жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Қарағанды қаласы әкімдігі "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№36 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Карағанды, 2019
УДК 374.31
ББК 74.202.5(5Қаз)
C77
Пікір жазған: Н.Қалмағанбетова, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы
С 77 Бастауыш сыныпта қолданылатын педагогикалық тәсілдер/ құраст.: Д.К.Сексеналина, М.Ж.Абдикенова, Ж.А.Серикбаева – Қарағанды, «Colorprint» 2019. – 36б.
Ұсынылып мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып пәндер негізінде әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпарат, сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалану және критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпарат қамтылған.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
УДК 374.31
ББК 74.202.5(5Қаз)
© Д.К.Сексеналина
© М.Ж.Абдикенова
© Ж.А.Серикбаева
КІРІСПЕ
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып пәндер негізінде әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпарат, сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалану және критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпарат қамтылған.
Сабақ үдерісінде мұғалімдер әдістемелік нұсқаулықты пайдаланады. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндігі болады.
Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттері:
мұғалімдердің бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының
мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды
үйрету.
Мұғалімдер бастауыш сынып пәндері сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. Бастауыш сынып пәндеріне сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және
қолдана біледі.
Мұғалімдердің идеяларын тыңдайды, белгілі бір мәселелерге қатысты бағамдау аспектілері тұрғысынан мұғалімдерді бағамдайды.
Мұғалімдерді бағамдау аспектілері бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген педагогикалық зерттеу аясында әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі оқушылардың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер қолданатын әдістер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Оқыту тәсілдерінің қалай құрылуы қажеттігі:
Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданады.
Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы тиіс және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс.
Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылатын болады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу.
Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда, анағұрлым қуатты құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады.
Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады, ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.
Жоспарланған көптеген жаттығулар оқушылардың бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейді. Мұғалімдер үшін білім берудегі жаңа идеяларды талқылап, ол идеялар туралы ақпарат алмасуға мол мүмкіндік берудің маңызы зор. Мұғалімдерге белсенді оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды тиімді жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді. Осы тәсілді қолдана отырып, оқушылардың дағдылары мен білімін арттыруға қол жеткізуге болады. Оқытуда осы қарым-қатынас тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың оқу процесінде көрініс тапқан оқу мақсаттарына жетуге ынталандыратын жаттығуларды қалай жоспарлауға болатынын көре алады.
Топтағы бірлескен жұмыс бөлінген таным қағидатына негізделеді, оның ауқымында балалар бір-бірімен білімімен және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істейді. Олар түсініктеме беріп, болжамдарын ұсынады, осылайша әсіресе бірлескен сұрақ-жауап кезінде өз түсінігін кеңейтеді. Оқу барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі. Бастауыш сыныпта мұғалімнің рөлі оқушылардың үлгерімін қадағалап және есепке ала отырып, олар үшін «белсенділендіргіш» рөлін орындауға негізделеді. Оқу үдерісін жандандыру үшін мұғалімдер ынталандырғыш материал ұсынып, оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады, осылайша оқушылардың бойында танымдық өзгерістердің орын алуына ықпал етеді. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет етуге үйрену керек.
Оқушыларға оқу жоспарындағы жаттығулар аясында көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануда мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстары арқылы қолдау көрсетіледі. Ккритериалды бағалау моделі оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдерді пайдаланады.
БЕЛСЕНДІ ОҚУ
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды мысалы, «Алға» «Go» деп аталатын ежелгі қытай ойыны тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қолданылатын бірқатар тәсілдер:
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
Ашық сұрақтарды пайдалану;
Дәлел ұсынуға ынталандыру;
Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
ТІЛДЕСУ АРҚЫЛЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫ
Тілді оқытудың тәсілдері көп екені белгілі, алайда әлеуметтік-лингвистикалық тәсіл тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда қандай тіл орынды екенін түсіну маңызды (жазбаша және ауызша). Оқушылар тиісті әлеуметтік тілді, соның ішінде нақты жағдайға сәйкес келетін грамматиканы, құрылымды және лексиканы таңдай алу үшін мұғалімдер мәтіннің мақсатын және оның кімге, қандай аудиторияға арналғанын түсінуге көмектесу керек. Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылады.
Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Бастапқы кезеңдерде оқушылардың осыған дейін меңгерген білімін қазіргі кезде оқып жатқан көптеген жаңа түсініктерімен байланыстыру маңызды болып табылады. Білім мен дағдыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай және нақтыдан абстрактіге қарай қалыптастырған маңызды. Алдымен мұғалім қажетті түсініктерді оқушылар бір-бірімен сөйлескен кезде пайдаланатын тілдің көмегімен енгізу керек. Сонымен қатар, материалдардың табиғатымен байланысты тілді пайдаланған орынды болмақ. Оқушылар нақты тілді пайдаланып, нақты заттар арасында байланыс орнату үшін материалдарды пайдалануға немесе әрекеттерді іске асыруға қатыстырылуы керек. Оқушылар тақырыппен танысқаннан кейін ғана түсінікпен байланысты техникалық тіл немесе терминология оқытылуы тиіс. Жаратылыстану және математика сияқты пәндерде оқушылар ұғымдарды нақты түсінгеннен кейін ғана формулаларды ұсынуға болады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҮРЕТІН ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛЫМ
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады. Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымды былай сипаттайды:«Сіз және балалардың шағын тобы... оқып отырған әр адамға белгілі бір деңгейде күрделі болып табылатын мәтін туралы әңгімелесу, ойлану және оны оқу. Бұл кездегі мұғалімнің рөлі оқушылардың түсініп оқып жатқанына кепілдік беру үшін қолдау көрсетуге бағытталған. Балаларды назарда ұстау және тыңдау. Оқылымның мақсаты – мәтін мағынасын түсіну немесе анықтау».
Мұғалімдер пайдалана алатын аса бір тиімді әдістердің бірі «Дауыстап ойлану» деп аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді түсінуге көмектеседі.
ДӘЛЕЛДЕУ
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр.
Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік. Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Дәлелдеудің үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі жұмысы білім беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті. Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады.
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушылар айтылғанды тыңдап, естігендерін қайта дыбыстау арқылы білім алады. Керісінше, сабақтар қайталауға негізделіп ұйымдастырылатын мектептерде әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады. Осындай сабақтарда оқушылар басқа оқушыларға тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген түсініктемелеріне құрметпен қарайды және оның құнды екенін түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушыларға мәселені түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Ұжымдық дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал.
Оқу бағдарламалары аясында дүниетану пәнінде дәлелдеудің негізгі құрамдас бөліктері сыныптан сыныпқа ауысу шамасына қарай күрделеніп отырады, атап айтсақ, оқушылар ақпарат көздерін талдап, талқылайды және өз нәтижелерімен таныстырады.
|
Дүниетану пәні бойынша бөлімшелер: |
|
Дереккөздермен жұмыс |
Түсіндіру және талдау |
|
1-сынып |
Дереккөздермен жұмысты мұғалімнің көмегіне сүйене отырып орындау |
Оқиғаларды, адамдар мен зерделенген өзгерістерді түсінетінін және білетінін көрсету |
2- сынып |
Дереккөздерден қажетті ақпаратты өз бетінше таба білу |
Бастапқы және қайталама ақпаратты ажырату |
3- сынып |
Ақпарат көздері туралы түсінігін дамыту |
Әңгімелер мен есептерден ақпаратты жазып алу, |
4- сынып |
Дереккөздердің көмегімен иедялар мен ғылыми болжамдарды талдау және растау |
ретке келтіру және іріктеу |
Кестеде көрсетілгендей, төменгі сынып оқушыларына арналған тапсырмаларда әртүрлі ақпарат көздері қолданылады. Алдағы уақытта оқушылар тақырыпты түсіну үшін ақпаратты пайдалана бастайды. 4-сыныпқа қарай оқушылар дәлелдеу дағдыларын пайдаланады, соның нәтижесінде олар жиналған деректердің негізінде өз көзқарасын ортаға салып, талқылауға қатысады.
ДӘЛЕЛДЕУМЕН БІР ҚАТАРДА ТҰРҒАН ДАҒДЫЛАРДЫҢ
БІРІ – ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ
Проблемаларды шешу – бұл:шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және мағынасын түсіну; рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу; формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ жорамалдар жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім олар үшін тақырыпты білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
Елестету;
Салыстыру;
Түсіндіру және дәлел келтіру;
Мақұлдау.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылар Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте сақтау керек. Белгілі бір жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстарктілі, ойдан шығарылған нәрселермен жұмыс істегенше, қарапайым бірақ нақты мысалдарды пайдаланғаны абзал. Физикалық материалдар мен шынайы өмірден алынған мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш оқушылар қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгерту қажет. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамыту керек.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен дамытуды көздейді:
ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үшін мұның маңызы қандай?
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімдерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп, оны өз бетінше табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді.
Пән |
1-сынып оқушылары... |
3- сынып оқушылары... |
Математика |
Бірдей сандар мен фигуралар бар жұмбақтарды шешеді |
Ықтималдық негіздерін біледі және оны тапсырмаларды, проблемаларды және әртүрлі күнделікті мәселелерді шешу үшін пайдаланады |
Жаратылыстану |
Адамзаттың салауатты дамуы мен өсуі үшін талап етілетін қажеттіліктерді анықтайды (мысалы, тамақ, ұйқы) |
Мекендеу жағдайларындағы өзгерістер жануарлар санының өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екендігін түсіндіреді |
Дүниетану |
Мектептегі арнайы орындарды зерттейді |
Қазақстандағы тұрғындардың мәдени, жергілікті, аймақтық, ұлттық, этностық, діни мәнмәтініндегі сәйкестігімен танысады. |
Жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сынып пәндері арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін бірнеше тәсіл ұсынуға болады:
Математиканы қоспағанда, 1 және 2-сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар бұл пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді:
1-бөлім: Өзім туралы
2-бөлім: Менің мектебім
3-бөлім: Менің отбасым және достарым
4-бөлім: Бізді қоршаған әлем
5-бөлім: Саяхат
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
7-бөлім: Тағам және сусын
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау
Басқа сыныптарда әртүрлі пәндердегі тақырыптардың аттары бірдей емес, дегенмен, олардың арасындағы пәнаралық байланысты анықтау қиынға соқпайды. Мысалы, ағылшын тілі бойынша оқу жоспарында:
Тақырып |
Белгіленген пәнаралық байланыс |
1-бөлім: Қарым-қатынас |
Тарих, АКТ және дүниетану |
2-бөлім: Бәсекелестік |
География және спорт |
3-бөлім: Байлық |
Математика, тарих, география және бейнелеу өнері |
4-бөлім: Салауатты әлем |
Жаратылыстану және дүниетану |
5-бөлім: Ыстық және суық |
География және жаратылыстану |
6-бөлім: Мифтер мен аңыздар |
Таңдалған материалға байланысты кез келген пән |
7-бөлім: Сүйсіне оқу |
Оқу үшін таңдалған материалға байланысты кез келген пән |
8-бөлім: Машиналар |
Жаратылыстану және математика |
9-бөлім: Ғарышқа саяхат |
Музыкамына кестені дурыстау керек |
Оқушыларға пән мен тақырып арқылы байланыс орнатуға көмектесу үшін мұғалім мақсатты сұрақ-жауап жүргізе алады;
Мұғалім оқушыларға портфолиосындағы жұмыстарын тақырыптар бойынша сақтауға ұсына алады, бұл пәнаралық байланысты айқын көруге мүмкіндік береді.
Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлуі орынды (мысалы, жазылым құрылымы, жауаптар модельдері және тағы басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлайша тура нұсқау беруді азайып, мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруына болады. Оқушыларды мұғалімге және сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар және ашық сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертуге көмектесе алады. Алайда уақыт өте келе оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болып табылады.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқушыларды уәждеу
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Алайда оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде қарастырған орынды болар. Сыртқы уәжді оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген арттыруға арналған тәсілдер Бұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді.
Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, ізгілікті табыс деп есептеледі. Оқушылар оқудан ләззат алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады.
Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдердің оқушылардың уәжін, атап айтқанда, ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, бұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал.
Оқушыларға басқатырғышты шешу жөніндегі өте қызықты жаттығу беріп, кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысушыларға бұл тапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы орындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын жалғастыра берді. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуы оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті.
Білім беру саласы үшін мұның тілге тиек етерлік айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес, жеке тұлға өзінің құзыреттілігінің жетпейтінін немесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. Айта кететін нәрсе, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің құзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екендігін әрдайым көрсете бермейді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың білімге құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді. Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын аялап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша өсіруге ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады. Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер етуі мүмкін.
оқушылар сабақты «ойын-сауық», алуан нұсқада және белсенді өтетін үдеріс деп санаған жағдайда;
мұғалім оқытудың бірлескен әдістерін қолданған жағдайда;
оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған жағдайда
оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға олар үшін қызықты тақырыптарды талқылауға және топтық жұмысқа қатысуға мүмкіндік береді. Бұл – оқушыларға ішкі уәжді қалыптастыруға көмектесетін ерекшеліктер.
Кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқығысы келмейтін оқушыны өз әлеуетін толық көрсете алатындай оқуға қызықтырып, қолдау көрсету болып табылады. Әдетте балалар мектепте жақсы оқуға тырысады, алайда уақыт өте келе, кейбіреулері оқуға деген уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғандықтан ғана емес, өз еркімен оқуға ынталанып, іштей уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады және шынайы өмірден алынған жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды ұнатады.
Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:
белсенді оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру;
әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын түрлендіру;
оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
4-сынып оқушылары бастауыш мектептегі оқуы аяқталуға жақын екенін түсінеді. Олар өздерін ересек адам ретінде көрсеткісі келіп, сабақта қарастырылған тақырып немесе оқуда қолданылатын әдістер аясында үлес қосуға мүмкіндік берілгенін қалайды, әрі бұл жағдайда қуана атсалысады. Мүмкіндік берілсе бұл оқушылар әртүрлі оқу тәсілдерін анағұрлым тиімді ету туралы терең ойларын білдіріп, салмақты пікір білдіре алады. Мұғалім мен оқушылардың арасында орнаған бұл ынтымақтастық 4-сыныпта сабақ жүргізудің анағұрлым табысты, сенімді тәсілі болуы мүмкін.
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән берген дұрыс. Олар – жалпы қолданылатын техникалар және әдетте «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтықпен қараған жөн,
себебі олар ішкі уәжді төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, оқушыларда төмендегідей сезім тудыруы мүмкін марапаттардан (әсіресе мақтаудан), жаза немесе кері байланыстан аулақ болған дұрыс:
тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
тапсырманы аяғына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;
өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Бастапқы ішкі уәж төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жобасына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысу қажет (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлқының болмауы, негізінен, мұғалімнің оның уәжін оята алмауының салдарынан болады. Мұғалім қызметінің аса маңызды қыры – оқушылардың уәжділігін анықтауға көмектесетін көптеген факторларды түсіну. Төмендегі кестеде мұғалім жұмысының оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР |
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР |
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім |
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім |
көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар белгілі бір мағынасы бар және осыған дейін өткен |
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар айқын емес, түсініксіз және осыған дейін өткен |
тақырыппен байланысты жаттығулар |
тақырыптармен байланыспайтын жаттығулар |
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған |
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе қабілеті жоғары оқушылардың |
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады |
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады |
– сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжау мүмкін емес |
– сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжап қабілеттері ескерілмейді білуге болады |
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту |
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға«ойлануға» уақыт берілмейді |
әр оқушыға жеке қолдау көрсету |
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді |
көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы |
мақтау айтылмайды және мұғалім дене қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды |
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не күтілетінін біледі |
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не күтілетінін білмейді |
ЗЕРТТЕУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ
Жаңартылған білім беру бағдарламасын қоса алғанда бастауыш сыныпқа арналған көптеген білім беру бағдарламалары тақырыптық бірліктерді құру және іске асыруды көздейді. Бұл тәсіл бастауыш сыныптардағы кіріктірілген оқу мен оқыту тәсілінен көрініс табады, бірақ зерттеуге негізделген тәсіл тәрізді педагогикалық тәсілдер қолданылмаған жағдайда бұл оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмайды.
Зерттеуге негізделген оқу оқытудың сындарлылық теориясына сүйенеді. Оқушыларға бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын «жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады, сонымен қатар, «дүниетану» сияқты әлеуметтік мәселелермен байланысты пәндер үшін керемет сай келеді.
Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады:
Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын тәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа біреудің) тапқандарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады.
Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін өздері таңдайды.
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. Сондықтан бұл тәсілді бастауыш сыныптар үшін немесе жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда қолданған жөн болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, 3-сыныпта мұғалім жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі мақсаты – анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейтін ашық зерттеуді табысты орындау. Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының аясында зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Сонымен бірге, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып, талдай алатын тиімді орта бола алады. Алайда, бұл ашық зерттеу оқуға сай келетін жалғыз педагогикалық тәсіл деген сөз емес.
Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез келген пәнде қолдануға болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге оқушы шығады.
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» деп аталады. Модель әртүрлі 7 зерттеу кезеңін қамтиды (төмендегі кестені қараңыз). Дегенмен, зерттеу барысында болжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады.
Кезеңдер |
Жаттығулардың негізгі тақырыбы |
Сұрақтар түрлері |
Ретке келтіру |
Оқушыларға тақырып бойынша істеуге мүмкіндік беру
Тақырып бойынша қызықтыратын мәселелерді анықтау |
Тақырып қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет? |
Кезеңдер |
Жаттығулардың негізгі тақырыбы |
Сұрақтар түрлері |
Зерттеуге дайындық |
Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау. |
Біз бұл тақырып туралы не білеміз? Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар? |
|
Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу |
Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың? |
|
Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу |
|
Зерттеу |
Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру. Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну. Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну. Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру. Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу |
Біздің нақты нені білгіміз келеді? Бұны істеудің ең үздік жолы қандай? Ақпаратты қалай жинаймыз? |
Сұрыптау |
Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру. |
Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? Қандай байланыс орната аламыз? Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз? |
Алға ілгерілеу |
Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну |
Біз қандай қорытындыларға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз? Біз қандай шара қабылдай аламыз? |
Байланыс орнату |
Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауына көмектесу• Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беру |
Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз? |
Шара қабылдау |
Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу. Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер жасау. Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеру. |
Біз қандай шара қабылдай аламыз? Тақырып туралы енді не ойлайсыз? |
БЕЛСЕНДІ ОҚУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасының мақсаты оқушыларға еркін ойлануды үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытпауы аса маңызды. Сондықтан оқушылар өздігінен белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген нүктеден өздерінің Жақын арадағы даму аймағына дейін «өздерінің қамалын тұрғызады». Оқушылар жұмыс істегенде оларға қолдау қажет. Мұндай қолдау мұғалімдер, тәуелсіз сарапшылар, жұмыс парақтары, кітаптар немесе басқа да көздерден көрсетілуі мүмкін. Оқушы жеке оқу кезінде қол жеткізгенімен салыстырғанда, сабақ үстінде неғұрлым көбірек үйренуге тырысуы керек.
Оқушылар жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, (мұғалім қолдау көрсететін) сабақта анағұрлым жақсы үйренеді деген ойға негізделеді. Мысалы, оқушыларды зерттеу сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру олардың оқу үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар өздері бақылайды. Бастауыш сыныптарда зерттеу сұрағын келісу үдерісі мұғалімнің көмегімен жүргізілуі тиіс. Мысалы, мұғалімдер оқушылар ұсынатын сұрақтарды келесі түрде жіктеуге көмектесе алады: білген қызық, білгім келеді, зерделенетін негізгі тақырыпты түсіну үшін маңызды. Бұл жіктеу жүйесі алдағы уақытта оқушыларға зерттеуге арналған тиісті сұрақты таңдауда тірек бола алады. Нақты айтқанда, мұғалім сай келмейтін сұрақтарды болдырмау мақсатында, оқу мақсаттарына сәйкес келетін сұрақтардың ғана қамтылуын қамтамасыз етуі қажет.
Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім мұғалім деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды. Хэтти (2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізген. Ол мұғалімдер «үйлестіруші» және «катализатор» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырды. Ол қолданған тәсілдерді салыстыру үшін, 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін және 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім катализатор болған (мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған.
Терең білім алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС
Оқушылардың қазіргі кездегі мықты тұстары мен олар кездестіретін қиындықтар анықталады. Бұл көп жағдайда оқушылардың тапсырмаларды қалай орындайтынын бақылау арқылы, яғни ауызша жауаптарын бақылау және жазбаша жұмыстарын тексеру арқылы жүзеге асады. Содан кейін бұл ақпарат әр оқушының үлгерімін жақсартуға көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады.
Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар:
мұғалімдер оқушылар қателік жіберуге қорықпайтын, тәуекелге бару мәдениетін қолдайды;
мұғалімдер оқушыларға жұмысының сапасын бағалау құралдарын таңдауға көмектесу үшін барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды;
мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу мақсаттарын белгілеп, олармен оқушыларды таныстыру арқылы, мақсаттарды бақылап, оқытуды реттеу арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
мұғалімдер оқушылардың түсінуін бағалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады және әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту әдістерін түрлендіреді;
мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделе ұсынылады.
Мұғалім «сыныптағы ахуалды жақсы білуге тиіс» (Hattie, 2012), сондықтан сыныпты тыныштандырудың (оқушылардың тыныш отыруы, мұғалімнің сөйлеуі) орнына, мұғалімдер оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқау, шешім тұжырымдау және қабылдау, олардың орындалуын бақылау құзыреттіліктерін арттыруға тиіс. Мұндай хабардарлық мұғалімдер өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы ойланған жағдайда ғана дамитын болады. Рефлексия дағдысын дамыту үшін белсенді оқу жаттығуларына дағдыландыру үшін ықшамсабақ жүргізуді көздейді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУ
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Жиынтық бағалау тәсілдері пәндер мен сыныптар бойынша жиынтық бағалауға арналған нұсқаулықтарда толығырақ қарастырылады.
Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.
Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады.
Әр тестінің құрылымы мен ұзақтығы туралы және оларды басқару әдістері туралы ақпаратты пән бойынша тест спецификациясынан табуға болады. Жиынтық бағалауға арналған спецификацияда сұрақтардың үлгілері мен бағалау сызбалары ұсынылған, одан мұғалімдер әртүрлі дағдылар қалай бағаланатынын көре алады.
Нақты бағалау критерийлері болған күннің өзінде де қалыптастырушы бағалау кезінде баға қою әлі де күрделі үдеріс болып табылады және мұғалімдер олар бойынша түсініктеме бере алады. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында модерация қолданылады.
«Стандарттау мысалдардың жалпы жиынтығының негізінде оқытуды көздейді, одан кейін мектептер өз жұмысында жалпы стандарттар мен критерийлерді қолдануға құзыретті болады деп болжанады. Модерацияның талаптары анағұрлым қатал, ол жыл сайын ағымдағы шынайы деректерді белгілей отырып, мектепішілік және мектепаралық кездесу өткізуді талап етеді».
Модерация кәсіби оқудың маңызды бөлігі болып табылады және тәжірибе жүзінде критерийлер қандай болатыны туралы пікірталасты қамти отырып, мұғалімдерге ол критерийлер қатысты болып табылатын стандарттарды түсінуде көмектеседі. Мұғалімдер оқу мақсаттарына жету үшін оқушыларға үлгерімдерін жақсартуға көмек көрсету мақсатында идеялармен және тәсілдермен алмаса алады. Әріптестермен кәсіби диалог мұғалімдерге өз пәндері аясындағы оқушылардың үлгерімін анық түсінуге мүмкіндік беретіндіктен, модерацияның бағалауға да, оқуға да оң әсер ететіні дәлелденді.
Бастауыш сыныпта сабақты жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, қалыптастырушы бағалау қолданылатын сабақтарды алдын ала анықтау қажет болады.
Оқыту және оқу
Оқыту мен оқу жеке-дара екі іс-шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екенін білген маңызды. Мұғалімдер оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек. Ауқымды зерттеу жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретінде төмендегі стратегиялар анықталды:
белсенді оқу (мысалы, оқушылар шынымен де тапсырмаларды орындап, дағдыларды қолданған кезде);
кері байланыс (мысалы, оқу жөніндегі пікірталас – бұл оқушының өз пікірін білдіруді көздейді және сыныптастар арасында немесе мұғалім мен оқушылар арасында жүреді);
сенімін нығайту (мысалы, оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдалану);
оқыту сапасы (мысалы, көптеген саралаушы жаттығуларды жоспарлау және іске асыру).
Мұғалімнің рөлі
Мұғалімдер:
барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға;
сенімді, жауапты, ойшыл, жаңаға ұмтылатын және іске немқұрайды қарамайтын оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
оқушылардың дағдыларын жақсарту мақсатында тиісті шара қабылдап, лайықты жаттығуларды қолдануға;
алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және құралдарды пайдалана отырып; бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, жеке жұмыс түрлерін құру және уақыт жағынан басқаруға;
оқушыларды мақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде, мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
оқушыларды бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Бастауыш сынып пәндерін оқытуды жоспарлау
Бастауыш сынып сабағын жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, қалыптастырушы бағалау қолданылатын сабақтарды анықтау қажет болады.
Төменде мұғалімдерге сабақтарды тиімді жоспарлауға көмектесетін ақпарат, ұсыныс-болжамдар, ақыл-кеңес ұсынылған.
Бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталған. Дәл осы оқу мақсаттарын оқу бағдарламасынан, оқу жоспарынан және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтан табуға болады. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Бастауыш сынып сабағын жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылуы керек.
Орта мерзімді жоспар құру
Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді.
Орта мерзімді жоспардың бірінші парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығумен бірге беріледі. Белгілі бір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы болмақ. Бұл ретте өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, жаттығуды сіздің жағдайыңызға анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен ауыстыру). Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатындығын ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін көмекші ретінде қараған маңызды екенін айта кеткен орынды болар. Оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң, мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, 1-сыныпта математикадағы оқу мақсаттарының бірі: 1.1.2.3. Берілген санның басқа саннан қанша артық немесе кем екенін анықтау.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ал олардағы сабақ мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/ мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз. Бұл:
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
оқуды бағалауды жеңілдетуге;
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
САБАҚ ЖОСПАРЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ЕНГІЗУ
Бұған дейін аталып өткендей, қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалау түрі.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен қатар, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі:
оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;
оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырма құрастырып, олардың дескрипторларын жазады;
оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады;
оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен қатар, ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды ықпалдастыру барысында оның төмендегі қағидаттарын ескерген жөн:
оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
нәтижелері оқыту мен оқу сапасын, білім беру бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қорытынды
Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын , олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай
технологияны пайдаланған кезде де
оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы,
ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы
мен еркіндігі, шығармашылдығы,
көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз
етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын,
танымдық белсенділігін арттыруда
шығармашылық сабақтарды өткізудің,
оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық
ой-өрісін арттыруда алатын маңызы
ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Нұсқаулықты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді:«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».
Пайдаланылған әдебиет
Avalos, B. (2011). Teacher professional development in Teaching and Teacher Education over ten years [Он жылдағы оқыту мен мұғалімдерді даярлау саласындағы кәсіби даму]. Teaching and Teacher Education 27 (1), 10-20.
Alrø, H., & Skovsmose, O. (2002). Dialogue and Learning in Mathematics Education: Intention, Reflection. Critique [Математикалық білім берудегі диалог пен білім алу: ұмтылыс, рефлексия,], 29.
Bergen, D. (2002). The Role of Pretend Play in Children’s Cognitive Development [Балалардың танымдық дамуындағы ойын баламаларының рөлі]. Early Childhood Research & Practice, 4(1).
Black, P., & Wiliam, D. (1998). Inside the black box: Raising standards through classroom assessment [Қара жәшік ішінде: сынып жұмысын бағалау арқылы стандарттарды арттыру]. Phi Delta appan, 80(2), 139-148
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................................... |
3 |
Бастауыш сыныпта қолданылатын педагогикалық тәсілдер ......... |
4 |
Белсенді оқу............................................................................................ |
6 |
Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары.......................... |
7 |
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым.......... |
8 |
Дәлелдеу.................................................................................................. |
9 |
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу................................................................. |
10 |
Оқыту үшін мұның маңызы қандай?................................................... |
12 |
Оқушыларды уәждеу............................................................................. |
15 |
Зерттеуге негізделген оқу...................................................................... |
18 |
Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі...................................................... |
21 |
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс.................................................................................................. |
22 |
Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау............................................................................... |
23 |
Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу.................... |
27 |
Қорытынды.............................................................................................. |
29 |
Пайдаланылған әдебиет
|
31 |
Ескертпе жазу үшін
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қарағанды қаласы әкімдігі "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№36 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Бастауыш сынып мұғалімдері
СЕКСЕНАЛИНА ДИАНА КЕНЖЕКЫЗЫ
СЕРИКБАЕВА ЖАНАТ АЛИАСКАРОВНА
Басуға 2019 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Көлемі і,25 шартты б.т.
Таралымы 10 дана. Тапсырыс №500
«Colorprint» баспаханасында басылды.
Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Магнитогорск көшесі 40 үй.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген