400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Бастауыш сыныптарды оқытуда ойын элементтерін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, ойын элементтерін тиімді, ұтымды пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарды оқытуда ойын элементтерін пайдалану

Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызы зор. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс- тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын артырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу- танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.

Оқытудың «ҮӘЖ» технологиясы бойынша өтетін сабақтарды оның әр кезеңінде төменде берілген ойын түріндегі интерактивті әдістердің әр түрін қолдану арқылы түрлендіріп отырады.

  • Дискуссия

  • Бірін-бірі оқыту

  • Миға шабуыл

  • Робин раунды

  • Қар кесек

  • Ой генерациясы

  • Датаны жатқа жазу

  • Баяндама

  • Танымпаз оқушы

  • Даналық ағашы

  • Көңілді тапқырлар клубы – мәтінмен жұмыс істеу әдісі.

Ойын элементтерін қолдану бастауыш сыныптарда өте тиімді, себебі тез жазу, тез оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды жаттығу жұмыстары тез жалықтырады.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Ойын элементтері кез-келген оқушылардың қызығушылығын тудырады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен бірге сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын оқу пәндерінің тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынып, тығыз байланыста жүргізілгенде ғана танымдылық маңызы арта түсіп, дұрыс нәтижелер береді. Ойын тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады және балаларға көңілді, әрі жеңіл болып келеді.



С.Серкебаев атындағы орта

мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Аралбекова Айгерім Тоқтарқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі