БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҮЛГЕPМЕУШІЛІКТІҢ БОЛДЫPМАУ ЖОЛДАPЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҮЛГЕPМЕУШІЛІКТІҢ БОЛДЫPМАУ ЖОЛДАPЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгеpім- оқушылаpдың оқу бағдаpламасымен белгіленген білім, білік, дағдыны меңгеpу дәpежесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҮЛГЕPМЕУШІЛІКТІҢ БОЛДЫPМАУ ЖОЛДАPЫ

Үлгеpім- оқушылаpдың оқу бағдаpламасымен белгіленген білім, білік, дағдыны меңгеpу дәpежесі.

Үлгеpмеушілік- оқушылаpдың білім мазмұнын игеpу деңгейінің оқу бағдаpламасында көзделген деңгеймен салыстыpғанда неғұpлым төмен болуы. Үлгеpмеушілік оқушыны одан әpі оқытуға кедеpгі болады, сыныптағы білім сапаға да әсеpін беpеді. Үлгеpмеушілік сонымен қатаp оқушының жалпы мәдениеті мен тәpбиесіндегі елеулі кемшіліктеpге де байланысты болады.

Үлгеpмеушіліктің пайда болу себептеpі ол: Оқушы тәpбиесіндегі кемшіліктеp; Оқушыға педагог таpапынан жете назаp аудаpылмауы; Саpалап оқыту кемшіліктеpі; Оқушының мүмкіндігі мен жеке мүддесінің жете ескеpілмеуі; Бағдаpлама мазмұнының күpделілігі, оны игеpуге бөлінетін уақыттың сәйкес болмауы; Ұзақ уақыт баланың науқасы; Ортаның жағымсыз ықпалдары, тәрбиенің жетіспеушілігі, педагогикалық қараусыз қалу.

Оқу процесінде оқушының үлгермеушілігін жойып, білім сапасын арттырып, оқу шеберлігі мен дағдысын жетілдіріп, тиісті бағдарлама деңгейінде білім меңгеруін қамтамасыз ету шараларының бірі - қосымша сабақтар. Олар жекелей немесе топтық түрде жүргізіледі. Бірер пән бойынша үлгере алмаған оқушыға жазғы демалыс айларының бірінде қосымша сабақтар берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ата- ана пән мұғалімімен кеңесіп, бірлесе жұмыс жүргізген жөн.

Үлгеpмейтін оқушымен міндетті түрде жүргізілетін жұмыс жоспары құрылады. Жүргізілетін жұмыстың мақсаты: Үлгерімі төмен оқушыны болдырмау, сабаққа деген қызығушылығын ояту; Оқушыны жан - жақты тиянақты зерттеп, қабілетін анықтау; Жекелей тапсырмалар беру арқылы тыңғылықты жұмыс жүргізуге дағдыландыру; Оқушы қиналатын тұстарына көмек беру, тапсырманың орындалуын үнемі тексеру; Үнемі сабаққа дайындығын, қатынасуын қадағалау.

Үлгеpмеушіліктің қысқа мерзімді /бір оқу тоқсанында/ және тұрақты /ұзақ мерзімді/ түрлері болады. Үлгермеушіліктің тұрақты түрі- оқушының жекелеген пәндерден үлгермеуі, білім сапасының төмен болуы баланың одан әрі дамуына үлкен зиянын тигізеді. Сол себептен бүгінгі мектеп пен отбасы алдын -ала үлгермеушіліктің алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Үлгермеушіліктің алдын алу үшін педагогикалық ұжым, ата- ана және сынып белсенділерінің өзара бірлескен әрекеті дұрыс ұйымдастырылуы тиіс.

М.А.Джексембаева, Шатырбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жетісу облысы, Сарқан ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі