Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Бозайғыр орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Амангелді Айман
Шебер сынып
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасы жағдайында критериалды бағалаудың өзектілігі.
Мақсаты:
Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы жағдайында бағалаудың заманауи түрлерімен,тәсілдерімен,артықшылықтарын анықтау.
Міндеттері:
- Білім беру бағдарламасының құрылымымен,мазмұнынымен таныстыру.
- Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін бағалау түрлерімен,тәсілдерімен таныса отырып,артықшылығын анықтау.
- Әртүрлі кезеңде критериалды бағалау жүйесін түсініп,қолдана білуді қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
Мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Шеберлік сыныбының барысы:
Сәлеметсіздер ме,құрметті әріптестер!Мен сіздермен кездесіп бірлесіп жұмыс жасайтыныма өте қуаныштымын.Мен Бозайғыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амангелді Айман.Әрбір мұғалім белсенді жұмыс жасаймын деп қызығушылықпен келгеніне сенімдімін.Ендеше қош келдіңіздер деймін.
Тренинг- сынып ішінде психологиялық ахуал туғызу.Түрлі түсті қағаздарға өз жылы лебіздерін жазып,ұшақ жасап ұшыру,ұшақ түстеріне қарай топқа бөлініп отыру.
Психологиялық тренинг: «Мен қандаймын»
Мұғалімдер бірден онға дейінгі сандарды бір мезгілде қағаз бетіне екі қолымен жазып шығады.Оң қолымен де сол қолыменде жазады.
Жазу барысында қалай жазылғандығына назар аудармау керек.Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір біріне ұқсас жұп санды таңдауы керек.Жеке басының қасиетін анықтайтын сипаттама беріледі.Өздерінің қандай екенін біледі.
Егерде бір саны ұқсас болса олар эгойстер болып табылады.Ал екі саны ұқсаса іскер адамдар,болашақ басшылар.Үш саны ұқсас болса бейбіт өмірді жақсы көретін,әрқашанда бітімге келетін адамдар.Егерде төрт саны ұқсас болса,өздері өз басына қиыншылық туғызып,оларды өздері жеңе білетін адамдар.Бес саны ұқсас болса,олар ақылды адамдар.Алты саны ұқсаса нағыз әйел,нағыз еркек.Жеті саны ұқсаса жан жақты дамыған адамдар.Ал сегіз саны ұқсаса ол қауіпті адамдар.Тоғыз саны сенім артуға болатын адамдар.Он саны ұқсас болса өздеріне сенімсіз адамдар болып табылады.
Топтық жұмыс жүргізу.
-Бағалау жүйесімен критериалды бағалау туралы талқылайды.
-Бағалау туралы қалай түсінесіздер.
-Бағалаудың түрлері туралы не айтасыздар.
Критериалды бағалау туралы не айта аламыз.
Слайдтар арқылы бағалау туралы түсініктерін дамыту.
![]()

1-слайд.Бағалау-бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы.
2-слайд.Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі
3-слайд. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
4-слайд. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

5-слайд. Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі
Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар

6-слайд. Ұстанымдар негіздері
1. Бағамен оқушының жұмысы
бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы
қажет.
7-слайд. Критериалды бағалаудың басты
ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
8-слайд. Критериалды бағалаудың функциялары
9-слайд. Критериалды оқытудың маңыздылығы:
Мұғалім үшін:
Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.
Оқушы үшін:
Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.
Ата-ана үшін:
Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.
10-слайд. Критериалды бағалау :
Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.
Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.
Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.
Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.
Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.
11-слайд. Критериалды бағалау жүйесінде
қолданылатын терминдер:
Критерий- оқу мақсатының нақты тұжырымы.
Рубрикатор – оқушылардың әрбір критерий бойынша жетістіктерінің толық түсіндірмесі және оларға сәйкес ұпайлар саны.
Дескриптор – нақты ұпайдың жетістік деңгейі туралы түсіндірме.
(формативті) Қалыптастырушы бағалар –оқушы өзінің жетістіктері немесе біліміндегі олқылықтар туралы ақпарат алатын кері байланыстың функциясын атқаратын, ағымдағы бағалар.
(сумативті) Негізгі бағалар- тарау немесе модуль бойынша бақылау жұмысына қойылған бағалар.
Қорытынды бағалар– Негізгі бағалар негізінде қойылған бағалар.
Практикалық жұмыс.
Рефлексия парағы.
-Ақпарат сіз үшін қаншалықты жаңа болды.
-Шебер сынып қаншалықты қызықты болды.
-Менің тілегім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасы жағдайында критериалды бағалаудың өзектілігі

шағым қалдыра аласыз