Алматы облысы
Қарасай ауданы
Абай ауылы
Жұмыс дәптері
Бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану пәніннен
1 сынып оқушыларына арналған
зерттеу жұмысын жүргізу үшін көмекші құрал
Авторы:
Абай ауылындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Шұғыла Даулетханқызы
2022-2023 оқу жылы
Мысалды зерттеу жобалары
(тақырып – мақсат – гипотеза – әдіс – нәтиже – қорытынды)
1. Тақырып: Менің отбасым және табиғат
Зерттеу
бағыты: Отбасының табиғатпен
байланысын сезіну
Сынып: 1–2-сынып

Мақсаты:
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,
отбасындағы табиғатты қорғау әрекеттерімен
таныстыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Сыныпта табиғат пен отбасы арасындағы байланысты талқылауға бағытталған сұрақтар қояды:
«Сенің отбасың табиғатта не істейді? Серуендей ме? Ағаш отырғыза ма?» -
Оқушыларды ата-анасымен бірге табиғат аясында өткізген уақытты сипаттап, шағын зерттеу жүргізуге бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Отбасымен бірге табиғат аясында (аулада, бақта, саябақта) серуен жасап, бақылау жасайды.
-
Фото, сурет немесе шағын әңгіме арқылы сол сәтті сипаттап, табиғаттағы өзгерістер мен отбасылық әрекетті зерттейді.
-
«Біздің отбасымыздың табиғаттағы бір күні» тақырыбында мини-жоба дайындайды.
Құрал-жабдықтар:
-
Фотоаппарат немесе сурет дәптері
-
Түрлі-түсті қарындаштар
-
Бақылау дәптері
Нұсқаулық:
-
Отбасы мүшелерімен бірге табиғатқа шығыңыз.
-
Қоршаған ортаны бақылаңыз: ауа райы, өсімдіктер, жануарлар.
-
Отбасы мүшелері не істеді? (гүл отырғызды, тазалық жасады т.б.)
-
Көргеніңізді сипаттап жазыңыз немесе суретін салыңыз.
Күтілетін нәтиже:
-
Табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптасады.
-
Оқушылар отбасының экологиялық мәдениетін түсінеді.
-
Табиғатты сезіну мен бақылау дағдылары дамиды.
2. Тақырып: Көктемгі өзгерістер
Зерттеу бағыты: Маусымдық өзгерістерді тану
Сынып: 2-сынып

Мақсаты:
Көктемгі табиғи өзгерістерді бақылау арқылы маусымдық құбылыстарды
таныту.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Оқушылармен бірге көктем белгілерін атау, бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашады.
-
Аулаға немесе мектеп жанындағы аумаққа шығып, көктем белгілерін бірге бақылайды.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Көктем айларында күнделікті ауа райы мен өсімдік, құс, бунақденелілердің өзгерісін бақылайды.
-
«Көктем келді!» деген атаумен күнделік жазады және салыстыру кестесін толтырады.
Құрал-жабдықтар:
-
Маусымдық бақылау күнделігі
-
Үлкейткіш әйнек
-
Сурет дәптері
-
Фотоаппарат (мүмкін болса)
Нұсқаулық:
-
1 апта бойы күнде ауа райын жаз.
-
Көктемгі өзгерістерді белгілеп отыр: алғашқы бүршік, құстардың келуі, жәндіктердің пайда болуы.
-
Өз бақылауың бойынша сурет сал немесе әңгіме жаз.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар маусымдық құбылыстарды таниды.
-
Жүйелі бақылау, салыстыру қабілеттері дамиды.
-
Көктемге байланысты шығармашылықпен жұмыс істей алады.
3. Тақырып: Құстар әлемі
Зерттеу бағыты: Құстар түрлерін зерттеу
Сынып: 2–3-сынып

Мақсаты:
Құстардың түрлерін таныту, олардың мекені, қорегі мен
ерекшеліктерін бақылау арқылы экожүйені
түсіндіру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Құстар туралы бейне, суреттер көрсету арқылы қызығушылық тудырады.
-
Құстарды бақылау әдістерін түсіндіреді.
-
Құстардың мекенін бұзбау, тыныштық сақтау, қадағалаудың дұрыс жолдарын үйретеді.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Аулада, бақта немесе саябақта құстарды бақылайды.
-
Көрген құстарын сипаттайды: түрі, түсі, дыбысы, қылығы.
-
Құстар туралы мини-постер немесе ақпараттық парақша дайындайды.
Құрал-жабдықтар:
-
Құстар анықтамалығы (кітапша)
-
Дәптер мен қарындаш
-
Бинокль (мүмкін болса)
-
Фотоаппарат
Нұсқаулық:
-
Құсты бақылау кезінде шулама.
-
Түріне, көлеміне, түсіне назар аудар.
-
Құстың іс-әрекетін жаз (ұшып жүр, ұя салды, шырылдады т.б.).
-
Қысқаша сипаттама жаса.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушы жануарлар әлемін түсінеді.
-
Табиғатты бақылау және тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарау қалыптасады.
-
Ақпаратты жүйелеу дағдылары дамиды.
4. Тақырып: Су – тіршілік көзі
Зерттеу бағыты: Судың табиғаттағы рөлі
Сынып: 3-сынып

Мақсаты:
Судың маңызын түсіну, тіршілікке әсерін бақылау, суды үнемдеу
туралы ұғындыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Судың физикалық қасиеттерін көрсету (мөлдір, иіссіз, ағады т.б.)
-
Сумен тәжірибе (су тамшысын өсімдікке тамызу) арқылы зерттеу ұйымдастырады.
-
«Суды қалай үнемдеуге болады?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырады.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Суық және жылы судың өсімдікке әсерін бақылайды.
-
Үйде күнделікті суды қалай пайдаланып жүргенін есептейді.
-
Суды қорғау туралы постер жасайды.
Құрал-жабдықтар:
-
Су құятын екі ыдыс
-
Өсімдік (мысалы, гүл)
-
Термометр (мүмкін болса)
-
Дәптер
Нұсқаулық:
-
Бір гүлге жылы, екіншісіне суық су құй.
-
5 күн бойы бақылап жаз.
-
Қайсысы жақсы өседі? Неліктен?
-
Үйде суды қалай үнемдеуге болатынын жаз.
Күтілетін нәтиже:
-
Су туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
-
Экологиялық сана мен жауапкершілік дамиды.
-
Жүйелі эксперимент жүргізе алады.
5. Тақырып: Жапырақтар мен ағаштар
Зерттеу бағыты: Өсімдіктер морфологиясы
Сынып: 3–4-сынып

Мақсаты:
Ағаш пен жапырақтардың құрылымын, түрлерін салыстыру арқылы
өсімдіктер туралы тереңірек білу.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Ағаштар мен жапырақтар туралы кесте немесе сурет көрсетеді.
-
Оқушылармен бірге бірнеше ағашты танып, жапырақтарын жинайды.
-
Түріне, пішініне, түсіне қарап жапырақтарды салыстырады.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Мектеп ауласындағы 2 түрлі ағаштың жапырағын жинайды.
-
Жапырақтарды анықтап, сипаттама жасайды (пішіні, түсі, қаттылығы).
-
Жапырақтан гербарий жасап, оған атау береді.
Құрал-жабдықтар:
-
Гербарий альбомы
-
Жапырақ анықтамалығы
-
Қайшы, клей
-
Түрлі-түсті қарындаштар
Нұсқаулық:
-
Екі түрлі ағаштан жапырақ ал.
-
Пішіні мен түсіне қарап салыстыр.
-
Қай ағаштың жапырағы екенін анықта.
-
Жапырақты альбомға жабыстыр, атау бер.
Күтілетін нәтиже:
-
Өсімдіктер туралы танымдық қабілеттер дамиды.
-
Қоршаған ортаны танып, ұқыпты қарауға үйренеді.
-
Жіктеу, салыстыру, қорытынды жасау дағдылары дамиды.
6. Тақырып: Жануарлардың мекен ету ортасы
Зерттеу бағыты: Түрлері мен өмір сүру ерекшелігін
тану
Сынып: 2–3-сынып

Мақсаты:
Оқушыларға жануарлардың мекен ету ортасы, тіршілігі мен бейімделуі
туралы түсінік беру, қоршаған ортаны қорғау дағдыларын
қалыптастыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Әртүрлі мекен орталарынан (орман, су, шөл, үй жануарлары) жануарлардың суреттерін көрсетіп, бейнебаянмен таныстырады.
-
«Жануар – ортасы – бейімделуі» сызбасын бірге толтырады.
-
Зерттеу тапсырмасын береді: өз таңдауы бойынша бір жануарды зерттеу.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Таңдаған жануар туралы ақпарат жинайды (қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді, қандай ерекшелігі бар).
-
Мини-буклет немесе постер дайындайды.
-
Жануардың өміріне зиян келтірмей, табиғатта оны қалай қорғауға болатынын жазады.
Құрал-жабдықтар:
-
Жануарлар туралы энциклопедия немесе интернет дереккөздері
-
Қағаз, желім, қайшы, фломастерлер
-
Кесте сызуға арналған парақ
Нұсқаулық:
-
Жануар таңда (мысалы: қоян, түлкі, үй мысығы).
-
Қайда тіршілік ететінін жаз.
-
Қалай қоректенеді, немен қорғанады – сипатта.
-
Қорытынды жаса: адам оны қалай қорғай алады?
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар табиғи ортаның жануар тіршілігіне әсерін түсінеді.
-
Ақпаратты іздеу, жүйелеу, көркемдеп ұсыну дағдылары қалыптасады.
-
Экологиялық мәдениет дамиды.
7. Тақырып: Өсімдіктердің тіршілігі
Зерттеу бағыты: Өсімдіктің өсу жағдайларын
анықтау
Сынып: 3–4-сынып

Мақсаты:
Өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайларды (су, жарық, жылу)
тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Өсімдіктердің тіршілік ету шарттарын (су, жарық, топырақ) таныстырады.
-
Тәжірибе жүргізуге қажетті құралдарды түсіндіреді.
-
Топпен жұмыс істеуге бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Бірдей 3 өсімдік отырғызып, әрқайсысын әртүрлі жағдайда өсіреді (біріне су құймайды, бірін қараңғыға қояды, бірін дұрыс күтеді).
-
7 күн бойы бақылап, нәтижесін кестеге жазады.
-
Салыстыру арқылы өсімдіктің тіршілігіне не қажет екенін анықтайды.
Құрал-жабдықтар:
-
Гүл тұқымы (мысалы, үрме бұршақ)
-
Ыдыс, топырақ
-
Су
-
Жарық (күн көзі немесе шам)
Нұсқаулық:
-
Үш бірдей ыдысқа тұқым ек.
-
Бірін жарыққа, екіншісін көлеңкеге, үшіншісін су құймай өсір.
-
Күнде өсімдік жағдайын жаз: биіктігі, түсі, жапырағы.
-
Апта соңында қорытынды жаса.
Күтілетін нәтиже:
-
Өсімдік тіршілігінің шарттары жөнінде нақты түсінік қалыптасады.
-
Зерттеу арқылы логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды шығару қабілеттері дамиды.
8. Тақырып: Су қайда кетеді? (тәжірибе)
Зерттеу бағыты: Булану құбылысын түсіну
Сынып: 3–4-сынып

Мақсаты:
Судың булану үдерісін тәжірибе арқылы көрсету, күнделікті өмірмен
байланыстыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Су айналымы туралы түсіндіреді (тамшылар, бұлт, жаңбыр, булану).
-
Булану тәжірибесін ұйымдастыруға бағыт береді.
-
Оқушылармен бірге күнделікті температура мен судың көлемін бақылауды үйретеді.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Екі бірдей ыдысқа су құйып, бірін күнге, екіншісін көлеңкеге қояды.
-
3–5 күн көлемінде судың азаю мөлшерін өлшейді.
-
Тәжірибе нәтижесін диаграмма арқылы көрсетеді.
Құрал-жабдықтар:
-
Екі мөлдір ыдыс
-
Сызғыш
-
Суға белгі қою (маркермен)
-
Күнделік парағы
Нұсқаулық:
-
Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су құй.
-
Бірін терезе алдына (күн көзіне), екіншісін көлеңкеге қой.
-
Күн сайын судың деңгейін өлшеп жаз.
-
Қайсысы тез азайды? Неліктен?
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушы судың булануы табиғи құбылыс екенін түсінеді.
-
Жаратылыстану ұғымдарын өмірмен байланыстыру қабілеті дамиды.
-
Графиктік немесе кестелік түрде ақпаратты көрсете алады.
9.Тақырып: Күн сәулесінің әсері
Зерттеу бағыты: Жылу мен жарықтың тіршілікке
әсері
Сынып: 3–4-сынып

Мақсаты:
Күн сәулесінің өсімдіктер мен адамдар үшін маңызын түсіну, жылу мен
жарықтың әсерін бақылау.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-
Күн сәулесі туралы бейнематериал көрсетеді, маңызын түсіндіреді.
-
Тәжірибе ұйымдастыруға көмектеседі: күн сәулесі бар және көлеңкеде тұрған заттарды салыстыру.
Оқушының іс-әрекеті:
-
Екі түрлі жағдайдағы заттардың өзгерісін бақылайды (мысалы: су, сүлгі, өсімдік).
-
Қайсысы жылы, қайсысы құрғақ – соны белгілейді.
-
Қысқаша сипаттама жазады немесе диаграмма салады.
Құрал-жабдықтар:
-
Ылғал сүлгі
-
Екі кесе су
-
Шағын өсімдік
-
Термометр (болса)
Нұсқаулық:
-
Бір сүлгіні күнге, екіншісін көлеңкеге жай.
-
Қайсысы тез кебеді? Неліктен?
-
Суды күнге қойып, температурасын өлше.
-
Күн сәулесінің қандай пайдасы бар? Жауап бер.
Күтілетін нәтиже:
-
Күн жарығы мен жылудың әсерін тәжірибе арқылы дәлелдей алады.
-
Табиғи құбылыстардың мәнін түсінеді.
-
Талдау, бақылау, себеп-салдарлық байланысты анықтау дағдысы дамиды.
Зерттеу жобасы 1
Тақырып: “Жапырақтар не себепті түсін өзгертеді?”

Мақсат: Оқушылардың күз мезгілінде жапырақтардың түсінің
өзгеру себептерін түсінуіне ықпал ету.
Гипотеза: Жапырақтардың түсі күн сәулесінің азаюы мен
температураның төмендеуіне байланысты өзгереді.
Зерттеу әдістері:
-
Күзде әр апта сайын ағаш жапырақтарын жинап, өзгерістерін бақылау;
-
Жапырақтардың түсі мен ауа температурасы арасындағы байланысты анықтау үшін бақылау күнделігін жүргізу;
-
Әртүрлі ағаш түрлерін салыстыру (қайың, емен, терек);
-
Жапырақ құрамындағы пигменттер туралы ақпаратты кітаптан немесе интернеттен іздеу.
Нәтиже: -
Оқушылар жапырақтағы хлорофилл мөлшерінің азаюы түс өзгерісіне әсер ететінін түсінді;
-
Салыстыру нәтижесінде әр ағаштың жапырақ түсі әртүрлі өзгеретіні анықталды.
Қорытынды: -
Жапырақтың түсі қоршаған ортаның өзгеруіне тікелей байланысты.
-
Табиғаттағы өзгерістерді бақылау арқылы экологиялық сауаттылық қалыптасады.
Зерттеу жобасы 2
Тақырып: “Су қайда кетеді?”

Мақсат: Булану процесін зерттеу арқылы судың айналымы
туралы білімді тереңдету.
Гипотеза: Ашық ыдыстағы су уақыт өте келе буланып, ауаға
тарайды.
Зерттеу әдістері:
-
Су құйылған ыдысты ашық және жабық күйде сақтау арқылы өзгерісті бақылау;
-
Температурасы әртүрлі ортада (күн астында, көлеңкеде, үй ішінде) су мөлшерінің өзгерісін салыстыру;
-
Күн сайын су мөлшерін өлшеу;
-
Су айналымы туралы модель жасау.
Нәтиже: -
Ашық ыдыстағы су мөлшері азайғаны байқалды;
-
Күн астындағы ыдыста булану жылдамырақ жүрді;
-
Су – тек жер бетінде ғана емес, ауада да айналып жүретін зат екені дәлелденді.
Қорытынды: -
Булану – табиғи құбылыс, ол арқылы су айналымы жүреді;
-
Зерттеу тәжірибесі арқылы оқушылар көзбен көріп, дәлелді түсінік алды.
Зерттеу жобасы 3
Тақырып: “Адам тыныс алмаса не болады?”

Мақсат: Ауа
мен тыныс алу арасындағы байланысты түсіндіру.
Гипотеза: Адам ағзасына оттегі қажет, ол болмаса адам өмір
сүре алмайды.
Зерттеу әдістері:
-
Өсімдіктер мен адамдардың тыныс алуын салыстыру;
-
Тыныс алу жиілігін әртүрлі жағдайларда (жүгіру, тынығу) бақылау;
-
Шам жағып, ыдыспен жауып, оттың өшуін бақылау арқылы оттегінің маңызын түсіндіру;
-
Қарапайым модель арқылы тыныс алу жүйесін көрсету.
Нәтиже: -
Тыныс алу оттегінің жеткізілуіне тікелей байланысты екені дәлелденді;
-
Оттегінің жетіспеушілігі денсаулыққа әсер ететіні туралы нақты білім алынды.
Қорытынды: -
Ауа – тіршіліктің негізгі көзі;
-
Оттегі – тыныс алу үшін аса маңызды, сондықтан табиғатты қорғау қажет.
Зерттеу жобасы 4
Тақырып: “Біздің ауламыздағы құстар”

Мақсат: Оқушыны қоршаған табиғи ортадағы құстар түрімен
таныстыру және экожүйедегі маңызын ұғындыру.
Гипотеза: Ауламыздағы құстардың түрі жыл мезгіліне қарай
өзгеріп отырады.
Зерттеу әдістері:
-
Бір ай бойы күнделікті құстарды бақылау;
-
Құстардың дауысын жазып алу және түрін анықтау;
-
Құстардың жемін бақылау және табиғи әдеттерін тіркеу;
-
Табылған мәліметтерді кесте, сурет және сызбамен бейнелеу.
Нәтиже: -
Құстардың бірнеше түрі анықталды (торғай, сауысқан, көкек т.б.);
-
Құстардың ауа райына байланысты қозғалысы мен мінез-құлқы байқалды.
Қорытынды: -
Құстар – экожүйенің маңызды мүшесі;
-
Олар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау үшін қажет;
-
Мұндай бақылаулар оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінен зерттеу жүргізу» 1 сынып Жұмыс дәптері

шағым қалдыра аласыз