Бастауыш сыныпта
математиканы оқытуда ауызша есептеу тәсілдерін
қолдану.
Адамның жеке басын
қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі.
«Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып,
дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын
меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту
тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас
балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп,
оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді
көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж.
Адамбаева).
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты
білім беру,тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті.Қайсібір
мұғалімдер сабақтың жаңа түрін,ал кейбіреулері жаңашыл
мұғалімдердің тәжірибесін қолданады.Қай әдісті пайдаланса
да,негізгі мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт
бойына сіңіру.Білім негізі – бастауышта қаланатындықтан ондағы
басты тұлға – мұғалім.Сондықтан бастауыш мектептің жаңа жүйеге
көшуі әрбір ұстаздан ізденісті,жаңашылдықты және шығармашылықты
талап етеді.
Оқушыларға математика
білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген
ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген
атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ.
Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл
мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика
оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан,
шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты
ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына,
күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру,
білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет
ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Математиканы оқытуда
есептердің алатын орны ерекше.Бастауыш сыныпта математика-ны
оқытудың басты мақсаты-логикалық және абстрактілі ойлауды
қалыптастыру,негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны
игеруге практикалық негіз жасау болып табылады. Математиканы
оқытуда білім деңгейін көтеру мақсатында ауызша есептеудің маңызы
зор.Ауызша есептеу барысында оқушылар шапшаң ойлауға
дағдыланады.Логикалық ой-өрісі кеңейеді.
Ауызша есептеуге үйрету
бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу
тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен
есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды
жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз
еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды
үйретуге де мүмкіндік мол.
Математика сабағында ауызша
есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда
орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған
жөн.
Ауызша есептеуге үйретуде
оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық
диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді
ауызша жүргізген қолайлы.
Оқушылардың ойлау процесінің
нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен
бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек. Сондай – ақ ауызша
жаттығулар сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін тигізеді.
Ендеше ауызша жаттығулар оқушының ойлау қабілетін танымдық
белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады.
Ауызша жаттығулар мұндай қызметі оны дамыта оқыту идеясымен тығыз
байланыстырады. Сондықтан сабақта ауызша жаттығуларды қолдану
мәселесін дамыта оқыту теориясымен бірге қарастырған дұрыс. Дамыта
оқыту теориясының негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың,
Л.В. Занковтың, М.И.Махмутовтың, Ю.К.Бабанскийдің еңбектерін айтуға
болады. Сондай – ақ дамыта оқыту теориясын жасауда Х.Ж.Ганеев,
Н.Б.Истомина, Л.Г.Петерсон, Б.А. Тұрғынбаевалар арнайы зерттулер
жүргізді.
Ауызша есептеуге
дағдыландыруда жұмбақ есептер мен қазіргі кезде қолданылып жүрген
түрлі стратегиялардың маңызы зор.Оларды топтық немесе жұптық білім
беру кезінде яғни, өтілген материалды қайталап еске түсіру немесе
сабақты бекіту барысында қолданған тиімді. Өз кезегінде, ауызша
жаттығулардың дамыта оқыту жүйесінде алдыңғы қатардағы орындардың
бірін алу мүмкіндігі бар. Бұл жерде ауызша жаттығулар оқытудың әр
қилы дамытушылық қызметін атқаратын дидактикалық бірлік ретінде
қарастырылады. Бұдан басқа математиканы оқытуда ауызша жатттығулар
мынадай негізгі белгілері бар көп қырлы құбылыс ретінде
қарастырылады.
- Білімді меңгеруді
ұйымдастыру тәсілі;
- Білім, білік және дағдыларды
қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған құрал;
- Оқушылардың оқу – танымдық
қызметін ұйымдастыру және басқару құралы;
- Оқушылардың танымдық
қызметінің белсенділігін арттыру құралы;
- Оқушылардың оқу - танымдық
қызметін ынталандыру құралы;
- Оқыту әдістемесін жүзеге
асырудың бір түрі;
- Теориямен практиканың
байланысын жүзеге асыратын құралы;
«Ауызша жаттығулар» терминінің
өзі әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті түрде түсіндірілмегендіктен
ол нақтылай түсуді қажет етеді. Жарық көрген еңбектердің барлығы
әдеттегідей орта мектептерге арналған. Бұл еңбектердің өзінде
ауызша жаттығуларға анықтама берілмейді, тек ауызша есептеулерге
арналған тапсырмалар топтамасы ғана беріледі. Бастауыш мектеп
жағдайына келетін болсақ, бұл мәселе төңірегіндегі еңбектердің
барлығы сондай – ақ ауызша есептеулерге арналған.
Оқушылардың ұлы ғылым
саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни,
мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен
жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта
қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде
нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта
математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын
қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдерін қолдануға
тоқталып өттік. Ауызша есептеу тәсілін оқушы санасына жеткізе білу
мұғалімнің шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, «ана -
өмір тұтқасы» болса, «ұстаз – мектеп тұтқасы» десек артық
айтпаймыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер
-
Бантова М.А. Бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту методикасы
-
Педагогика
тарихы
-
Бастауыш
мектеп
Басжурекова Бакыткуль Кабдуллаевна
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы №10 Борсеңгір
орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі