Бастауыш
сыныптарда ағылшын тілдерін қолдану
жолдары
Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
барысында орта білім берудің жүйелі
реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен
маңызға ие. Білім
беру жүйесінің басты міндеті – жеке
тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар негізінде қалыптасуы мен
дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін
қажетті жағдайлар жасау. Баланың
тәрбиеленуі,білім алуы және жан-жақты
қалыптасуы, ақпараттану сияқты құқықтарын
іске асыру болып табылады. 12 жылдық
білім берудегі эксперимент сыныптарында
модульдік технологиямен жұмыс жасау
бастауыш сыныптардан басталады. Ерте
жастан шетел тілін оқыту оқушылардың
коммуникативтік даму біліктілігін,
қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Тіл
үйренудің негізі бастауыш сыныптан
басталатын болғандықтан осы кезеңде
оқыту жүйесін, әдісін, жаңа технологияны
дұрыс таңдау әр мұғалімнің міндеті.
Құрылымы жағынан күрделі ағылшын тілі
грамматикасын өз ана тілінде зерттеп,
аздап болса да онымен салыстыра отырып
игеру, сол тілде тезірек әрі
саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті
шарттардың бірі. Осы грамматикалық
дағдыларды қалыптастыру үшін оқытудың
модульдік жүйесіне сүйенетін болсақ,
модульдік жүйе : ұстаз шеберлігін
арттыруға ықпал жасайды, екіншіден,
шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала
түсуіне әсері мол. Мақсаты ана тілінде
жаңа технологияларлық әдістер арқылы
шетел тілі ерекшеліктері мен ұқсастықтары
туралы білім беру.
Бастауыш
сыныптарда оқу бағдарламасы бойынша
ағылшын тілі аптасына 1 сағат. Осы
жағдайды және бастауыш сынып оқушыларының
есте сақтау қабілеттерінің тұрақсыздығын
ескеріп, оқытуды модульдік технологиямен
жүргізген жөн. Сабақта өтілген жаңа
сөздердің мағыналарын, оқылуын, сөйлеуде
қолданылуын келесі аптаға дейін ұмытып
қалатын болғандықтан, сабақты есте
қалатындай қызықты етіп өткізу қажет.
Оқулықтағы кейбір жаттығулар оқушыларға
қиындық туғызады, осыдан келіп олардың
белсенділігі төмендейді. Осындай
жағдайларды болдырмау үшін, модульді
құрастырғанда ойын түрлерін көп
қолдану керек. Бұл бір жағынан оқушылардың
жас ерекшеліктерімен де байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларына көңілсіздік
әкелетін жаттығуларды ойын түрінде
жасағанда, бұл жаттығулар басқаша әсер
қалдырып, олардың қызығушылығын тудырады,
естерінде сақталады.
Ойын
екіге түрге бөлінеді: «дайындық
ойындар» және «Шығармашылық ойындар».
Бастауыш сыныптарда сөйлеу түрлерін
машықтандыру мақсатында, грамматикалық,
лексикалық, фонетикалық, және орфографиялық,
яғни «дайындық ойындар» түрлерін
қолдануға болады.