Бастауыш
сыныптарда оқытудың басты дағдыларын
қалыптастыру
Жаңартылған
білім беру бағдарламасы — заман талабына
сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Кәсіби
тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім
жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын
зерттеу үшін арнайы курсқа
бардық. Расында да осы уақытқа дейін
бірнеше курстар мен тренингтердің
тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім
бағдарламасының толық нұсқасын түсініп
кету бақытына енді жетіп жатырмыз. «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
ұйымдастырған «Жаңартылған бастауыш
білім беру бағдарламасы» атты
курстың толық нұсқасын барлығымыз
толық меңгердік деп ойлаймын. Үйренгеніміз
де, үйренеріміз де көп Үнді халқының
тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер
сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»
деген ілімін негізге ала отырып, оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп,
оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы
іске қарай бет бұрып отырмыз.
Дамудың
негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі.
Сондықтан
да, әлемдегі дамыған елдер сияқты
тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын
жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің
бірі болып отырғаны белгілі. Осыған
орай, білім беру жүйесінде жастарға
сапалы білім беріп, олардың үйлесімді
дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында
ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің
бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-
теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен
озық тәжірибиені жетік меңгерудің
маңызы зор.Қазіргі ұстаздар алдындағы
міндет: ғылым мен техниканың даму
деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең,
іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік
стандарттар негізінде жұмыс істей
алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін
ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті
болуы тиіс.
«Мұғалім
көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны
өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек»-деп Ахмет Байтұрсынов
айтқандай, қазіргі заман талабына сай
білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне
сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана
жоғары жетістіктерге жетеді. Ал оның
негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ.
Сондықтан да бастауыш сыныпта сабаққа
тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
оқушылардың білім сапасын арттыру ең
басты мәселе.
Мектепте
тәжірибеден өткен кезде «Сахналық
қойылым», «Сен маған, мен саған», «Киімдер
дүкені», «Көңілді доп» әдістерін
қолданудамын. Бұл
әдістер қазіргі таңда өз нәтижесін
беруде.
Мысалы:
Сабақ жоспары бойынша мәтінмен жұмыста
топтық жұмыс ретінде мәтінді бөліктерге
бөл, әр бөлікке ат қой деген сияқты
тапсырмалар берсем. Оқушыларым сол
мәтіннің әр бөлігі бойынша немесе ертегі
желісі бойынша сахналық қойылым да
жасайықшы деген ұсыныстарын айтып
отырады.Қазақ тілі сабағында көбіне
суретпен жұмыс тапсырмасы келеді. Бұл
тапсырмада да оқушыларым сахналық
қойылым жасайық деп отырады. Бір сурет
бойынша әр топ әртүрлі мағынадағы
сахналық қойылымдар қойып береді. Білім
игерудің бірлескен әрекеттерден толыға
түсетініне көзім жетті. Оқушыларымның
шығармашылық қабілеттері былтырғы
жылмен салыстырғанда біршама өскендігі
байқалады. 2-сыныпта тапсырмалар бергенде
бағыт бағдарды көбіне өзім беретін
болсам, биылғы жылы өздері ұсыныстар
айтатын дәрежеге жетті.
Осы әдіс-тәсілдердің арқасында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі
артты. Немқұрайлық көзқарастары жойыла
бастады. Оқушыларым менің сабағымда
ғана емес, басқа пәндерде де белсенділіктерін
көрсетіп жүр.
Сөзімнің
соңын қорытындылай келе, жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша
менің түйгенім: Мұғалім оқушыға
еркіндік беру керек, тыңдау керек. Және
де әдіс-тәсілдерді әр сабақта тиімді
қолдану қажет. Соның нәтижесінде
кереметтей жетістіктерге жетіп, бәсекеге
қабілетті, білімді де білікті ұрпақ
өсіріп шығаратынымызға сенімдімін!