400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бастауыш сыныпта математика пәнінде де оқушылардың сөйлеу қабілеттері дамиды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта математика пәнінде де балалардың сөздік қорын көбейтуге болады. Оқушылар шығарған есептерін өз ойларымен түсіндіру арқылы, сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Сапабекова Ақзада Сәлімжанқызы





«Бастауыш сыныпта математика пәнінде де оқушылардың сөйлеу қабілеттері дамиды»

Тіл байлығы – сөз байлығы. Лингвист – ғалым М. Балақаев : «Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды , нысанаға дәл тиетіндей ұтымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» деген еді. Ана тілін жақсы танып - білу мектепте, яғни бастауыш сыныпта дамитыны белгілі. Бастауыш сыныпқа алғаш келген бала әдебиеттік тілде сөйлеп, өз ойын толық жеткізіп айтуы қиынырақ. Сұрақтарға да қысқа ғана жауап береді, көбіне тақырыпқа сай емес әңгімелерді айтуға бейім болады. Бастауыш сынып мұғалімі баланың сөздік қорына көп көңіл бөледі. Ғылыми білімдерді, жекелеп айтқанда математикалық заңдылықтарды меңгерте отырып оқушылар бірте-бірте логикалық қағидаларды қолдануды үйретеді. Бұл оларға өз ойларын пайымдай білуге, пікірлерін әртүрлі мысалдармен дәлелдей білуге үйретеді.

Өзім бастауыш сыныптың мұғалімі болып 23 жылдай жұмыс жасап, алдымнан бес сыныпты орта буынға шығарып салғанмын. Қазіргі алдымдағы оқушыларым төртінші сыныпта оқиды. Менің оқушыларымның математика пәніне деген қызығушылықтары басым болады. Өзім де осы пәнді ерекше түсіндіріп, есептерді шығаруға және логикалық ойлауға балаларды аса қызығушылықпен бейімдеймін. Математика пәнінде сөйлеу де, логикалық ойлау да, өз ойын дәлелдей білу де бар. Тіл байлығын арттыру үшін мәтінді есептерді шығару, есептердің шағын шартын құру жұмыстары жүргізіледі. Әр бала алғашқы рет бастауыш сыныптың математика сабағында пікірлердің жалған немесе ақиқат екенін ажыратуды үйренеді. Оқушылар өз тұжырымдарының ақиқаттығына сенімсіздікпен қарайды. Сенімді болу үшін, логикалық ойланады. Шығарған есептерінің дұрыс немесе қате екенін дәлелдей алуды үйренеді. Оқушыларды дәлелдеу жүргізуге дайындауда логикалық қағидаларды білудің мәні ерекше. Бұл бір пікірдің ақиқаттығын бұрыннан белгілі басқа ақиқат пікірге негіздей отырып айқындауға мүмкіндік береді. Ұқсас пікірлерді өз бетінше негіздеу үшін оқушы өз жауабында негіздерді келтіруге дағдыланады. Өз ойын толық дәлелдеу барысында оқушының сөздік қоры мен логикалық ойлауы қатар дамиды. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын жеткізіп айту, еркін сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жылдамдыққа, тазалыққа , ұқыптылыққа баулимыз. Мен әр сабағымда баланың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілеттерін жақсарту басты мақсатым деп білемін.

Математика пәні бойынша білім сапасын көтеруде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту - меңгерілген білімге байланысты. Оқу процесінде қажетті оқу материалдарын оқушылардың толық меңгеруі үшін әрбір төменгі сынып мұғалімі көп жұмыс жасайды. Білім берудің алғашқы атасы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бастауыш сынып ұстаздарының еңбектері жана берсін , білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі