Бала қабілетінің ашылуын
өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту,
жетілдіру.
Ерекше
қабілетті балалармен жүйелі жұмыс
ұйымдастыру.
Міндеттері
Оқушылардың
ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.
Шәкірттердің
шығармашылық және жеке дарындылығын
дамыту
Ерекше
қабілетті оқушының шығармашылық
бағытының
ашылуына,
дамуына көмек көрсету
Күтілетін
нәтиже: оқу
бағдарламасына сай білімді терең
меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті
дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген
және ішкі жан дүниесін тануға, өзін
өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке
талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі
қалыптасқан тұлға.
Көбінесе
“дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын
оқушы” деген пікір қалыптасқан. Бірақ
бұл пікірге барлығы келісе бермейді.
Дарынды оқушы деген кім?
Жұмыс
жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне
бөлінеді
1.Ерекше
қабілетті оқушыларды анықтау
2.Оқушы
қабілеттілігінің бағытын анықтау
3.
Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін
құру
4.
Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар
жүргізу
Дарынды
баламен жұмыс жасауда түрлі әдістерді
қолдануға болады. Бұл баланың қабілетіне
қарай жүргізіледі.Оқушының
қабілеттілігін анықтауда төмендегідей
әдіс -тәсілдерді қолданамыз
1.Баланың
отбасылық жағдайын зерттеу.
2.Шығармашылық
қабілетін анықтау
3.Сауалнамалар,
тренингтер өткізу
4.Пәндік
олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына
қатысу
Дарынды
тұлғаны дамытудың әдістер кешені
Шығармашылық
дарындылық
Ғылыми практикалық конференциялар
жобалар
Көркемдік
дарындылық
Шығармашылық сайыс, ән, би
театр үйірмелері
Интеллектуалдық
дарындылық
Интеллектуалды конкурстар ақбота,
малахит
Психомоторлық
дарындылық
Спартакиадалар, президенттік
тест
Академиялық
дарындылық
Факультатив,
таңдамалы, қолданбалы
курстар,Олимпиадалар
Ерекше
қабілетті оқушылармен жүйелі жұмыс
жүргізетін мұғалімнің біліміне қойылатын
талаптар:
Пәнін
мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білуі;
Қызмет
нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;
Жеке
тұлға теориясын, оны қалыптастырудың
әдіс-тәсілдерін білуі;
Заман
талабына сай жаңа технологияларды
білуі;
Дарынды
оқушының оқуда ғана емес, басқа да
көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;
Шығармашылық
тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Мұғалімнің
іскерлігіне қойылатын талаптар:
Дарынды
анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
Дарынды
оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға
арналған тереңдетілген бағдарлама
құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;
Дарынды
оқушыны зерттеуге психодиагностикалық
күнделік жүргізуі;
Оқытудың
инновациялық технологияларын,
дифференциалды әдісін қолдана білуі;
Оқушылармен
қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда
сауатты орната білуі;
Дарынды
оқушыны оқытудың нәтижесін нақты
бағалай білуі;
Дарынды
оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына
жетекшілік жасай білуі;
Дарынды
оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға
дайындауда жетістікке жете алатын
деңгейде дайындай алуы;
Дарынды
оқушының ата-анасына педагогикалық
психологиялық көмек көрсете білуі.
Оқыту
әдісін үш топқа бөлуге болады:
Сөздік
әдістер тобы: әңгімелеу, түсіну, лекция,
кітаппен жұмыс;
Көрнекілік
әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация,
бақылау;
Практикалық
немесе тәжірибелік әдістер тобы:
зертханалық, практикалық жұмыстар, әр
түрлі жаттығулар.
Әдістің
логикалық және психологиялық сипатына
қарай
Осы
әдістерді қолдана отырып дарынды бала
деген талаптарға сәйкес келетін
оқушылардың жалпы тізімі жасалады. Онда
дарынды баланың қай пәнге, қандай өнерге
бейім екендігі көрсетіледі. Ол оқушыларды
нақтылау үшін әр пән бойынша оқушының
жеке жетістіктер көрсету парағы оқу
жылы бойында толтырылып, жоғары ұпай
жинаған дарынды балалар марапатталады.
(үлгісі)
Дарынды
оқушылармен жұмыс жасай отырып,
төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім:
2011-2012 оқу жылында Оралдин Ерсайын
дүниетану пәнінен аудандық олимпиадада
ІІ орын алса, 2014-2015 оқу жылында математикадан
аудандық олимпиадада Мейраш Бақтияр
ІІІ орынға қол жеткізді. Облыстық
ақылы зияткерлік «Ақбота», «Айналайын»,
«Малахит» сайыстарға оқушылар белсене
қатысып үнемі орындар алады.
Осындай
жетістіктерге жетіп отырған дарынды
оқушылардың жасаған жұмыстары мен
жетістерін жинақтау мақсатында әр
дарынды оқушыға оқушы портфолиосын
дайындадым. Дарынды оқушы портфолиосында
оқушы жайлы мәліметтен бастап, оның
ұстазы, отбасы жайлы мәліметтер беріліп,
жеке шығармашылық жұмыстары мен алған
мақтау қағаздары жиналады.
Қорытындылай
келе, оқушылардың шығармашылығын,
қызығушылығын дамыта отырып, ғылым
саласында, байқауларға дайындай отырып,
дарынды, шығармашыл, білімді, ізденімпаз,
тапқыр қабілеті зор оқушы шығару- әрбір
ұстаздың міндеті. Бүгінгі күннің негізгі
талабы білімді
адамды әлемнің бүтіндей бейнесін
қабылдай алатын, шығармашылық таныммен
тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша
ойлай алатын дарынды адамға айналдыру.
Бұлақ
көрсең, көзін аш...
Әрбір
мемлекеттің болашағы мектебінде
шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды”
демекші, болашағы бар ел ғана тарих
бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ
ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың
негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың,
ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны
мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың
ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып
жүрген СІЗДЕРГЕ, құрметті әріптестер,
дарынды баланы ашуда, тәрбиелеуде
Сәттілік тілеймін!