жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныпта негізгі пәндерді оқыту
2019-2020 оқу жылындағы 4А сыныбында негізгі пәндердің оқытылуы туралы
Анықтама
Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр.Осы тұрғыда білімді технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті болмақ.Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдар қалыптастыруға және кәсібін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеттерін көздейді.
Математика – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды
4-сыныпқа арналған «Математика» ОӘК-і (Авторлары: Ақпаева Ә.Б., Лебедева Л.А., Мыңжасарова М.Ж., Лихобабенко Т.В.) 1–3-сыныптарына арналған ОӘК-нің сабақтасы болып табылады.
4-сыныптың ОӘК-не:
Оқулық (4 бөлім);
Жұмыс дәптері (4 бөлім);
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау;
Электрондық қосымша (жиынтық полотносы және презентациялар жинағы);
ОӘК-нің электрондық нұсқасы интернет-платформада шығатын болады және оқулық, қосымша тапсырмалар жинағы, оқушылардың даму деңгейінің мониторингіне арналған құралдан тұрады.
ОӘК жасауда келесі ұстанымдар негізге алынды: ОӘК-ді оңтайлы толықтыру; Оқулықтың және ОӘК құрамының жаңа мазмұны; Оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асыру мүмкіндігі; Оқыту мен тәрбиелеудің кешенді тәсілі; Заманауи безендіру. Жиынтыққа барлық керекті құрамдас бөліктер енгізілгендіктен мұғалімге сапалы деңгейде математикалық білімдерді меңгеру үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 4- сыныптың оқулығында, оқушылардың жалпылай да, сондай-ақ математикалық дамуына, олардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіруге, оқудың өмірмен байланысын нығайтуға да көп көңіл бөлінген. Берілген ОӘК, жаңартылған бағдарламаға және 11 жылдық мектептің бастауыш білім беру стандартына толық сәйкес келеді. Оқулық пен дәптерлер оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруына, оқуды өмірмен байланыстыруына бағытталған. Оқулық сабақ бойынша құрылған. Оқулықта төрт түрлі сабақтың үлгісі құрастырылған: жаңаныоқып-үйрену сабағы, бекіту сабағы, пысықтау және бақылау сабағы. Әр сабақта, жаңартылған бағдарламаның талаптарына сәйкес лексикалық тақырып көрініс тапқан. Жаңаны оқып үйрену сабағы теориялық материалды (суреттер, сызбалар, иллюстрациялы тапсырмалар және т.с.с түрінде берілген), тірек білімдерді өзектендіруге, жаңа білімді «ашуға», алғашқы пысықтауларға арналған материалдарды және жаттықтырғыш жаттығулар жүйесін қамтиды. Әр сабақтың оқу материалына дамытушы, жүйелеуші, қорытушы және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар енгізілген. Курстың практикалық бағыты күшейтілген, «Математика күнделікті өмірде» атты тапсырмалар топтамасы ұсынылған. Осындай тапсырмаларды құрастыру балаға білімін күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі, математикалық білімнің құндылығын көрсетеді. Бұрыннан қолданып келе жатқан жаттығулар жүйесі ендігі жерде одан да көрнекі болып көрінеді. Мұғалім де, оқушылар да материалды меңгерудің барлық кезеңдерін оңай көреді. Бұл, жаңа материалды меңгеру мен алдыңғы өткен материалдарды бекітуді, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін өздерінің бақылауына көмегін тигізеді. Бұл баланың бойында оқып үйренуді қалыптастыруға мақсатты түрде септігін тигізеді. Оқулықта жаттықтырғыш жаттығулары артығымен берілген. Мұғалім балалардың дайындық деңгейін ескеріп, ұсынылған материалдардан қажет деген жаттығуларын таңдап ала алады. Көптеген жаттығулардың көлемі және орындалу қиындығы бойынша күрделену мүмкіндігі бар. Жаттығулар жүйесі, көптеген тапсырмалардың орындалуының 4 бірнеше деңгейі бар болатындай етіп құрылған. Бұл нәтижелі
бірнеше деңгейі бар болатындай етіп құрылған. Бұл нәтижелі математикалық ойлауды және оқуға ынтаны қалыптастырады.
Дәптер әр сабақ сайын жүргізілетін, қалыптастырушы бағалау жүйесі бар тапсырмаларды қамтыған. Оқулық та, дәптер де оқушының нәтижелі іс-әрекет етуін қалыптастыруға бағытталған. Бекіту сабақтары өзіндік жұмыс тапсырмаларын, пысықтауға, жаттықтыруға, қалыптастырылатын білім, білік және дағдыларды тексеруге арналған тапсырмаларды қамтиды. Әрбір сабаққа
оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуға арналған жаттығулар, қызықты да стандартты емес тапсырмалар, кеңістіктік ой-өрістерін дамытуға арналған тапсырмалар, логикалық тапсырмалар және т. б. енгізілген. Тағы бір ерекшелігі – пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуы. Пәнаралық байланыс лексикалық тақырыптар арқылы математикалық мазмұнды беру бойынша жүзеге асады. Авторлар тек қана лексикалық тақырыпты ашып қана қоймай, берілген материалдарда математикалық түсініктер мен амалдар тәсілдерін де көрсететін материалдарды іріктеп алған. Баспа негізіндегі жұмыс дәптері оқушының өзіндік жұмысы мен күнделікті сабақта критериалдық бағалауға арналған. Дәптерде дескриптор жазуға орын қалдырылған. Ал дескрипторлардың өздері әдістемелік құралдағы сабақтардың әрбірінде тұжырымдалған. Мұғалім сабақтағы әрбір жұмыстың бағалау критерийін ұсынып, оқушыларға дескрипторлар құрастыруға көмектесе алады. Бұл қалыптастырушы бақылау түрін түрлендіруге мүмкіндік береді. Тексеру жұмыстарының жүйесі жиынтық жұмыстар (бағдарламаға сәйкес) мысалдарының үлгісінде берілген. Берілген оқу құралда оқушылардың өзін-өзі бағалау, есеп жүргізу және әр баланың өздерінің жетістіктерін түзетіп отыру жұмыстары қойылған. Оқулыққа арналған диск электронды жиынтық полотнодан тұрады. Оқу құралы бағдарламаның негізгі сұрақтарын меңгеруге, түсініктердің көрнекі бейнелерінің және амалдар тәсілдерінің қалыптасуына қажетті ашық, түрлі түсті, динамикалық тартымды бейнелерді қамтиды. Әдістемелік нұсқау төртінші сыныпқа арналған математика курсы бағдарламасын оқып-үйренудің айрықша ерекшеліктерінің сипаттамасынан, міндеттер мен математиканы оқытудың негізгі нәтижелері сипатталған ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Оқу құралы әр сабақ бойынша дайындалған, онда оқулық пен дәптердегі тапсырмалармен жұмыс істеудің нұсқаулары мен түсініктемелері, сабақтағы ауызша жұмыс жасаудың болжамды бағыттары берілген. Сабақтардың қысқа мерзімді жоспарлары ұсынылған формада берілген. Әдістемеге қосымша СD-дискі енгізілетін ұғымдар мен амалдар тәсілдерін көрнекі түрде ашып көрсетуге көмектесетін сабақтардың презентациялар топтамаларынан тұрады. Мұндай презентациялар сабақ тапсырмаларын ғана емес, сондай-ақ интерактивті түрде ұсынылған көрнекі кестелер мен демонстрациялық материалдарды қамтиды.
Оқулық және ОӘК-нің басқа элементтері бағдарламада ұсынылған жаңа тәсілдерге толығымен сәйкес құрылған. Бұл көрініс тапты:
• Сабақтың тақырыбы және сабақтың мақсаты.
• Ортақ тақырыптар аясындағы лексикалық тақырыптар.
• Ортақ тақырыптар аясында есептер мен тапсырмалар іріктеу. ОӘК безендіру ерекшеліктері оқу құралына қойылатын қазіргі талаптар мен гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
• Оқулық беттерінің ақ түсті болуы оқушылардың назарын тапсырма мазмұнынан басқаға аудартпайды.
• Қаріптер өлшемі қойылатын талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ алдыңғы оқулықтардан өзгеше.
Жас
өспірімдердің сапалы білім, саналы
тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі
– мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
бірі.
Мақсат – айқын, міндет – біреу:
ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек
етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай
болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы
да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел
игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен
білімімізді сала бермекпіз.
«Өнердің,
білімнің кілтін тапқан ғана озады»
дегендей бүгінгі таңның талабы таудай
болып тұрған заманда талмай еңбек етіп,
сауатты да мәдениетті, қажырлы да
қайратты, ізденімпаз болсаң ғана «білекті
бірді, ал білімді мыңды жығады» деген
ата - бабаларымыздың ұлағатты сөзінің
кемелденгенінің айқын көрінісі.
Заманымыздьң заңғар жазушысы М.Әуезовтың
«Халық пен халыкты, адам мен адамды
теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін
өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан
басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз
үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен»
тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс.
Біздің қоғамда адал еңбекті терең
біліммен ұштастырған ғана табысқа жете
алатынын есімізден шығармағанымыз
абзал. Бұл – заман талабы. Себебі,
еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп,
саяси-әлеуметтік және экономикалық
дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан
шақта сапалы білім беріп, жан-жақты,
өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар
адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында
тұрған негізгі міндет. Осы орайда,
«... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларды сабаққа қызығушылығы жоқ. Сабақ барысында тез шаршайды, ізденбейді, тек қана мұғалімдің көмегімен жұмыс жасайды. Қазіргі заман талабы бойынша берілген оқу стандарты бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі.
Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан оқушыны сабаққа қызықтыруға және оны шешу проблемаларын өзгерту қажет.
Болашаққа жоспар
Өз ойын ашық айта отырып, топтық жұмысты қорғай білуге үйретіп, басқаларды тыңдауға кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарай отырып, әр түрлі мәселеге сыни көзбен баға беруге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың сабаққа болған қызығушылықтарын ояту
Белсенділіктерін арттыру
Топпен жұмыс жасауға үйрету
Сұрақ қоюға дағдыландыру
Өз бетінше ізденуге үйрету
Осы мақсатта өзімнің 8 қыз, 7 ер баланы құрайтын 4«а» сыныбымда математика пәні бойынша тізбектелген бір сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым.
Содан
кейін Алғырлар, Білімділік, тапқырлар
деп жазылған кеспелерді таңдау арқылы
3 топқа бөлінді. Сабақтың құрылымын ББҮ
әдісіне салып құрған болатынмын. Сабақтың
тақырыбын ашпас бұрын не білемін? деген
сұрақ орайында ортаға өз ойларын салып,
талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді
бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше
түсіндіруден кейін флипчартқа түсіру
көзделген болатын. Осы сәтте балалардың
топ ортасында жұмыла жұмыс атқарғылары
келгенімен, алайда «Ұлттық ойындар»
деген тіркестің мағынасын толыққанды
ашу үшін оқулықтарына көз тастаумен
болды. Осы жерде оқушыларға алдымен сол
кезде ғана механикалық түрде есте
сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді
басқа бір нәрсемен ұштастыра естерінде
сақтап қалғандай болды. Оқушылар
бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып,
өз пікірлерін білдірді. Осылайша
диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше
жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен
игеруге үйрене бастады, өзара қолдаушы
болып, қате жауаптары үшін қорықпай,
бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне
көмектесе білді. Содан соң ғана оқу үшін
өзара топтар бір-бірінің таныстырылымдарын
«екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап,
қолдау, мадақтау айтып бақылау дағдылары
артты. Одан әрі келесі кезең не білгім
келеді? сұрағына жауап іздеуге итермеледі.
Оқушыларға «Үш қадамдық сұхбат» жүргізу
үшін топ ішінде А, Ә деген атаулар бердім.
Яғни, балалар өздерінің бүгінгі сабақта
не білгісі келетіндерін сұрастырып,
кезектесіп сұхбат алып, зерттеушілік
әңгіме туды. Әр оқушы өз білім алуына
жауапкершілікпен қарауға, топта және
жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін
жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім
қабылдауға, зерттеуге, ізденуге талпына
білді.Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы
мұғалім ретінде мен оқушылар тобын
ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және
«дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар
беру арқылы олардың өз бетімен білім
алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра
алдым деп ойлаймын. Оқушылар бірлесіп
жұмыс жасауда қарым - қатынас шеберлігін
ұтымды пайдалана білуге дағдыланады.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне
әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр
сабақ сайын сергіту сәтін ұйымдастырып
отырдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды
түсіндіруді және олардың қабылдауын,
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін
маңызды құрал болып табылады. Осы сабағым
өнер тақырыбына жақын болғандықтан,
сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім:
интерактивті тақтадан дене қимылдарын
бейнелейтін бейнеролик көрсетіп,
оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар
алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен
қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту
сәтінен кейін бөлінген топ атауларына
байланысты топтық тапсырмалар орындалды.
Бұл жаттығудың шарты бойынша «Ақ терек»
тобының оқушылары сұрақтарды оқыды,
«Көк терек» тобы сұрақтарға жауап
берді.
Сабақта алған білімдерін
жинақтауда «Постер» қорғау әдісін
пайдаландым.
«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Сабақ соңында оқушыларға "Екі жұлдыз бір тілек" кері байланыс жұргіздім. Кері байланыс жүргізу нәтижесінде сабаққа оң ынта таныта қоймайтын оқушылар осы сабақ бойынша өз ойларын айтса, үнемі белсенділік танытып жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше толығымен бір-бірінің жақсы жақтарын атап өтті. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау смайликтері арқылы көрсете білді. Сабақ соңында түйгенім жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады. Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянды, белсенділіктері артты, топтарда бірлесе жұмыс істеуге, сұрақ қоюға дағдылана отырып, ізденуге үйренді.
Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген