400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен, балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін, мұғалім. Осы мақсатта біз оқушыларға терең білім беруіміз қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары

Жастарға ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға-мұғалім.

Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті,идеялы, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады. Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгерімі жолында күш жігерін салып еңбек еткенде ғана, бұл міндеттерді орындай алады. Ондай мұғалім өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу- тәрбие ісін ұйымдастырып, тиімді жүргізуге жұмсайды.

Сонда оқушылардың сабақты үлгере алмауының себебі қандай? Ол себепті білуге бола ма? Әрине болады.

Оқушының сабақты нашар оқуының,сабақты үлгере алмауының басты себебі оқыту жұмысының сапасыз болуында. Педагогикалық талаптар мен әрбір пәннің оқыту әдістемесін шебер де толық қолданбаса, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмайды. Оқушылар өтілген материалды толық түсінбейді, үйге берілген тапсырманы орындап келе алмайды, не шала орындайды. Оқушының қатардан қалып қоюы әуелде ұсақ-түйектен басталуы мүмкін. Мысалы; оқушы сабақтың дұрыс өткізілмеуі себепті өтілген материалдардың біраз жерін не бәрін түсіне алмай қалады.Көпшілік оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын кісісі болмайды.Мынандай жағдай болады.Мәселен; сабақ әдістемелік жағынан дұрыс өткізіледі: Бірақ кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай, басқа жұмыспен айналысып,не алаң көңіл болып отырады. Ал сабақтың сапасыз өтуі- мұалім білімінің жеткіліксіз, тәжірибесінің кем, әдістемені жете меңгермегендігінен болады. Оның үстіне кейбір мұғалімдер сабаққа алдын ала даярланбай келеді.Дайындықсыз сабақ қашанда нашар өтеді, оқушыларға тартымды болып шықпайды.Оқушылардың сабақты үлгермеуінің тағы бір себебі-үйге тапсырма беру және оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы. Мұғалім оқытып жүрген оқушысына әрқашан қамқорлық жасап, жаны ашып, бағыт-бағдар бермесе, ол сабақты оқымай қояды. Мысалы, баланы ата-ананың тым еркелетіп, өз бетімен жіберуінен оқушы сабақ оқудан гөрі ойынға беріліп кетеді. Кейде мұғалім үлгермейтін оқушылардан сабақты сұрамайды, не өте аз сұрайды, сондықтан оқу-шы сабаққа даярлануды қояды. Озат мұғалімдердің тәжірибелері сыныптағы оқушылардың сабақ үлгерімін толық қамтамасыз етуге болатындығын шешкен. Демек, барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету-әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.Оқыту жұмысының нәтижелі болуы- материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтап өткізуге байланысты.

Сонымен үлгермеушілікті болдырмайсыз десек жоғарыдағы шараларды күнбе-күн іске асырып отыру міндет. Тек сабақты қызықты ұғымды етіп өткізсек (педагогикалық, дидактикалық әдістерді тиімді пайдалансақ)бұл міндеттің үдесінен шығарымыз сөзсіз.

















Қайрат орта мектебі

Shape1

Тақырыбы:

Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары



Өткізген: Нурпауиденова Б.Қ.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі