жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту басты міндет
Дарыбаева Раушан Кырыкпаевна - бастауыш сынып мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы.
Өскемен қаласы.
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ

Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту басты міндет.
Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», – деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.
Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды. Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.
|
Сынып: 1 СЫНЫП |
Сөз өнері сабағы |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
ЖЫЛ БАСЫ ертегісі. |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ,ойлау, зейін қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Байланыстырып сөйлеу арқылы, ертегінің түсінгенін көрсете алады. Мазмұндап айта біледі. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
суреттер . ертегінің видеосы |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Кел, ортаға шығайық, Шеңбер жасап тұрайық. Дайындалып сабаққа Бар зейінді бұрайық. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|
|
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ |
. Дидактикалық
ойын: «Кім
тапқыр»
А) Бүгінгі сабағымызда: Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісімен танысатын боламыз. Экраннан ертегіні тамашалайық! (Ертегіні көру.) Б)Ертегі мазмұнына сәйкес сұрақтар қою. |
Кубик , ертегі суреттері АКТ бойынша ертегі көру. Сұрақтарға жауап алу |
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
Қызықты тапсырма |
Дәптердегі жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы.
Дидактикалық ойын .Топпен жұмыс |
Түрлі тапсырмалар. |
|
|
Аяқталуы |
Бүгін сабақта қандай жануарлар туралы айттық? Соған байланысты жұмбақтар шешейік. 1.Иір—иір денесі Сахараның кемесі Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. (түйе ) 2.Жер астында жездем аты кісінейді. (тышқан) 3.Есек құлақты. Мысық аяқты. Түйе ерінді. Ешкі құйрықты. (қоян) |
Жұмбақтар жинағы кітапшасы |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия :-Бүгін қандай ертегімен таныстық? -Сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген