400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытудың жаңа бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі цифрлық заманда ақпарат ағыны өте жылдам. Осы орайда, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын ояту, оқығанын терең түсіну және оны өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру — білім беру саласының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта №24 мектеп-гимназиясында бірінші сыныптан бастап «Мәтіндер әлемінде» атты вариативтік курс бағдарламасы сәтті енгізіліп, өз жемісін беруде. Бұл курстың басты мақсатында оқушылардың ана тілінде дұрыс сөйлеу, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлемдер арқылы жүйелі мәтіндер құрастыру, шығармашылықпен жұмыс жасау қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытудың жаңа бағыттары

Дуненбаева Б.К.

Антаева М.Т.

бастауыш сынып мұғалімдері

Қостанай қаласы, № 24 мектеп-гимназиясы



Қазіргі цифрлық заманда ақпарат ағыны өте жылдам. Осы орайда, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын ояту, оқығанын терең түсіну және оны өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру — білім беру саласының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта №24 мектеп-гимназиясында бірінші сыныптан бастап «Мәтіндер әлемінде» атты вариативтік курс бағдарламасы сәтті енгізіліп, өз жемісін беруде.

Бұл курстың басты мақсатында оқушылардың ана тілінде дұрыс сөйлеу, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сөйлемдер арқылы жүйелі мәтіндер құрастыру, шығармашылықпен жұмыс жасау қарастырылған. «Әдебиеттік оқу мен қазақ тілі» сабақтарында білім алушылардың оқу стандартты ойлау шеңберінен шығып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын халықаралық PIRLS және PISA зерттеулерінің талаптарына сай дамытуға бағытталған. Сабақ барысында тек көркем шығармалар (ертегілер, мысалдар, әңгімелер) ғана емес, сонымен қатар заманауи өмірде жиі кездесетін «мәтінді өз ойыңмен толықтыр, жалғастыр, мәтіндегі қате деректерді анықта, өз ойыңнан ұнаған тақырыбына шағын мәтіндер құрастыр» деген тапсырмалар мен жұмыс жасалады. Балалар диаграммалар, кестелер, инфографикалар және нұсқаулықтардағы ақпаратты оқуды, оларды талдап, өзара салыстыруды үйренеді. Мысалы, «Жарнама агенттігі», « Мен редактормын», «Жас репортер» тақырыптарында оқушылар тек мәтінді оқып қоймай, өз ойларынан жарнама, шағын мақалалар, сұхбат алу тапсырмаларын өмірмен байланыстыра отыра,шығармашылық әлеуетін көрсете білді.3-сынып оқушысы Байкенова Айлана өз әсерімен бөлісті: «Бұл сабақтар өте ерекше, себебі біз әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындаймыз.Шағын мәтіндер, ертегілер құрастыруда әр түрлі кестелерді, мәтіндегі жасырын ақпараттарды іздейміз. Өзім де шағын ертегі құрастырып жаздым. Қазір маған кез келген мәтінді түсіну жеңіл».

2024-2025 оқу жылынан бастап жаңартылған әдістемелік нұсқаулар негізінде жүргізіліп жатқан курстың нәтижесі көңіл қуантады. Оқушылардың сөздік қоры байып, сыни ойлау қабілеті артты. Олар мәтіннен негізгі ойды жылдам тауып қана қоймай, кейіпкерлердің іс-әрекетіне өздігінен баға беріп, шағын мәтіндер құрастыруды меңгерді. Сабақ барысында бағдарламаға сай «Менің шығармашылық шеберханам», «Менің жобам»атты жобасын қорғап, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетті.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.08.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі