жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Бастауыш сыныптарда дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері"
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Э.А.Байбосынова
Алматы қаласы «Galaxy» Халықаралық мектебі
Оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа жеткізу мұғалімнен үнемі тыңғылықты дайындалуды қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану үрдісінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтын сүйген данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.
Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады.
Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі патша сарайларында балаларды тәрбиелегенде, оларды ең алдымен, өнерге – көркем сөз өнеріне баулыған екен. Ондағы түпкі мақсат- балалардың ақын, суретші болуы емес, өз ұлтын, мемлекетін өркендететін тұлға қалыптасуы үшін баланың сезімталдығын, ойын,тілін дамыту болған. Сөз өнері жеке адамның шексіз мүмкіндігін ояту қасиетімен құдіретті екені белгілі. Сөз өнерінің міндеті - кез-келген мәтінді меңгерту ғана емес, оның түйінін таныту, баланың рухани дүниесіне әсер ету.
Әр сабақта оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерін орындату арқылы өзіндік белсенділігін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруді жоспарладым. 1-сыныптан бастап оқушыларды оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, жақсы-жаманды ажырата білуге, бағдарлама бойынша алған білім,білік,дағдыларын одан әрі дамытып,тереңдету,өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін ашу, оқушылардың өздерін сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру және бағалауға үйреттім. Әр сабақта оқушылардың даму бағытын анықтау мақсатында арнайы сұрақ-тапсырмалар жасадым. Оқылатын мәтіндерге байланысты «Ақылдылыққа қалай қол жеткізуге болады?, Өзіңнің мінез-құлқыңды табиғат құбылыстарымен салыстырып көрші, Өзіңде барды ең алдымен кіммен бөлісер едің,не себепті ? Мақал-мәтелдердің ішінен қайсысын жиі айтқанды жақсы көресің?» тб қосымша сұрақтар дайындадым. Өлеңдерді өткенде ондағы сөздерге түсінік беру мен мәнерлеп оқуға көңіл бөлінсе, ал мәтіндерді өту кезінде суреттелетін оқиғаға тереңірек ой жүгіртуге,сөздің мағынасына мән бере оқу арқылы оқушы бойында әсерленушілік сезімін туғызуға басар назар аударылды.Соның нәтижесінде кейіпкерлердің ерекшелігін, ақын-жазушылардың көзқарасын таныту.
«Күн сүйетін өсімдік» пен «Ананың сүюі» деген мәтіндердегі сүйіспеншілік қасиеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап, берілген мәтіндердің мазмұнындағы ұқсастықтарды табу, оқыған мәтіннен қандай өмірлік сабақ алуға болады және тәрбиелік мәні, мағынасы жақын сөздерді өзара топқа бөлу және неге олай бөлгенін дәлелдеу,шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар мен ой қисынынан құралған лингвистикалық жаттығулар да топталып, қажетіне қарай ұйымдастырылып,нәтижесі талданды. Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамытуға әсері:
1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде: «Тірек сөздер». Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды. 2.«Болжау» кестесін құру. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. 3.«Үш қадамдық сұхбат». Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады. 4.«Бір айналым сөйлесу»Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі. 5.«Жазу әрекетін ұйымдастыру».Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді. 6.«Ұғымдар келеді».Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді. 7.«Ой қозғау». Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді. Мағынаны ашу кезеңіндегі стратегиялар: «Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар), «Жұптасып пікір алысу»,«Түртіп алу» - тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады. 3.ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар: «Т» кестесі Оқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.«Пікірталас» Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.«Еркін жазу» Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады. «Соңғы сөзді мен айтамын» Таңдап алған үзіндіге толық,
жан-жақты талдау жасау барысында өзгелер айтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат» Басты ұғымдарды беруде басқадан өзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатын бұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді. Жеке рөлдерді орындау, екеуара не бір топ оқушы диалог сөздерді жаттау – балалар үшін үлкен қуаныш әрі зор сенім жүктейтін жауапты жұмыс. Олар тапсырманы орындауға бар бар ынта-жігерлерін салып кірісіп,жауапкершілікпен қарайды. Бұрын мәтінді оқу-талдау арқылы ғана қабылдайтын оқушылар біртіндеп шығарманың әр сөзінің астарлы мағынасына ой жүгіртіп ажыратуға,сөйлемнің түрлеріне қарай дауыс сазын құбылта оқуға жаттыға бастады. Сөйтіп, оқушылар әдеби шығармаға ой жібере,мән беріп,толғана қарап оқитын болды. Осының нәтижесінде оқушыларым үнемі республикалық мәнерлеп оқу жарыстарында жүлделі орындарды иеленді. Аталған жаттықтыру жұмысын әлденеше рет қайталап жүргізгеннен кейін, әр сыныптан мәнерлеп оқуға бейімі бар балалардан топ құрып, олармен сыныптан тыс уақытта жеке жұмыстар ұйымдастыруға болады. Әрқайсысына өздері қалаған тақырыптарға өлең,әңгіме үзінділерінен тапсырмалар беріліп,оқытып, бәйге ұйымдастыруға да болады. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың көпшілігі өз бетінше бағыт алуына ықпал етуі тиіс.
Бұл тапсырмалар нәтижесінен байқағаным:
Біріншіден, жеке тұлғаның өз бетінше ізденіп, шығармашылық іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік болғаны байқалды;
Екіншіден, өзара қарым-қатынас барысында мінез-құлықтарындағы өзіндік ерекшеліктері айқын аңғарылады;
Үшіншіден, өздерін қоршаған ортадағы пікірмен санасу қажеттігін сезінгендері байқалды.
Жеке тұлғаны шығармашылық пен дамыта оқытуда білімді өмірмен байланыстыру ұстанымы маңызды орын алады. Өз бетімен өмір сүруге икемді,өзіндік көзқарасы қалыптасқан, жан-жақты жетілген азаматты тәрбиелеп өсіру – бүгінгі қоғам талабы. Шығармашылықты дамытатын тапсырмаларды жүйелі беріп беріп отыру жеке тұлғаның ерекше қасиеттерін қалыптастырады және дамытады. Сөйтіп, жоғарыда айтылған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін орнымен қолдану арқылы жеке тұлғаның бойындағы шығармашылық қабілеттерін аша отырып, әрбір оқушының дарындылығын анықтай түсуге толық мүмкіндік береді деген қорытындыға келдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ж.Д.Адамбаев Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. 2000. 22 б.
-
А.Қыраубайқызы, С.Мақпырұлы, К.Құрманбай Қазақ әдебиеті. //Әдістемелік нұсқаулық. Мектеп, 2008. 5 б.
-
Б.Қ. Игенбаева Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Радиал, 2005

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген