жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныптарда қағаздан жасалатын бұйымдардың түрлері. Қағаздан жапсырма (аппликация) жасау технологиясы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
Реферат
Пәні: педагогика
Тақырыбы:Бастауыш сыныптарда қағаздан жасалатын бұйымдардың түрлері. Қағаздан жапсырма (аппликация) жасау технологиясы
Орындаған: Қажыбаева М.
Тобы:42
Тексерген: Нурланова А.К.
Семей 2020 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Бастауыш сыныптарда қағаздан жасалатын бұйымдардың түрлері.
Қағаздан жапсырма (аппликация) жасау технологиясы
ІІІ. Қорытынды.
Тарихқа үңілер болсақ, қағаз жасау өнері ежелгі замандардан-ақ халыққа белгілі болған. Алғашқы қағаз Қытай жерінде пайда болды деп айтылып жүр. Олар кәдімгі шөптерді өңдеп, осы өнерді меңгерген еді. Кейінірек бұл технология Еуропа жеріне жетіп, сол жақта тарала бастады. Бұл шамамен 1000 жылдар еді. Дегенмен бұл технологияның кемшілігі сол - қағазды жасап шығару өте күрделі жұмысты талап ететін. Ақыры, ғалымдар қағазды тек шөптерден ғана емес, сонымен қатар, ағаштардан да жасауға болатындығын тапты. Осылайша қазіргі кезге дейін пайдаланылып келе жатқан жаңа технология пайда болды. Енді осы әдіс туралы аз-кем түсінік беріп көрелік.
Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.
Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.
Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.
Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.
Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады
Жалпы
қағазды кітап шығаруға қолданумен қатар
ұлы суретшілер оны сурет салуға
пайдаланады. Кейін келе суретші
конструктор, дизайншылар түрлі қағаздан
әдемі заттар мен бұйымдар жасауды ойлап
тапты. Жапон
елінде қағаз пластикасы пайда болды,
ол «оригам» деп аталады.
Қағаз
пластикасымен жұмыс істеу үшін ең
алдымен қағазды дұрыс бүктеу, қаттау
және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс
істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі
түсті қағаздарды пайдаланған жөн.
Қағаздан
әр түрлі бұйымдар жасауды сендер 1 -
сыныптан бастап үйреніп келесіңдер.
Қағаздан жеке - дара қарапайым жәндіктер
мен құстардың бейнесін жасап үйрендіңдер.
Енді солардың күрделі түрлеріне
көшеміз.
Сюжеттік көріністі әр түрлі
қағаздарды бүктеу арқылы жасап көрейік.
Гүлге қонған көбелек бір түсті болмауы
тиіс. Сонымен қатар олардың ішінен
ерекшелігіне де жете назар аударуымыз
керек. Әрбір көбелектің пішіндік
ерекшелігіне және формасына байланысты
қағазды ұқыпты бүктеу арқылы көбелектің
көлемді формасын жасаймыз. Мұнда сендер
бірнеше көбелектер мен гүлдердің түрін
қағаз пластикасынан жасап үйлестірулерің
керек.
Мұнда сендер қағазбен жұмыс
істеудің күрделі түрімен танысасыңдар.
Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше
қайталанып келетін түрлерін көреміз.
Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият
болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін.
Сондықтан әрдайым бүктейтін орындар
мен қағаз орамдарды белгілеп отырған
дұрыс. Қағаздан жасалатын бұйымның
көлемдік жағына байланысты қағаз бері
ішке қарай немесе кері бүктелуі мүмкін.
Ал кейде қағаз орамы бірнеше рет
қайталанып келуі де ықтимал. Сондықтан
бүктеу тәсілдерінен шатыспау үшін оны
қарындашпен үзік сызықтар арқылы
белгілеген орынды.
Қағаз пластикасымен
жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін
түрлі түсті қағаздарды пайдаланады.
Қағазбен істелетін бұйымның ең алдымен жобасын қарындашпен қағаз бетіне түсіреміз. Онан кейін оның формалық көлемін беру үшін кері қарама-қайшы бүктеу арқылы нақтылы пішінін жасауға үйретеміз. Бұрын қағаздан бүктеудің қарапайым түрін меңгерсе, енді оқушыларға оның күрделі түрін үйретуге ықпал жасаймыз. Олар қағаздан бір ғана бұйым жасап қоймайды, бірнеше бұйымдар жасап, оны композициялық тұрғыдан қарастырып білуге үйренеді. Қағаздан жасалатын әрбір бұйымның дизайндық ерекшелігіне баса назар аударуға оқушыларды баулимыз. Әрбір оқушының ойлап тауып, өз тарапынан жасаған бұйымы өте әдемі, көрікті болуы тиіс. Жасалған бұйымды қажетті жағдайда іске асыруға үйренуі қажет. Оларды үй тұрмысында қолдануды, көркемдеп безендіруде пайдалану жағын ойластырған жөн.
Енді оқушыларды сюжеттік көрініс беретін бірнеше зат пен бұйымдардың қосындысынан тұратын қағаз пластикасын үйретуге бағыттаймыз. Оқушы өте күрделі болып келетін жұмыс істеуде ең алдымен оның жобалық суретін ойластырып алуы керек. Сол бойынша іздену арқылы негізгі рйын нақты қағаздан бүктеу арқылы жасап шығуы қажет. Әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдары арнайы үзік сызықтармен белгіленіп оытруы керек. Қағаздан жасалатын заттың көлеміне, формасына қарай материалды тиімді пайдаланған жөн. Әрбір оқушының жасаған бұйымын мұғалім әрдайым қадағалап, оған көмектесіп отыруы тиіс.
Суреттер шығармасында қағаздың кең-байтақ даласында түрлі ертегілерді түскен жерлерін бейнелеу жапсыру. Одан кейін кең дала адамның бастары мен қолдарын денесін әр түрлі жағдайда келіпті жеке жеке орындалып шығады.
Аппликация- жапсырма, негіз деп аталатын материалға түрлі мата қағаз, табиғи материалдар қиықтарын желімдеу немесе тігу арқылы ою-өрнек немесе сурет түсіру тәсілі.
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 — 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою — өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою — өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген