жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныптар апталығы бойынша есеп
Ямышев ЖОБМ бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі
Бастауыш сыныптар арасында өткен
«Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» атты
апталықтың қорытынды есебі
Бастауыш сынып апталығы 5-ші қарашадан 15-сінші қараша аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
Тақырыбы: «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар»
Апталықтың мақсаты: Пән бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы белсенділік пен жан-жақты көз қарасын қалыптастыру.
Апталықтың
міндеттері:
-оқушылардың
білімге деген қажеттілікті саналы түрде
түсінуіне жол ашу;
- әр баланың
қабілетін таныта отырып, одан әрі дамуына
жағдай туғызу;
- пән мұғалімдерінің
шығармашылығын шыңдау және озат
тәжірибені тарату.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
Апталықтың ашылуы
Ашық сабақтар
3. Сыныптан тыс іс - шаралар
4. Сурет және шебер қолдар көрмесі
5. «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби кеш.
6. Апталықтың жабылуы.
Апталықтың бірінші күні 2-сабақ үзілісінде аппталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы блум такономиясына сай құрастырылды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апта бойы пәндер бойынша қызықты сөзжұмбақтар мен тапсырмалар, логикалық есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, белсенділіктерін танытты.
Апталықтың екінші күні 6-қарашада 2-3 сыныптар арасында «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым» атты зияткерлік білім сайысын Д.Б. Бекенова өткізді. Сыныптан тыс іс-шараға мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Бұл сайыста оқушылар гүлдердің түсін таңдау арқылы «Тапқырлар» және «Ұлағат» атты екі топқа бөлді. Оқушыларға жас ерекшеліктері мен ойлау дағдыларын ескере отырып логикалық, қызықты сұрақтар құрастырып берілді. Сайыс тапсырмалары балмен есептелінді. Сайыстың соңында екі топтың оқушылары теңбе-тең көрсеткіш көрсетті. Өткізілген сыныптан тыс іс-шараны талдай отырып, әріптестер мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасады. Қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары берілді. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығым» атты интелектуалдық зияткерлік сайысында ІІ орынды Асылбеков Мансур, Бейсембин Даулет, Асылбеков Расул иеленді.
Сабақтан көрініс.
Кейін 3-сабақта А.Т. Орекенов 3 «А» сыныбында «Қозғалмалы ойындар» эстафетасы тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді. Мұғалім сабағын бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын өткізді. Сабақ барысында әртүрлі қызықты сайыстар балалардың қызығушылығын арттырды. Барлық балалар сайысқа белсенді қатысты.
Үшінші кезеңде бастауыш сынып мұғалімі М.Г. Жанпеисова 2-3 «А» сыныптар арасында «Көркем жазу» сайысын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың көркем жазу дағдыларын арттыру, коллиграфиялық қабілетерін қалыптастыру.
Аптаның үшінші күні қарашаның 7-де ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа 1-3 сынып оқушылары қатысты. Әсіресе өз мәнерімен, дикциясымен көңіл алған Мағзам Сабина, Латыпов Фархад, Латыпова Дилнура, Нұртай Бекзат сынды оқушылар болды. Мәнерлеп оқу сайысында І орынға ие болған оқушылар: Нұртай Бекзат, Мағзам Сабина, ІІ орынға ие болған оқушылар - Латыпов Фархад, Мұсай Бибігүл, Боранбай Бексұлтан. ІІІ орынға Сатыбалды Саян иеленді. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды.
Екінші кезеңде «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» - атты қолөнер көрмесін М.Ж.Серикбаева ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған әр түрлі бұйымдарын дайындап әкелді. Аптаның соңына дейін балалардың жұмыстары қабылданып, көрмеге қойылып отырды. Мектепішілік көрмесінде І орынға Латыпов Фархад иеленсе, ІІ орынды Арманқызы Амина алды.
Үшінші кезеңде мектеп кітапханашысы Л.В. Пучек «Путешествие по страницам сказок» атты іс-шара ұймдастырып өткізді. Мұнда оқушыларға ертегілер бойынша түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Балалар бар қызығушылығымен, ынталығымен қатысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Қарашаның 8-де 3 «А» сыныбында Орекенов А.Т. «Баскетбол элементтері» атты ашық сабағын өткізді. Сабақты қауіпсізд ережелер техникасын қайталаудан бастады. Кейін тақырыпқа сай әр жаттығудың элеменнтерін түсіндіре отырып көрсетті. Сабақ өте жақсы дәрежеде өтті. Балалар сабаққа белсене қатысты. Әр жаттығуды мұқият тыңдап дұрыс орындауға тырысты.
Екінші кезеңде Д.Б. Бекенова оқушылармен «Ерте,ерте,ертеде еліктіріп ертеді» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Мақсаты: оқушылардың тіл байлықтарын, сөйлеу шеберлігін, ой қиялдарын дамыту. Бұл іс-шарада оқушылар ертегі кейіпкерлерімен ертегі құрастырып, шағын қойылым көрсетті. Әр оқушы өзің қиялынан шығарған ертегіні қызықтырып көрсете алды.
Үшінші кезеңде М.Г. Жанпеисова 2 «А» сныбында дүниетану пәнінен «Жануарлардың бейімделуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Жанпеисова сабағын өте тартымды өткізді. Сабақты психологиялық ахуалдан бастап оқушыларды жақсы көңіл күйге бағыттай білді. Оқушылар өте тәртіпті, ынталы қатысты және топпен жұмыс жасай білді. Мұғалім оқушылармен тығыз байланыста екенін, сонымен бірге мұғалімнің шеберлігі жоғары екенін көрсете білді. Әр тапсырмадан кейін бағалау парағы толтырылып отырды. Бағалау парағы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалай білуге үйренеді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақта ақпараттық коммуникациялық технологиялар тиімді пайдаланды. Сабақтың тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып берілді. Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізілді. Жануарлардың бейімделуін түсіну үшін зерттеу тапсырмалары берілді. Осы тапсырмада балалардың дереккөздермен жұмыс жасай алатыны байқалды. Жанауралардың бейімделуі бойынша кластер құрап, жануарлардың көбеюі туралы мәліметтер жинастырды. Сабақтың соңында балалар өзін-өзі, бір-бірлерін бағалай алды. Рефлексия жасалып, кері байланыс орнатылды.
Апталықтың екінші жұмасында, яғни 11- і қараша күні бастауыш сынып мұғалімдері «Сүйемін, өскен Отаным!...» Абайдың әндер байқауын өткізіді. Мұнда оқушылар ұлы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Тау ішінде тау қалғып» сынды өлеңдерін жатқа айтып орындады. Әр сынып оқушылары Абайдың әндерін бар ықыласымен, жан дүниесімен жеткізе білді.
11- қараша күні 2 «А» сыныбы Д.Е. Елтаева «Біздің мектеп» тақырыбында дүниетану пәнінен ашық сабақ берді. Сабақтың құрылымы бір сарынды емес, әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс, топпен жұмыс жасады. «Миға шабул» стратегиясы кезінде деңгейлік тапсырмалар қолданды. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады.
Келесі күндері 3 «А» сыныбы Д.Б. Бекенова «Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу құпиялары» атты жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өзінің шеберлігінде көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасалды. Әсіресе өкпенің тыныс алу жұмысын тәжірибие кезінде көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын оята білді. Өткізген сабағын талдай отырып, әріптестері мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасады. Сабақтан көрініс.
Серикбаева М.Ж. 1 «Ә» сыныбында «Математикалық сайыс» сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабақтың құрылымы бір сарынды емес, әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс, топпен жұмыс жасалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Оқушылардың математикадан есептерді шапшаң шығаратыны байқалды. Балалар топқа бөлініп, есептерді жарыса шығарды. Қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары берілді. Математикалық сайыста І-орынға ие болған «Ұлдар» тобы: Боранбай Бексұлтан, Құрманәлі Ақберен және Байтемір Жантемір. ІІ-орынға ие болған «Қыздар» тобы: Кәдірбек Інжу, Латыпова Дилнура, Уразбай Айша, Мереке Ырысгүл.
13–і қараша күні М.Ж.Серикбаева 1- і «Ә» сыныбында дүниетану пәнінен «Менің отбасым» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақты әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс, топпен жұмыс жасады. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберлігін көрсете білді. Берліген тапсырмалар балаларға қызықты болғандықтан, тапсырмалар тез орындалды. Мұғалім уақытты шектеп отырумен қатар, қосымша тапсырмалар берді. Балалар аса қызығушылықпен сабаққа қатысты. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады. Кері байланыс ретінде «Желкенді кеме» әдісі қолданылды.
Екінші кезеңде ағылышын тілі мұғалімі А.Т Касенова. 2-3 «А» - сыныптарында «The ABC party» сыныптан тыс іс – шара өткізді. Әр сынып деңгейіне қарай логикалық, қызықты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Сайыстың әділ-қазылар алқасы орындалды. Сайыс тапсырмалары балмен есептелінді. Мұнда екі топ та бірдей білімдерін көрсетіп, теңбе тең көрсеткішке ие болды. І-орынға ие болған оқушылар: Нұртай Бекзат, , Асылбеков Расул, Асылбеков Мансур, Мұсай Ырысгүл болса, Садвакасов Айтуар ІІ-орынға Латыпов Фархад, Мағзам Ясмина, Арманқызы Амина,Сатыбалды Саян ие болды.
Қарашаның 14- де М.Г. Жанпеисова «Балалық - даналық» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Сыныптан тыс іс-шараға мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөлді. Оқушыларға деңгейіне қарай логикалық, қызықты сұрақтар берілді. Сайыс тапсырмалары балмен есептелінді. Мұнда екі топ теңбе-тең көрсеткіш көрсетті. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасалды. І–орынға Сатыбалды Саян, Мұсай Бибігүл, Арманқызы Амина, Садвакасов Айтуар иеленсе, ІІ-орынды Нұртай Бекзат, Латыпов Фархад, Асылбеков Расул, Асылбеков Мансур иеленді. Сабақтан көрініс.
Апталықтың соңғы күні бастауыш сынып мұғалімдері «Ұлылырдың ұлысы Абай» әдеби кешін өткізді.
Бұл әдеби кешке мектеп басшысы Б.К.Балгина және оқу ісінің меңгерушілері қатысты. Сынып тақырыпқа сай ұлттық нақышта безендірілді, және де кітап көрмесі ұйымдастырылды.Әдеби кеште балалар Абай Құнанбайұлының жаттаған өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп айтып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» сынды әндерін салды. Сондай-ақ 2-3 қазақ сынып қыздары ұлттық қазақша көйлектерін киіп, мың бұралып «Бозінген» қазақша биін биледі. Абай атамызға арналған әдеби кеш мағыналы, мәнді, әрі жоғары деңгейде өтті. Балалар өткізілген іс-шарадан бойларына тәрбиелік мәні мол ғұрыптарды сіңірді.
15.11 күні апталықтың жабылу жиыны болды. Апталықтағы қорытындысы бойынша «Ұлылардың ұлысы Абай» атты мәнерлеп оқу сайысында І орынға ие болған оқушылар: Нұртай Бекзат, Мағзам Сабина, ІІ орынға ие болған оқушылар - Латыпов Фархад, Мұсай Бибігүл, Боранбай Бексұлтан. ІІІ орынға Сатыбалды Саян иеленді. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды. «Балалық- даналық» атты зияткерлік сайысында бірінші І орынға ие болған оқушылар: Арманқызы Амина, Садвокасов Айтуар, ІІ орынды Нұртай Бекзат иеленді. «Шебер қолдар» атты мектепішілік көрмесінде І орынға Латыпов Фархад иеленсе, ІІ орынды Арманқызы Амина алды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығым» атты интелектуалдық зияткерлік сайысында ІІ орынды Асылбеков Мансур, Бейсембин Даулет, Асылбеков Расул иеленді. «Жануарлар мен құстарды аялайық» атты мектепішілік суреттер көрмесінде І орынға ие болған оқушылар: Сатыбалды Саян, Асылбеков Мансұр. Мұсай Бибігүл, Садвокасов Айтуар, Мағзам Сабина және Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Арманұлы Рамазан, Баймұрат Айбар және Бекен Айла екінші орынды алды, ал үшінші орынды Бейсембин Даулет, Асылбеков Расул иеленді.
Бұл
апталықта
бастауыш сынып
мұғалімдері оқытудағы
жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана
білді, оқушылардың білім алуға
қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын
шыңдап, педагогикалық шеберліктерін
көрсете білді. Оқушылар
пән
бойынша жақсы білім көрсеткіштерін
көрсетті және білімдерін
шыңдады.
Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің
ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен
жұмыс істеуі арқасында келген жетістік
деп ойлаймын.
Бастауыш сынып әдістемелік
бірлестік жетекшісі: Бекенова Д.Б. 15.11.2019ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген