400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптардың сабақтарында пайдаланылатын білім беру технологияларының тиімділігі және жүзеге асыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталмыш мақалада бастауыш снсптардың сабақтарында пайдаланылатын білім беру технологияларын тиімді жүзеге асыру жолдары жайында қарастырылған. «Технология», «Педагогикалық технология» терминдеріне анықтама беріліп, бастауыш сыныптарда пайдаланылатын білім беру технологияларының тізімі беріліп, технологиялардың маңызы мен тиімділігіне назар аударылған. Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясының, ұжымдық оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиялары сипатталып, технологияларды жүргізу барысы көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптардың сабақтарында пайдаланылатын білім беру технологияларының тиімділігі және жүзеге асыру жолдары

Аннотация

Аталмыш мақалада бастауыш сыныптардың сабақтарында пайдаланылатын білім беру технологияларын тиімді жүзеге асыру жолдары жайында қарастырылған. «Технология», «Педагогикалық технология» терминдеріне анықтама беріліп, бастауыш сыныптарда пайдаланылатын білім беру технологияларының тізімі беріліп, технологиялардың маңызы мен тиімділігіне назар аударылған. Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясының, ұжымдық оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиялары сипатталып, технологияларды жүргізу барысы көрсетілген. 

Кілтті сөздер: Технологиялар, педагогикалық технология, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, ұжымдық оқыту, сын тұрғысынан ойлау.


В статье рассматриваются способы эффективного внедрения образовательных технологий, используемых на уроках начальной школы. Определены термины «Технология», «Педагогическая технология», дан перечень образовательных технологий, используемых в начальной школе, уделено внимание значимости и эффективности технологии. Кроме того, описаны технологии многоуровневого обучения, технологии коллективного обучения, развивающего обучения, обучения критическому мышлению и описан процесс внедрения технологии.

Ключевые слова: технология, педагогическая технология, многоуровневое обучение, развивающее обучение, групповое обучение, критическое мышление.


This article discusses ways to effectively implement educational technologies used in the lessons of primary school. The terms "Technology", "Pedagogical Technology" are defined, a list of educational technologies used in primary school is given, attention is paid to the importance and effectiveness of technology. In addition, the technology of tiered learning, technologies of collective learning, developmental learning, teaching critical thinking are described and the process of technology implementation is described.

Keywords: Technology, pedagogical technology, tiered learning, developmental learning, group learning, critical thinking.


Білім беру технологиясы дегенде бірінші түсіну керек ұғым педагогикалық технологиялар. Оқыту мен білім беру педагогикалық үрдістің сапасын әрдайым арттырып, алға жылжытып отыруды талап етеді. Осы орайда ғылымда және тәжірибеде педагогикалық әдістердің сапасын жоғарылатудың көптеген тәжірибесі жинақталған. Педагогикалық технология сөзінің анықтамасын әр автор өз түсінігі және санасына қалыптасқан көзқарастары бойынша көрсеткен:

- «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеуәдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігіжөніндегіғылымжиынтығы. (В.М. Шепель)

- «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады. (И. П. Волков)

Бастауыш мектепте қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің иновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді[1, 15б.].

Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар иновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Ресей ғалымдары педагогикалық технологиялардың дамудағы сатыларын толық, жан-жақты қарастырып зерттеген. Олар: Ф. А. Фрадкин, Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова.

Педагогикалық технологияның тиімділігі:

1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;

5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады;

6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады;

Бастауыш сынып мұғалімінің басты ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін ұйымдастыруда түрлі жолдар мен жаңа әдіс тәсілдер іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа кіріктіре білу, жалпылай айтқанда "оқу үдерісін дамыту". Осы орайда тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында айтқан "Жиырма бірінші ғасырда білімді дамыта алмаған ел тығырыққа тірелді" деген пікірі еске түседі.
Қазіргі замандағы білім берудің бірден бір мақсаты - тек білім, білік, дағдыларын жоғарылату ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой қабілеттері кең жаңа технологияларды меңгере алатын, қабілетті әрі талантты жас ұрпақ тәрбиелеу. Осындай әрдайым өзін-өзі дамытып отыратын, үнемі өзгеріс, ізденіс үстіндегі баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастырып дамытуда мұғалімнің ықпалы ерекше. Осы орайда мұғалімнің жаңа технологиялармен жұмыс істеп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін әр мұғалім өз білім алушы оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің икеміне қарай таңдап алады. Жаңа технологияларды іске асыруда мұғалімнің белсенділік деңгейі, шығармашылық ізленісі, өз ісіне, мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерін бағалауы ерекше орыналады. Оқушының тұлғалық дамуында, қабілеттерінің артуында жаңа технологиялардың алар орны ерекше және заманауи білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Сол себепті ұстаздар осы жаңа техгология элементтерін өз тәжірибелерінде көптеп қолданып жүр [2, 116б.].

Бүгінгі таңда жаңа технологиялар өз қолдауын тауып, оқу үрдісінде кеңінен қолдануда. Жаңа технологияларды сабақта қолдануының тиімділігі мол, бірақ ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін, олардың мүмкіндіктерін, сабақ алдына қойған мақсаттарын ескере отырып, тақырыпқа байланысты керекті, лайықты технологияны қолдануы керек.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық технологияларды енгізу 4 кезеңнен тұрады:

1. Жаңа идеяны іздеу;

2. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

3. Жаңалықтарды енгізу;

4. Жаңалықтарды бекіту.

II. Инновациялық технологиялардың түрлері:

1.Деңгейлеп оқыту технологиясы.

2. Проблемалық оқыту технологиясы.

3. Ұжымдық оқыту технологиясы.

4. Дамыта оқыту технологиясы.

5. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

6. Ойын технологиясы.

7.Интерактивті қолдану технологиясы.

8. Сатылай комплексті талдап оқыту.

9. Жобалау технологиясы.

10. Саралап оқыту технологиясы.

11. Модульдік оқыту технологиясы [3, 89б.].

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – жан-жақты білімді, дамыған тұлғаны қалыптастыру, бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.

Проблемалық оқыту.

Проблемалық оқыту дегеніміз – мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдайлар туғызу, оны оқушының шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылдығын, білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіру.

Проблемалық оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ойланбай алған білім дарымайды. Дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың алдына мақсат қойып, нәтижеге жетуге жетелейді. Әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.

Ұжымдық оқыту технологиясы.

Келесі жиі қолданылатын технологияның бірі ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.

Оған мынадай басты талаптар қойылады:

  • әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегі пайдаға жарау қажет;

  • өзінің еңбегін және басқаның еңбегіне жауапкершілікпен қарау;

  • өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;

  • түсінбегенің түсіндіріп, көмектесуі керек.

Оқытудың ерекшелігі: жекелей оқыту, жұптап оқыту, ұжымдық оқыту.

Дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты жеке тұлғаны өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқара алатын деңгейге жету және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақта дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға, өзіндік жұмыс жасауға, білік дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулимыз. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу-іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді[4, 37б.].

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, мұғалімнің бағыттаумен оқушының өз бетінше білімді игеру. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Бұл технология 3 сатыдан тұрады:

а) Қызығушылықты ояту

ә) Мағынаны тану:

б) Ой толғаныс

Бұл технология балаларды бірін – бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемейтін балалар, сабаққа қызу араласып кетеді, ойын ашық айтып, еркін жеткізеді.

Ойын технологиясы.

Ойын технологиясы – бұл түрлі ойындар арқылы оқушының ынтасын, көңілін көтеру, сабақты жандандыру, оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттырудың жолы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың орны ерекше.

Тіл үйренудегі ойынның мақсаты:

  • ойын арқылы оқушылардың білім – білік дағдылары қалыптасады;

  • ойнап отырып жаңа білімді меңгереді;

  • танымдық қызметі мен ой - өрісі кеңейеді;

  • оқушының өзіне деген сезімі артады;

  • оқуға деген белсенділігі дамиды;

  • сөйлеу қабілеті жетіледі;

  • көңіл – күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды;

  • сөздік қоры көбейеді сонымен қатар сабақ сапасы жақсарады;

  • тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады.

Интерактивті технологиясы.

1991 жылы дүниежүзінде бірінші рет интерактивті тақта ұсынылатын болған. Ал әлемдік интерактивті технологиялардың ең алғаш кең тараған саласы - білім беру саласы. Ұстаздар қауымы да, оқушылар да жаңа интерактивті технологияларды үдерісінде пайдалану артықшылықтарын өте жоғары бағалады.

Интерактивті тақталарының негізгі артықшылықтары:

1. Тұсаукесер презентациялар, баяндамашының өз баяндамасын толық жеткізуіне мүмкіндік;

2. Оқу материалын көрсету, экран алдында суреттермен қоса жазба мәліметтер бере алу мүмкіндігі;

3. Интерактивті тақтаға жазылған барлық мәліметтерді сақтап, электронды пошта арқылы жіберу мүмкідігі;

4. Интерактивті тақтада берілген оқу материалын жазып алып, бірнеше рет пайдалана алу мүмкіндігі;

5. Тест өткізіп, нәтижесін экранға шығарып оқушылар назарына ұсына аламыз;

6. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында тыңдаушылардың зейін аударуын жақсартады, оқу материалы тез меңгеріледі, нәтижесінде әр тыңдаушының оқу үлгерімі артады. Интерактивті технология – оқушылардың ең сапалы білім алуына бар мүмкіндіктерді жасаумызға жол ашады.

Инновациялық технологиялар нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығы сабақта белсенді қатыстыруға мүмкіндік туғызады.

3. Олардың әрқайсысынның деңгейін анықтай алу.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алу.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6. Оқушыдардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсендігі артады.

7. Өз ойын жеткізуге, жан – жақты ізденуге үйретеді.

8. Тіл байлығын дамытады.

9. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді[5, 23б.].


Қорытынды

21 ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты. Сол мақсатқа жету жолында жас ұрпақты білімді тұлға етіп дамытудыңең негізгі жолы жаңа технологиялармен білімді қалыптастыру. Білім беру технологияларын тиімді жүзеге асыру жолдарын қолдана тәрбиеленген, біліммен сусындаған бала болашаққа сенімді қадам баса алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иманбекова Б., Әбдіреймова К, «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл.

2.№4-2008 жыл Ж. Садыбекова «Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялы   технологияны қолдану қажеттілігі»

3.«Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл)

4.Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006. - №5.

5.Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері / К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі