Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту басты міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту басты міндет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарыбаева Раушан Кырыкпаевна - бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы.

Өскемен қаласы.

«Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ





Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту басты міндет.



Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», – деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.

Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.

Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды. Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.

Сынып: 1 СЫНЫП


Сөз өнері сабағы

Сабақтың тақырыбы

ЖЫЛ БАСЫ ертегісі.

Сабақтың мақсаттары

Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ,ойлау, зейін қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері

Байланыстырып сөйлеу арқылы, ертегінің түсінгенін көрсете алады. Мазмұндап айта біледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

суреттер . ертегінің видеосы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Кел, ортаға шығайық,

Шеңбер жасап тұрайық.

Дайындалып сабаққа

Бар зейінді бұрайық.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы










Жаңа сабақ













. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты: кубикке жапсырылыған суреттер (ертегі суреттері). Кубикті  лақтыру арқылы суреттің қай ертегі екенін табу. Ертегі кейіпкерлерін сұрау.


Рисунок 1

А) Бүгінгі сабағымызда: Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісімен танысатын боламыз.

Экраннан ертегіні тамашалайық! (Ертегіні көру.)

Б)Ертегі мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі басы қалай басталды?
- Ертегі қалай аяқталды?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады?
- Ертегіде жануарлар неге таласып жанжалдасты?


Кубик ,

ертегі суреттері










АКТ бойынша ертегі көру.



Сұрақтарға жауап алу

Сергіту сәті

1 минут

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма


Дәптердегі жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы.

Дидактикалық ойын .Топпен жұмыс
Топпен жұмыс жасау.Берілген 12 жануарлардың суреттерін жыл санау бойынша ретімен орналастыру.


Түрлі тапсырмалар.

Аяқталуы




Бүгін сабақта қандай жануарлар туралы айттық? Соған байланысты жұмбақтар шешейік.

1.Иір—иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе )

2.Жер астында жездем аты кісінейді. (тышқан)

3.Есек құлақты.

Мысық аяқты.

Түйе ерінді.

Ешкі құйрықты. (қоян)


Жұмбақтар жинағы кітапшасы

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

:-Бүгін қандай ертегімен таныстық?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12