«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жаны нұр алады»
Ахмет
Байтұрсынов
Бастауыш сыныптарда оқытудың ақпараттық технологияларын
тиімді пайдалану арқылы оқушыларға қазақ тілін
меңгерту
«Халықаралық тәжірибелерге
сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық
бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік
тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік,
тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу
керек»-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына
арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру
қажеттігіне ерекше назар аударғаны бәрімізге мәлім. Білім беру
саласына түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен
қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдана білу-
біздің міндетіміз.Көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды
қолдану әдісін-ақпараттық-коммуникациялық
технологияның бір өзі атқара алады.«Ақпараттық
-коммуникациялық технологияны» сабақта дидактикалык оқыту құралы
ретінде пайдалану — заман талабы ғана емес, жаңа сөзбен, сөз
тіркесімен ,жаңа ұғыммен таныстырып, оны пайдаланып, қолданысқа
түсіруде біз үшін ең тиімді құрал. Негізгі міндетіміз -Мемлекеттік
тілді тиімді меңгерту болғандықтан, қазақ тілін оқыту жүйесіне
ақпараттық технологияны енгізу қажетілігі өте зор.Оқу орыс тілінде
жүретін мектептердегі әсіресе,бастауыш сыныптарда қазақ тіл
сабақтарында жаңа технологаялардың мүмкіндіктерін анықтау және
оларды іс жүзінде қолданып, нәтижелерін сараптап қорытындылау
барысында ақпараттық технологияның тиімділігі мол деп айтар едік.
Бүгінгі күні затты, көріністі, көріп қана қоймай, дыбыс пен әуенді
тыңдауға, өз дауысын жазуға, бірнеше рет қайталауға, қайта айналып
келуге, түзетуге, тағы да толып жатқан операцияларды істеуге
мүмкіндік зор.Оқушының тұлға ретінде қалыптасып, өркендеуіне ықпал
ететін -ұстаз болса тұлғаның білімдену барысында өз мүмкіндігін
анықтап, дамуына мультимедиа ресурстарының тигізер әсері де басым.
Компьютермен оқыту технологиясының маңызды бір ерекшелігі
оқушының қазақ, тіліндегі мәтіндерді түрлі әдістер арқылы меңгере
отырып, есте сақтай алуында ғана емес, сонымен бірге есінде
қалмаған сабақты, тапсырманы компьютерді іске қоса отырып, қайта
жаңғырта алатын мүмкіндігі тағы
бар.АКТ-ның денсаулыққа тигізетін
кері әсерін де айтып кету жөн.
Жалпы сабақта АКТ-ны 10-15 минуттан артық қолданбаймыз.
Қолданғанның өзінде сергіту сәтін, әсіресе көзге арналған
жаттығуларды тиімді пайдалануға
тырысамыз.
Орыс мектептерінде жаңа
сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді
түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, бала жадында
сақталмайды.Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін
дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті.Сондықтан баланы бір затпен
таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қойма, алып келіп
балаға көрсет деп, кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, иктерактивті
тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде
пайдаланамыз.Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып,сөз тіркесін
құрастырып өрбіте отырып қолданысқа
түсіруде ақпараттық —
коммуникациялық технологияның
атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз
жетті.
Жалпы
айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту
қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі.Сонымен мемлекеттік
тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу тілді саналы
меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың
ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор
және тіл меңгеруге деген қызығушылығы арта түсетіні тағы
бар.Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде
қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя
білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды
көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз
көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру,
басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге,
құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету,
сөйтіп, адамдар арасындагы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен
қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету біздің басты
міндетіміз.
Павлодар қ. № 16 лицей –
мектебінің қазақ
тілі мен әдебиет
мұғалімі.