Бастауыш сыныптар апталығының ашылу салтанатты кеші сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптар апталығының ашылу салтанатты кеші сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар апталығының ашылу салтанатты кеші сценарийі нақты түсіндірмесімен берілген.Пайдаға жарасын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы
Damu school мекемесі
бастауыш сынып
тар әдістеме бірлестігі

Онкүндіктің ашылу салтанаты.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін «Білім шыңының баспалдағы» атты апталығымызды салтанатты ашылу кеші. Қош келдіңіздер!

-ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалады.



Білім ошағы, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, білім ордасыннан қанаттанып ұшқанға дейінгі алған білімің, болашақ өміріңнің фундаменті болып саналады.

      "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген халқымыздың даналы сөздері дәлел болатынын іспеттес. Мектеп табалдырығында әрбір оқыған шығармаларыңызбен, әрбір жаттаған өлең жыр шумақтары, үлкен өмірге қадам басқанда, өз ықпалын тигізетіні бәрімізге мәлім. Ал мектеп қабырғасына алғаш келгенде, әріптермен таныстырып, сандарды жаттатқан ол – Бастауыш сынып.

  Сонымен бірге жасалған шығаршылық жұмыстар мен тәжірибелер,практикалық жұмыстар баланың өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Апталықтың ашылу құрметіне құтықтау сөзін директор Маханов Ғалымжан мырзаға беріледі.

- «1 ә, 1 б -сынып оқушыларын ортада тақпақтарын оқиды.

- хор «Ұстаз-ана» 1 в сынып


Ойын: « Кім тапқыр»

Ойын шарты: әр сыныптан топ басшысы келіп жасырынған сөз (мысалы: елтаңба,болашақ,қазақстан, достық,т.б.) таңдап алады. Ол сөзді топпен ақылдасып, әр бала әріп кейпін жасап,басқа сыныпқа жасырады. Жасырылған сөзді тапқан бала «Тапқыр бала» атанады.Сыйлық беріледі.




Би «Көкке өрле» 1 г сынып


Ән «Ардақты ұстазым» 1 а сынып


Апталық жоспарымен таныстыру үшін

бастауыш сынып әдістеме бірлестігі жетекшісі Жунисова Г сөз алады.

Мақсаты:

1. Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, жетілдіру.

2. Оқушылар шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу, үйрету.

3. Оқушыларды елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту. Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

Апталық математика,қазақ тілі,жаратылыстану,әдебиет бағыттары бойынша жүргізіледі,әр күн,әр үзіліс креативтік ойындар ойналады,белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар үлестіріледі.

(Жоспар бойынша іс-шаралар уақыты көрсетіліп, тақтаға ілініп тұрады)

1-ақпан мен 15-ақпанға дейін болатын апталықтың ашылуына байланысты қойылған өнерлеріміз өте тамаша болды.Енді алдағы осы 10 күн ішінде өтетін іс шараларға жақсы ат салысып, жүлделі орынға ие болып,диплом мен сертификат иегері атануға тілектеспіз. Сәттілік болсын!

«Білім шыңының баспалдағы» атты бастауыш сыныптар апталығын ашық деп жариялаймыз.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2024
5758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі