400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бастауыш сыныптарға арналған психологиялық түзету-дамыту сабақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия педагог-психологы:

Бекжігітова Айнұр Оразбекқызы

Жоғары санатты педагог-психолог



Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеті бойынша

психологиялық түзету-дамыту жұмыстары және психологиялық тренингтер.

Американдық ғалым Д.Рубин әртүрлі санамақтардың балалардың ойлауын, сөйлеуін, есептей білу қабілетін жетілдірудегі маңызын айрықша атап көрсеткен. Оның өлшемін, ырғағын зерттей отырып, бала психологиясына әсерін аңғарды. Санамақты көп айтатын баланың суырып салмалық шеберлігі дамып отырған. Мінез-құлқына да қайсарлық, өжеттік бітіп, көшбасшыға тән қасиеттер байқалған. Демек , бастауыш сыныптағы кейбір оқушылардың бойынан жасықтық, жасқаншақтық байқалған болса, осы санамақтың түрлерін жаттату арқылы сол кемшіліктерден арылтуға мүмкіндік бар деген сөз.

«Шынашақ»

Әке сөзін еске алам:

«Бес саусағым-бес балам.

Бас бармағым үлкен ұл,

Балаң үйрек-гүл-қызым,

Ақылы мол шыжығым.

Ортан терек-ортаншы ұл,

Ойында, істе –ортақшыл.

Шылдыр шүмек-салган дау,

Кіші қызым шолжаңдау

Титтей бөбек-шынашақ

Кенже балам -болашақ»

Қазіргі кезде оқушылардың басым көпшілігі математика пәніне құлықсыз болуы, мұның бәрі кішкентай кезінде ата-анасының санамақ үйретіп, санға, есепке қызығушылығын оятпауынан туындайтын мәселе.

Бала бойындағы зейін қою қабілеті неғұрлым жақсы дамыған болса , солғұрлым баланың есте сақтау қабілеті мен ойлау әрекетінің жақсы дамып отыратынына мамандар арнайы тәжірибе жасап келуде.



«Сан өлеңдер»

Ә7ңе жараса ал, бүгінгі, 1те-1те 7лем деп,

Ш2мелеген сандығымды. Ойнасайшы 7ген көп.

Шаншылған 1 таяққа, 1000ғыртып мал айдап,

Жабысқан 40 аяқ па? Жы1000дап тұр Байтақ.

Желмаяның ж50і, 6н күн сөн5ін,

Бабына әбден к50і. Қара бұлт төн5ін.

Зерттеулер барысында бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызы мәнерлеп оқи алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте олардың арасында «р» және «л» дыбыстарын, сонымен бірге кейбір әріптерді бір-бірімен шатастырып айтатындары кездеседі. Бұл мәселені дер кезінде қолға алмаса кейінерек құтылу қиынға соғып жатады. Осы кезде балаға жаңылтпаш жаттатқызудың көп көмегі тиеді.

«Жаңылтпаштар»

Сылдырмақ сылдырлады, Үш кіші ішік піштім,

Сәби былдырлады. Бес кіші ішік піштім,-

Сылдырмақ сылдырласа, Неше кіші ішік піштім?

Сәби былдырлай ма?

Сылдырмақты сындырмай ма?



Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг – жаттығулар


Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар.
1. Сәлемдесу
2 «Өрмекші торы» жаттығуы
3. «Ақ парақ» жаттығуы
4. «Жартастан өту» жаттығуы
5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
6.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

1. Сәлемдесу
Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып өту. Мысалы: Менің атым – Шыңғыс. Мен сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы көрем.

2.«Өрмекші торы» оқушылармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына керек емес қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жиып шығады.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескертпе, сындарды түзете білейік.

3.«Ақ парақ» жаттығуы
Мақсаты: ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау.
Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.
Нұсқау: берілген ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды немесе аңыздарды айтуға болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру керек.

Кері байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ тескен кезде қандай ойда болдыңыз?

4. «Жартастан өту» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым - қатынасын бақылау.
Нұсқау: Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады. Олар жартастар болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды, деген нұсқау беріледі.

Кері байланыс: Жартастан өту қиын болды ма?
Достарың жартас болып көмектеспей тұрғанда қандай күйде болдыңыздар?
Көмек көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар?

5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.
Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір, екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару.

Кері байланыс: Не сезіндіңіздер?
Не байқай алдыңыздар?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
3460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі