400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту жұмыстарының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда Абайды таныту мақсатында жүргізілген іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Карымсакова Жанат Кабденовна

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «№142 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Лауазымы: директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары



«Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту жұмыстарының ЕСЕБІ

Желтоқсан айында Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бастауыш сыныптың 3-4сынып оқушылары қатысты. Рухани шараны қазақ тілі мұғалімі Жеделева Нұргүл Оразовна ұйымдастырып, өткізді.

Тәлім-тәрбиелік сипаты мол, мән-маңызы зор кештің мақсаты: өскелең ұрпақты ұлы ақынның шығармашылығымен, өлеңдері және қарасөздерімен таныстыру. Сонымен қатар онда айтылған тағылымы терең сөздердің мәнін ұғындыру, әдеби талғамы биік жас оқырман қалыптастыру. Оқушылар өз тараптарынан белсенділік танытып, Абайдың өлеңдері мен аудармалары бойынша сахналық қойылымдар әзірледі. Өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді,білім мен ғылым,табиғат жайындағы лирикалық туындыларын оқыды.

4 «Б» сынып оқушысы Бейсехан Даниал Абайдың бірінші қарасөзін айта отырып, Абай образын өте жақсы сомдап шығарды.

Picture 3

4 «Ә» сынып оқушылары Мусатаева Құралай мен Тұрсынбекқызы Карина Абайдың шығармашылығы мен өмірбаянын таныстырды. 4 «Г» сынып оқушылары Абайдың «Ескендір» поэмасын сахналады.

Нурланова Лимара өлеңді өз нақышына келтіріп оқыды.

Picture 8









Бекежан Абылай Ескендір ролін, Аристотель ролін Әлімхан Мейірхан өте жақсы сомдап шықты.


Picture 14

Picture 15

4 «А»сынып оқушылары ұлттық киіммен шығып,қыздар тобы Абайдың қарасөздерін өте жақсы нақышына келтіріп оқыды.

3 «В» сынып оқушылары Абайдың әр түрлі тақырыпта жазылған өлеңдерін оқыды 3 «Б» сынып оқушылары Абайдың білім мен ғылым туралы өлеңдерін оқыды.

3 «Ә» сынып оқушылары табиғат жайындағы лирикалық туындыларынан үзінді оқыды.3 «А»сынып оқушылары Абайдың аудармалары мен мысалдарын сомдап шығарды.

Конурова Арабелла мен Қыдыр Гүлнұр «Шегіртке мен Құмырсқа»

Таңжарық Ақжол мен Құттыбай Зағипа «Түлкі мен қарға»














Ақылбай Карима мен Әбілсейіт «Бүркіт пен қарға»

Мұндай шаралардың қазіргі таңдағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқанының ерекше маңызы бар. Өйткені рухани жаңғыру өз еліңнің тарихы мен мәдениетін, ұлы тұлғаларын біліп, танудан басталатыны анық.















Үздік өнер көрсеткен шәкірттерге ақынның кітаптары сыйға тартылды.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2021
947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі