400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптардың оқылуы мен пәндердің берілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптардың оқылуы мен пәндердің берілуі атты мақаламда бастауыш білім беру кезеңінде оқушы алғашқы ғылыми мәліметтерді ұғуға ынталанып, қажетті дағдыларды игереді, ойлау қабілеті мен танымы қалыптасуына нақты мысалдар арқылы жету жолдары баяндалады.Бала білімі олимпиадалардан жеткен жетістіктері дәлел келтіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптардың оқылуы мен пәндердің берілуі

Кемел болашақ құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігі –мұғалімдерге жүктелген жауапты міндет. Осы тұста аты әлемге әйгілі ғалым, ғұлама Ибн Синаға бір кісі 6 айлық баласын алып келіп, өз баласын қалай дұрыс тәрбилеуге болатын сұрағанда, оған 6 ай кешіккендігін айтқандығы туралы аңыз есіме түсіп отыр. Ендеше, балаға тәрбие беруде, білімін жақсылап бекітуде бастауыш сыныптағы оқытудың маңызы зор.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінде бастауыш 1-4 сыныптар бойынша жоғары білімді, ел игілігі үшін аянбай бар күш-жігерін салып жүрген 12 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 5 мұғалім - «педогог - зерттеуші», 2 мұғалім – «педогог-сарапшы»,5 - «педогог-модератор».

Олар адал еңбекті терең біліммен ұштастырғанда ғана табысқа жете алатынын мойындап қойған.

Бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан оқушыны сабаққа қызықтыруға және оны шешу проблемаларын өзгерту қажет. Осы мақсатта мектеп әкімшілігі мұғалімдерге «Жаңаша әдістер алаңы» семинарларын жиі ұйымдастырып отырады. Сабақ барысында қолданылыстағы әдістер мұғалімдер арасында насихатталып, тәжірибе алмасу болады.Нәтижесінде бала өз ойын ашық айта отырып, топтық жұмысты қорғай білуге үйретіп, басқаларды тыңдауға кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарай отырып, әр түрлі мәселеге сыни көзбен баға беруге үйренеді. Бұл әдістер ойын арқылы білім беруге бағытталады.

Бастауыш білім беру кезеңінде оқушы алғашқы ғылыми мәліметтерді ұғуға ынталанып, қажетті дағдыларды игереді, ойлау қабілеті мен танымы қалыптасады. Ана тілінің, математиканың, жаратылыстану пәндерінің ғылыми негізін білуге, оны өмірге пайдаланудың алғашқы элементтерін алуға дағдыланады.

Бастауыш білім беруде 1-сынып оқушысы әріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді.

Әр тоқсан бойынша 1-сынып оқушыларының деңгейлері тексеріліп отырды. Жалпы алғанда 80 оқушының 94 пайызы толық меңгеріп отыр.Жеке жұмысты қажет ететін оқушылармен жұмыстар жасалып жатыр.



ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық «Зерек бала» интелектуалды марафонына әр сыныптар бойынша көптеген оқушылар тартылды. Үлкен дайындық нәтижесінде бүкіл дерлік оқушыларымыз нәтижелі орындарға ие болғанынымен мақтана аламыз.

Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына 2-4 сыныптардан 16 оқушы қатыстырылды. Нәтижелі 1-орынды-5 оқушы,2-орынды 6 оқушы,3-орынды 5 оқушы бағындырды.

Математика – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Математика пәні үздіксіз берілуде.Оның дәлелі деп балалардың олимпиадалар жетістіктерін алға тарта аламыз.Қазан айында «Daryn.asia» -халықаралық байқауына әр сыныптан 5 оқушыдан қатысып, «Үздік» деп танылды.

Бастауыш сыныптарда 21.02-25.02 аралығында «Әлем математика тілімен бейнеленген» атты апталық өтті.Апталықтың алғашқы күні аниматор шақырылып,өте көңілді күйде ашылды.Апталықтың өн бойында бүкіл дерлік сынып оқушылары қамтылды.1-сыныптар «математикалық ойындар эстафетасы» арқылы оқушыларды математикаға қызығушылығын арттырды.

«Кішкентай Энштейн» сайысы сейсенбі күні 3-сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс 3 турдан тұрды.Соңғы тур тартысты болды.Дегенмен үздік анықталып, «Кішкентай Энштейн» атанды.Апталықта оқушылар үзіліс уақытын да бос өткізбеді.Дойбы, Кубик-рубик,Tik-tac-toe ойындарын ойната отырып, балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыта түстік.

2-сынып оқушылары арасында « INTELLECTUAL – 23 » математикалық достық сабағы өтілді. Сабақ оқушылардың бірлесе,ақылдаса тапсырмалар орындап,қызықты ойынға ұласты.Сонымен бірге ұлттық валюта жайлы түсінік беріліп,топтар арасында сауда жасалып,өзара диологтар болды.Үздік топтар сабақ соңында марапатталды.

6ә сыныбында «Не? қашан? қайда?» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыс тартысты өтті.Апталықтың соңы жобалар байқауы арқылы қорытылды. Оқушылар жасаған жобаларын қорғап, ерекше назарды аударды, және марапатталды. «Пирамида» жобасына бүкіл сынып оқушылары атсалысып, керемет болып шықты.Апталық саптық жиында марапаттаулармен аяқталды.

Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де үнемі ізденіс пен даму , алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
19.07.2023
1170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі