400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптар онкүндігінің есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
рмщвЫШОСмзЫОС
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тауағаш орта мектебі» КММ

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлесігінің

онкүндігінің есебі

2023-2024 оқу жылының 20.11 -01.12 аралығында бастауыш әдістемелік бірлестігінің «Туған жердің ұланымыз, Әдептілік - ұранымыз» тақырыбында онкүндігі өтті.

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Бастауыш сынып апталығына мұғалімдер мен оқушылар ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін Lesson study мен іс-шаралардың жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді.

Апталық қарсаңында бастауыш сыныптар оқитын дәліз, баспалдақ тақырыпқа сай шарлармен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен, гүлдермен безендірілді. Сонымен қатар оқушыларымыздың бойларында ұлттық құндылықтарымды дарыту мақсатында “Ұлттық бұрыш” қабырға материалы жасалып, ілінді.

Бастауыш сынып апталығы 20 қараша күні 4 сабақтан соң ашылды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, әдептілік туралы жағдаяттар келтіріп, жұмбақтар шешті.

Апталықтың келесі күні 2 - 4 сыныптар “Әдеп ережелері” атты коллаж жасап, оны сәтті қорғап шықты.

Сәрсенбі күні Аргимбаева А.Е. 3 - 4 сынып оқушыларымен “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысын өткізді.

23.11 күні “Ертегілер әлемінде” сахналық қойылымдар күні болды. 1-сынып оқушылары “Шалқан” ертегісін сахналаса, 3-4 сынып оқушылары “Қасқыр, түлкі, қоян” ертегісін көрермендер назарына ұсынды. Бұл іс-шарадан оқушыларымыздың актерлік қабілеттерін байқай алдық.

Ибраева А.Д. ұйымдастырған келесі күнгі іс-шара “Көңілді көбейту” деп аталды. Бұл ойынға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Ойын өте тартымды өтті. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, көбейтуге арналған түрлі тапсырмалар орындады.

Келесі апта 3-сыныпта Сиванбаева Ш.Е-ның “Ауыл күзі” тақырыбындағы , 28.11 күні Аргимбаева А.Е. “Қысқы кеш суреттері”, 29.11 күні Ибраева А.Д. “Қысқы кеш” тақырыбында Lesson study сабақтары өткізілді.

30.11 күні Молдыбаева А.Ж. 2 - 4 сыныптар үшін “Әдептен озбайық” викториналық ойыннын өткізді. Ойын барысында оқушылар сөзжұмбақ шешті, анаграммалар шешті, түрлі қызықты тапсырмалар орындады.

01 желтоқсан күні онкүндіктің жабылу салтанаты болды. Әр сынып өздері таңдаған түстерден галстук, банттар тағып түрлі қызықты тапсырмалар орындап, мұғалімдер дайындаған жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады.

Жалпы, осы онкүндікке жоспарлаған іс-шаралардың 95 пайызы орындалды. Ауа-райының қолайсыздығынан кейбір шаралар өтілмей қалды. Алдағы уақытта осы апталықта ескерілген қателіктерді жоямыз деген ойдамыз.







Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Молдыбаева А.Ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі