жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныпта шетел тілін оқытуда жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігі
Шетел тілін бастауыш сыныпта оқытуда жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігі.
Тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», - деген ұлағатты сөзі қай педагог, қай саналы азаматы болсын, толғандырмай қоймайды. Үш тілді меңгерген білімді, дарынды, озық ойлы, талантты ұрпақ – заман дамуымен жаңашылдықты қабылдай отырып, өз үлесін қоса алады. Негізгі мақсат - бастауыш сынып оқушыларына шетел тілін жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытудағы басты мәселенің бірі – оқушылардың өз бетінше ізденімпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал – тәсілдер табу.
Шет тілін теориялық тұрғыдан меңгергеннен кейін, тәжірибеде саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл – ой белсенділігін де дамыту. Сол себепті, тегіс педагог құрамы үнемі жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуы маңызды болып отыр. Әрине, мұғалімнің жаңа форматтағы біліктілікті арттыру, инновациялық технологияларды толықтай меңгеру арнайы Кембридж университетінің тәсілінің теориялық негіздерін үйрену курсы әрбір ұстаз үшін таптырмас үлкен мүмкіндіктердің бірі екені белгілі. Бұның ішінде ұстаздарға педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге, дұрыс бағалау форматының түрлерін пайдануға баса назар аударылады.
Бағдарлама 7 модульден тұратындықтан, бұл ағылшын тілі сабағының оқушыға қызықты өтуін дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сынып ішіндегі оқушылар арасынан дарынды және талантты балалаларды анықтай алуға, оларға логикалық және мазмұны күрделі тапсырмаларды ұйымдастыра алуға көмегі өте зор. Бүгінгі таңда егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Себебі ел экономикасының дамуы,ел азаматтарының білім деңгейіне тікелей байланысты. Жалпы мектепте ағылшын тілін бастауыш сынып оқушыларына жаңартылған білім бағдарламасы арқылы оқытудың басты мақсаты - Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі балабақшадан бастап өтуді негіз етіп отыр. Осындай дарынды,талапты жастарды біліммен сусындататын – Ұстаз. Ағылшын тілін төрт дағды (speaking, listening, writing, reading ) бойынша оқыту үлкен нәтижеге бағытталған. Бастауыш сынып жасындағы балалардың табиғатының өзі көрнекілік материалдарды қажет етеді.Сол себепті, сабақтың өтілуі барысында, жаңа сөздерді жаттауда көрнекілік материалдардың болуы маңызды екендігі анық. Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі де осы - оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері мен критериалды бағалауды енгізу арқылы Қазақстан ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім беру мазмұнын жаңарту .Оны үйрету барысында әр түрлі жаңа педагогикалық технологияларды, өлеңдерді,ойын элементтерін,бейнефильмдерді қолдану . Оқушылардың жеке, топпен, жұппен жұмыс жасай білуі, өзара өздерін бағалаудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, бағалай алуы маңызды бөлімнің бірі. Еліміздің білім беру жүйесін болашақ пен заман талабына сай жаңарту ең негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Қазір білім мен ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектептегі білім алушылармен білім беруші ұстаздар үшін де, жаңартылған білім беру бағдарламасының маңызы зор. Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары жайлы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтқан: «Біздің міндетіміз білім беруді, экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс.Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Грамматикалық-аударма әдісі; Сатылау; Тізбектеу әдісі; Үнсіздік әдісі;Физикалық сезіну әдісі; Рольдік ойындар; Мәдени қарым-қатынас; Жобалау әдісі; Проблемалық оқытуәдісі;Анализдеу;Миға шабуыл;Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік, көру, есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс; Келесі әдіс; Түсіндіру; Көрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі. Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет». Жаңартылған білім беру үдерісіне бейімдеу арқылы - білімденушінің тілдік құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуына ықпал етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып,сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу және тиімді жүзеге асыра алу.Бағдарламаның негізгі мақсаты – критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Бұл бағдарламаның екі ерекшелігі бар: біріншісі Брунердің «Білім беру үдерісі» спиральділік қағидаты. Екінші ерекшелігі, Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы.
Шетел тілін оқытуда көп қиыншылықтар кездеседі. Сол себепті олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып , әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде, музыканың маңызы зор. Мамандардың есептуінше , әрбір жеті , сегіз жылда кәсіптік ақпараттардың көлемі екі есеге ұлғайып отырады екен. Психологиялық тұрғыдан, бастауыш сынып оқушысының көңіл –күйінің көтеріңкі болуына , сабақтан шаршап жалықпауына, сабаққа қызығушылығын арттыруына бірден - бір жолы деп есептелінеді екен . Бастауыш сыныптан бастап оқыған оқушы, ертең тілі жатық , сол тілде сөйлеуі дұрыс және әдемі дыбыстауы бар, бәсекеге қабілетті азаматтың тәрбиеленіп шыққанының жемісі екенін толық сеніммен айта аламыз.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Мектептегі шет тілі №2 2017 «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану »
2.Педагогика және оқушы психологиясы республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журнал.
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей НИШ Алматы, 2018

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген