400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама "Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлкен серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».

Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз, жаңа тұрпатты мұғалім қажет.

Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.

"Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деген К.Д.Ушинский.

Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай білім беру. Бағдарлама жеті модуль бойынша жүргізіледі. Жеті модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Олар:

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Ақпараттық коммуникациялық технология

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу .

Осы курстарына қатысып, алған білімімді өз тәжірибемде қолдануға тырыстым.Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет

Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі